Сабақтың тақырыбы:: § 41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері Сабатың мақсаты: : Білімділік



жүктеу 52.47 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі52.47 Kb.
түріСабақ

Мұнайлы ауданы

№ 1 орта мектеп


Тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері



Өткізген: Ермекбаева Р.С


Сыныбы: 8 «В»
2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:: §41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері

Сабатың мақсаты: :

Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты адам денесінің үлгісі, слайд

Сабақтың барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгелдеп, 3 топқа бөлу. Артерия, вена, капилляр



ІІ Үй тапсырманы тексеру

«Сіз бізді білесің бе?» Артерия, вена, капилляр туралы түсінік беру

Алғашқы көмек көрсету



1 топ. Жарақаттанған адамның оң жақ иығынан қатты қан кетіп жатыр, қанның түсі алқызыл. Қан кету түрін анықтап оны тоқтату жолын айтыңыздар.

2 топ. Қан баяу ағады, Бұл қан кетуді тоқтату оңай. Бұл қан кетудің қай түрі? Алғашқы көмекті қалай көрсетесіңдер?

3 топ. Баланың сол қолы жарақаттанған. Жарақаттан қан атқылап ағып жатыр. Бұл қай қан кету және оған алғашқы көмек көрсет.

«Шынықсаң шымыр боларсың»

ШАРТЫ:

Артериялық қан кету болса – сол қол көтеру.

Веналық қан кету болса – оң қол көтеру.

Капиллярлық қан кету болса – екі қолды көтеру.



  • Ал қызыл қан ағады

  • Қою қызыл түсті қан ағады

  • Қан атқылап ағады

  • Жараның жоғары бетінен қан ағады

  • Терінің беткі қабаты жарақаттанса

Биологиялық сөздік: Донор, Реципиент, Жүрек, Эритроцит, Миокард, Қайналым шеңберлері,

«Сандар сыры неде?» 5 л, 60-70 рет, 250-300 гр, 2 сағ, 120/80 , 3.
ІІІ Жаңа сабақ

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.

Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут та тіршілік ете алмайды.

Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады (67-сурет). Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды.

 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.

 

 

67-сурет. Тынысалу жүйесі:

1 – мұрын қуысы; 2 – жұтқыншақ; 3 – көмекей қақпақшасы (бөбешігі); 4 – көмекей; 5 – кеңірдек; 6 – оң жақ өкпе; 7 – бронхылар; 8 – сол жақ өкпе; 9 – қабырғааралық бұлшықеттер; 10 – кеңірдектің жартылай шеміршекті сақиналары; 11 – қабырға; 12 – көкет

 

Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.



Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

 Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше (68-сурет). Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы (грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.

 

      

 

68-сурет. Тынысалу жолдары. Өкпе мен бронхылардың құрылысы:

1 – мұрын қуысы; 2 – кеңірдек; 3 – оң жақ және сол жақ өкпе; 4 – бронхылар; 5 – көмекей; 6 – бронхиолалар мен өкпе көпіршіктері; 7 – өкпе көпіршігінің құрылысы; 8 – қантамырлар; 9 – өкпе көпіршіктері; 10 – жарып көрсетілген өкпе көпіршіктері; 11 – көпіршіктердегі капиллярлар торы



ІV Дәптермен жұмыс Сәйкестігін анықтаңдар

V Бекіту

  • Іші қуыс түтік, мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан тыныс алу мүшесі?

  • Кеңірдектің ұзіндығы ?

  • Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан?

  • Ер адамдарда көмей ұзындығы?

  • Кеңірдек ұзындығы?

  • Альвеола қабырғасы неше қабатты эпителийден тұрады?


VІ Қорытындылау

VІІ Үйге тапсырма §41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері

VІІІ Бағалау


Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> 1. Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік
uploaded files -> Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»
uploaded files -> Сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: «Иықты киімдер, оның түрлері»
uploaded files -> Мамандыќќа баулу курсы
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау
uploaded files -> Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»
uploaded files -> Сабақ түрі: лекция сабақ Сабақ типі: аралас сабақ Технология: деңгейлеп саралап оқыту


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет