Сабақтың т ақырыбы: к артоп отырғызу үшін мта ны жұмысқа ә зірлеу



жүктеу 43.28 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі43.28 Kb.
түріСабақ

Күні:
Тақырып: МТАны жұмысқа әзірлеу.
Сабақтың тақырыбы: Картоп отырғызу үшін МТАны жұмысқа әзірлеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың трактор басқару дағдыларын және шеберліктерін қалыптастыру, білім «көрсеткішін жоғарылату. Бастапқы пікірлеу қабілетін тиянақтау. Оқушыларға картоп отырғызу үшін МТАны жұмысқа дайындау әдістерін үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар жинақталымы, жанармай құю жабдықтары жинақталымы

Өндірістік жұмыстары өтетін оқу объекті: Техникалық қызмет көрсету орны.

Сабақтың барысы мен мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Оқушыларды түгелдеу.

  2. Сыртқы көрінісін байқау

  3. Сабақ тақырыбын мақсатын және өтетін жерін жариялау.


Арнайы технологиядан сұрақтар:


  1. Суыту жүйесі қандай қызмет атқарады ?

  2. Қозғалтқыш бөлшектерін атаңыз.

  3. Майлау жүйесі қандай қызмет атқарады ?

  4. Іске қосқыш қозғауш. Бөлшектері?


Кіріс нұсқауы:
Алдағы сабақтың мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

І. МТЗ-80 тракторын дайындау үшін алдымен тракторға ЕТО өткізу.

  1. Бақылау құралдарын, жарық және сигнализация құралдарын жұмысын тексеру.

  2. Тракторды шаң мен ластан тазалау.

  3. Жанармай, май, электролит, су ағып жатқан жоқ па, соны тексеру, қажет болса ақауларды жою.

  4. Май деңгейін тексеру, қажет болса қозғалтқыш картеріне май құю.

  5. Трактор бакына тазаланған жанармай құю.

  6. Радиатордағыа су деңгейін тексеру және қажет болса су құю.


ІІ. СН 4Б картоп отқызғышын жұмысқа әзірлеу үшін алдымен ЕТО өткізу.

  1. Картоп отқызғышты жұмысқа даярлау.

  2. Бекіткішті тексеру және тарту

  3. Солидолмен сылау.

Сабақтың мақсатын ашу. Оқушылардың теориялық сабақтарда алған білімін анықтау үшін сұхбат өткізу. Тапсырманың орындалу тәртібі және жұмыс реттілігін инструкциялық карта бойынша түсіндіру. Берілген тапсырманы орындау кезіндегі техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалық беру. Оқушыларға керек-жарақтарды мен оқу техникалық құжаттарды таратып беру және жұмыс орындарына орналастыру.


Бекемдеу үшін сұрақтар:

Техникалық қызмет көрсетуде қауіпсіздік шаралары.



Оқушыларға іс-тәжірибелік тапсырма және өзіндік жұмыстары беру

Ағымдағы нұсқау:
1-айналым: МТЗ-80 тракторына ЕТО өткізу.

2-айналым: СН-4Б картоп отқызғышқа ЕТО өткізу.

3-айналым: Техника қауіпсіздігі ережелерін орындалуын қадағалау.

4-айналым: Картоп отқызғышты тракторға тіркеу.
Жұмыс орнын тазалау.

Картоп отқызғышты шаң мен ластан тазалау және тұрақ орнына қою.


Қорытынды нұсқау.
Тапсырманы орындауда оң тараптарды атап өту. Жақсы және нашар тараптарына талдау жасау. Оқушылардың жіберген кемшіліктерін талдап шығу және оларды жою әдістерін түсіндіру. Оқушылардың бағаларын жариялау және оларды дәлелдеу. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
Үйге тапырма. «Ауылшаруашылық машиналары» кітабынан оқып келу
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ю. И. Воронов. Л. И. Коволёв. А. И. Устинов.

«Сельскохозяйственные машины»

2. «Колёсные тракторы»

Ө/о шебері: Искандаров Х.

Тематик жоспар бойынша осы жаттығуға әрбір оқушы ншін бір сағаттан уақыт ажыратылады. ДТ-5 таза, жинақталған, жұмысқа жарамды жәкне барлық еңбек қауіпсіздігі шараларына толығымен жауап беруі керек. Жаттығуды бастаудан алдын ө/о шебері оқушылардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі іс-шараларын сақтауына назар аудару.

Оқушылар жұмыс бастаудан алдын ауысым сайынғы техник қызмет көрсету керектігін, яғни, ДТ-75 М тракторын тазалау, бақылау өлшеу аспаптарын жұмысын тексеру, басқару механизмдерінде май, жанармай және суыту сұйықтығы ақпауын қамтамасыз ету қажеттігін ө/о шебері ескерту керек. Қозғалтқыш картеріндегі майдің деңгейін тексеру, суыту сұйықтығы деңгейін тексеру, қажет етсе еселеу.

Алдымен ө/о шебері оқушыларға қозғалтқышты іске қосуға дайындаудағы комплекстік әдістерін көрсету, кейін ДТ – 75 М қозғалтқышын іске қосу. Қозғалтқыты іске қосуда берілістерді ауыстырып-қосқыш иінтірегінің қалыпын тексеру, Ол бейтарап қалыпта болуы тиіс. Негізгі және іске қосқыш қозғалтқыштың жанармай бактарының шүмегін ашу. Қозғалтқыштың қоректену жүйесіндегі ауаны қолмен жанармай тарту насосы арқылы тартып шығару. Жанармай беру иінтірегін ең шеткі қалыпқа орнату. Үйкелме жалғастырғышты өшіру және Сермер шіріндегі тартпа тегершігін ілінісуін еңгізу. Іске қосу бауының түйінін салу және оны сермерге сағат стрелкасы бойлап орау, баудың екінші жағын қолынызда ұстаныз. Баудың екінші жағын өзіңізге жұлқи тартыңыз – іске қосу қозғалтқышы істеп кетуі керек.

Іске қосу қозғалтқышы оталғаннан соң карбюратордың ауа жапқышын ашыңыз және дроссель жапқышын ашып реттей отырып, иінді білікті кіші айналыста іске қосу қозғартқышын қыздырыңыз. Кейін қалыпты жиілікте айналысты орнатыңыз.

Беріліс механизмінің үйкелме жалғастырғышын бірқалыпты қосу, тетікті тоқтап қалғанға дейін бұру.



Іске қосу қозғалтқышы дизелін 15 минутқа дейін азайту рұқсат етілмейді. 2 – 3 минутқа дейін кіші орта жиілік айналыста дизелді реттелуіне мүмкіндік беріңіз, содан кейін атаулы жиілікке өткізіңіз.

Көпшілік оқу орындарында, әсіресе оқу полигоны жоқ оқу корпустарында, жүргізу жаттығуына өндірістік оқыту шебері екі оқушыны екі сағатқа теориялық сабақтан босатып алады. Сонымен бірге сабақтың ұйымдастырушы кезеңін нұсқамалық өту үшін қысқартады. Сонымен іске қозғалтқышты іске қосуға және ДТ – 75 М ды жүргізуге, іске қосу тәсілдеріне уақыт көбейеді. Бір оқушы қозғалтқышты жұмысқа дайындайды, ал екіншісі бұл уақытта осы операцияларды дұрыс орындалып жатқанын күзетіп отырады, кейін олар бір-бірімен ауысады. Сабақ аяқталғаннан кейін ө/о шебері топ журналына бір-біреуден қозғалтқышты оталдыру тәртібін жазады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет