Сабақтың мақсаттары: Білімділік: оқушыларға шалбар түрлерін, сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру



жүктеу 28.71 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі28.71 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Шалбар түрлері. Ұсыныс
Сабақтың мақсаттары:


Білімділік: оқушыларға шалбар түрлерін, сән журналынан модель таңдау туралы түсінік беру;
Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту;
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке, сұлулыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: сән журналдары, см таспа, буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: сызу, алгебра

Сабақтың түрі:

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды журналдағы тізім бойынша түгендеу.

Сабаққа дайындықтарын тексеру (арнайы киім, дәптер)

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.


2 Өткенді қайталау:Сән дегеніміз не ? Пішімді алу дегеніміз не? Бұйымды қалай таңдап алуға болады?

3 Жаңа материалды түсіндіру:

ІІ.Үйтапсырмасын тексеру.
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары ата.
2. Жұмыс басталардың алдындағы қауіпсіздік техникасы ата.
3. Киім пропорциясы туралы айтыңдар.
4. Мезоморфты типке сипаттама беріңдер.
5. Киімнің пропорцияналды болуының негізгі ережелерің атаңдар.
6. Метрика дегеніміз не?
7. Композиция дегеніміз не?
8. Түстер үйлемісділігі туралы не білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Шалбар деп белді, аяқты жеке жауып тұратын киімді айтады.
Қазіргі шалбарлар пішіні мен пішіміне қарай әртүрлі. Олар костюм бөлігі немесе жеке түрде әйелдерге және ерлерге арналған киім болып келеді.
Еніне қарай қазіргі шалбарлар әртүрлі болуы мүмкін: жеке бөліктері немесе ұзына бойы кеңейтілген немесе керісінше ұзына бойына тарылған. Шалбарлардың балақ жағы кеңейтілген «күліш», орта жағы кеңейтілгенін «банан», ұзына бойына кеңейтілгенін «шаровар» деп атайды. Шаровардың белі мен балағындағы артық енін резеңкемен жинақтап қояды. Сонымен қатар белдемше - шалбар тігеді. Оның ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін, артық енін шалбардың алдыңғы және артқы бөлігіндегі орта тігісті бойлай қатпар етіп салады.
Шалбарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді.
Классикалық шалбар – мұқият салынған қыры бар түзу ұзын шалбар (19 - сурет). Онсыз іскерлік костюмді елестету мүмкін емес.
Сыбызғы шалбарлар – дене пішінін қайталайтын ұзын, тар шалбарлар. Әйелдер және ерлер киімінің соңғы сән үлгілерінде сыбызғы шалбарлар қайтадан үздік орынға ие бола бастады.
Күліш шалбар – балақ жағы кеңейтілген ұзын шалбар (20 - сурет). Бұл шалбардың екі түрі бар: тізеден бастап күліш және саннан бастап күліш. Шалбардың бұл түрін ХХ ғасырдың 70 - жылдары әйелдер мен ерлер киген. Қазір олар тек әйелдердің сәнді киім коллекцияларында.
Джинса – саржалық өрімі бар тығыз мақта матадан тігілген шалбар.
Капри – ұзындығы балтырдың ортасына дейін келетін тар шалбар (21 - сурет). Оның авторы – дизайнер Соня де Леннарт. Ал аты алғаш рет көпшілікке көрсетілген Капри аралына байланысты.
Бриджи. Бұл шалбардың ұзындығы көбіне тізеге дейін жетеді, алайда кейде одан аздап төменірек те болады. Шалбардың төменгі жақ жиегінде резеңке немесе манжет болуы мүмкін. Бриджидің мықын тұсы тар немесе керісінше кең болады.
4 Көрнекілікпен жұмыс: кестемен жұмыс

5 Оқулықпен жүмыс: журналдардан шалбар түрлерін таңдау, шалбар сызбасымен танысу.

6 Сабақты бекіту және бағалау: Үй тапсырмасы мен жаңа тақырып бойынша берілген тапсырмаларды толық орындаған балаларға баға қою.

7 Үйге тапсырма беру: 17, 66-67 бет

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет