Сабақтың өткізу мерзімі: 12. 12. 2017ж Сабақтың тақырыбы : Ескі өлшемдер



жүктеу 31.33 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі31.33 Kb.
түріСабақ

Қызықты грамматика

Сыныбы: 2 сынып

Мұғалім: Туленова Жанна Даукеновна
Сабақтың өткізу мерзімі: 12.12.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Ескі өлшемдер

Сабақтың мақсаты: Байырғы қазақ өлшемдерінің мағынасын ашу

Міндеттері:

  1. Түрлі қажеттілікке байланысты қалыптасқан өлшем бірліктер туралы мағлұмат беру;

  2. Сөз тіркестері арқылы берілген ескі өлшемдердің қазіргі уақыттағы қолданысын анықтау;

  3. Оқушыларға халқымыздың салт-дәстүрін, тарихымызды дәріптей отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Ширату

Амалдарды орындай отырып, жасырын сөзді тап

КӨЛ + ШЕГЕ – КЕ + МОЛ – ГОЛ = ӨЛШЕМ


  • Ендеше бүгінгі тақырыбымыз өлшем болмақ. Жалпы қазақтың ескі өлшемдері туралы сөз қозғаймыз.


ІІІ. Жадыңа сақта!

Ескі өлшемдер

Шақырым деген немене? Шөкім деген немене?

Дауыс жетер аралық Үш саусақпен шымшы

Шақырым деп аталған. Қанша іліксе, шөкім – сол.
Қарыс деген немене? Сүйем деген немене?

Бір сызықтың бойында Бір сызықтың бойында

Бармақ пен ортан саусақты Созсаң сұқ қол, бармақты –

Созсаң өлшей қоюға – Сүйем деген сол екен.

Қарыс деген осы екен. М.Әлімбай
Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Мысалы, «бір қыдыру жер», «түстік жер», «айшылық жер» деген сөз тіркестері қашықтықты білдіреді. Шығыс халықтарының көбісінде ең кіші салмақ өлшеміне арпа дәні алынған. Кейбір жазба әдебиеттерде сақталған мәліметтер бойынша арпа дәні алтын мен асыл тастардың салмағына теңеуге арналған қазыналық өлшем ретінде қолданылған. Оған қарағанда бір арпа дәні шамамен 45мг болған. Басқа жерде осы арпа дәні ұзындық өлшемі ретінде де пайдаланылған. Ал арпаның алты дәнінің еніне тең өлшем бармақ деп аталған.

Заманында ата-бабаларымыздың кеңінен қолданған «қолдың қары» өлшемі ағылшын «ярдымен» шамалас. Ал Ресейде 17-20 ғасырларда қолданылып келген ағылшын футы (foot - табан) байырғы қазақ өлшемі «табанға» жуықтау келеді. Сондай-ақ ағылшынның дюйм (голландша – үлкен саусақ) өлшемі қазақ халқының байырғы «бармақ» өлшеміне сәйкес келеді. Орыстың «верстасы» мен қазақтың «шақырымы», орыстың «долясы» мен қазақтың «мысқалы», сондай-ақ ағылшынның «фунты» мен қазақтың «қадағы» шығу төркіні, атқаратын қызметі жағынан төркіндес, тектес деуге әбден болады.


Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық (шамамен 19-20см) бірлігі.

Сүйем – кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең (шамамен 17-18см).

Елі – сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2см).

Буын – ортаңғы саусақтың ұшына оның ортаңғы буынына дейінгі аралық (5-6см).

Қадам – адамның бір адымына тең (60-70см)

Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасы.

Табақ – шамамен 12 орыс фунтына тең салмақ бірлігі (11,7-12кг).

Қадақ – ертедегі шығыс елдерінің көбісінде қолданылған салмақ бірлігі. Ол Еуропада кең тараған фунт өлшеміне сәйкес келеді.

Мысқал – Шығыс елдерінде кең тараған салмақ бірлігі. Мысқал араб елдерінде, Үндістанда, Шығыс Африкада, Орта Азия мен Қазақстанда қазыналық өлшем ретінде пайдаланылған. Мысқал 4,31г-ға тең болған.
IV. Қорытынды

  • Сонымен, қазақтың байырғы өлшемдері уақыт, салмақ, ұзындықты өлшеуде қолданылған екен.

  • Қазіргі айтылатын сөз тіркестерін өздерің қалай түсінсеңдер, сол анықтаманы жазасыңдар.




«Сүт пісірім уақыт» -




«Ат шаптырым жер» -




«Ала жаздай» -




«Айшылық жер» -




«Шамамен»





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет