Сабақтың өтілу барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі Ойын: «Кім шапшаң?»



жүктеу 16.17 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі16.17 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:Бөрте лақ.Ботақан.Құлыншағым.Қарсы мәндес сөздер туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың мақсаты:а/оқушыларды өлеңдерді мәнерлеп,түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру,қарсы мәндес сөздер туралы білімін тиянақтау,нақтылау;

ә/оқушылардың сөздік қорын,байланыстырып сөйлеуін дамыту;

б/оқушылардың төрт түлікке деген сүйіспеншіліктерін ояту,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты:оқушыларға бегілі бір сөздер тізбегі беріледі.Ұсынылған сөздерге оқушылар қарсы мәндегі сөздерді айтуы шарт.Тез әрі дұрыс жауап бергендерге бір фишка беріледі.Ойын аяғында фишкалар есебінен жүлдегерлер тағайындалады.

Ұсынылатын сөздер:жарық,таза,үлкен,ақ.т.б.

Ескерту:тапсырмаларды қиындату мақсатында оқушыларға тұтас сөйлемдер берілу мүмкін.Мысалы:еңбекқор бала ерте тұрады. т.с.с

ІІ.Жаңа сабақ.

179-жаттығу.

1.Төлдер жайында кіріспе әңгіме жүргізу.

2.мұғалімнің өлеңдерді мәнерлеп оқуы.

3.Өлеңді оқушылардың тізбектей оқуы.

4.Сөздік жұмыс: секектеме-секірме

деміңді ал-тынық

5.Оқушылармен мұғалімнің өлеңнің мағынасын талдауы.

6.Грамматикалық тапсырмалар орындалады.

Сергіту сәті.

180-жаттығу

1.Берілген жұмбақ оқылады.

2.Шешуін табуы шарт.Көмекші ретінде синоним сөздер,суреттер ұсынылады.

3.Жаттығуға берілген грамматикалық тапсырмалар орындалады.

181-жаттығу.

1.жаттығуда берілген /Қымыран/ жайында мұғалімнің түсіндірме әңгімесі.

2.Өлеңді хормен оқу.

3.Сөздікпен жұмыс:сырбаз қымыран-түйе сүтінен жасалған сусын,шұбат.

4.Оқушылардың өлеңді оқуы.

5.Грамматикалық тапсырмаларды орындау

ІІІ.Қорытындылау.

Терме диктанты.оқушыларға ұсынылған сөйлемдер ішінен қарсы мәндес сөздерді бөліп жазу ұсынылады.

Бөлмелерін тар екен.Біздің бөлме кең.айгүл ақ кофта киіп келді.Мен қара сөмке алдым.біздің бөлме жарық.Мұнда қараңғы екен.



ІҮ.Бағалау.

Ү.Үйге тапсырма.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет