Сабақтың тақырыбы : Аңдар әлемінде Сабақтың мақсаты: Білімділігі



жүктеу 153.21 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі153.21 Kb.
түріСабақ

Ашық сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы: Аңдар әлемінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың таным дүниесін кеңейту. Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейтіп, емес шылауын және фонетикалық талдауды бекіту.

Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, тіл мәдениетін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасап үйренуге баулу. Жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың типі: актуализация

Сабақтың технологиялары: интерактивті, ойын, деңгейлеп оқыту технологиясы.

Көрнекіліктері: суреттер, сызбала, таратпа материалдар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

А) амандасу

Сәлеметсіңдер ме, балалар, отырыңдар.

Сыныпта кім кезекші?

Ә) кезекші сөзі

(кезекшінің сөзі)



Б) сабақтың тақырыбы

Балалар, мұқият тыңдайық. (аңдардың дыбыстары қойылады.) Сабағымыздың тақырыбын табыңдар.

Аңдар.

Дұрыс сабағымыздың тақырыбы Аңдар әлемінде



В) сабақтың мақсаты

Сабағымыздың мақсаты:

Сабақта лексикалық тақырып аңдарды, фонетикалық талдау, емес шылауын қайталаймыз. Аңдарға байланысты жаңа сөздермен, Қызыл кітапқа енген жануарлармен танысамыз.

Г) сабақтың жоспары

Балалар біз бүгін сабақта саяхатқа шығамыз. Саяхатта біз бірнеше бекеттерге тоқтаймыз. Мынау біздің саяхатымыздың картасы. Саяхат сабағымыздың дәптері де ерекше. Дәптерімізді ашып қояйық. Сонымен қатар саяхатымызда әр жауаптарың үшін жетон алатын боласыңдар.



ІІ Жаңа сабақ

а)фонетикалық жаттығу

Балалар назарымызды тақтаға аударайық. Мультфильм көреміз (мультфильм көрсетіледі)

Мультфильмнен қандай аңдарды көрдіңдер?

Қоян


Тиін

Аю

Түлкі



Кірпі

Қасқыр


Жолбарыс

Дәптеріміздегі бірінші тапсырманы орындаймыз.




Аты

Қандай?

Не істейді ?

Қоян







Түлкі







Аю







Тиін







Кірпі







Қасқыр







Жолбарыс







Қоян секіреді. Түлкі жүгіреді. Аю ақырады. Тиін секіреді. Кірпі жүреді. Қасқыр ұлиды. Жолбарыс ұлиды. Енді хормен қайталаймыз.

Өте жақсы. Бұл тапсырманы орындағандааң атауларын есте сақтадық,аңдардың қандай және не істейтінін еске түсірдік.

Саяхатымызды бастаймыз.Саяхатқа пойызбен барамыз.

1қатар -1-ші вагонға отырады.

2қатар -2-ші вагонға отырады.

3қатар -3-ші вагонға отырады.

Кеттік. (жаңылтпаш айту пыш -пу)

Бөп-бөп, пыш-пу

Мен-ең күшті

Менен күшті

Кім бар? Пыш-пу

Бөө -бө-бө!

Бө-ге –ме.

ә) Фонетикалық талдауды қайталау

Келдік. Құрметті жолаушылар пойыз «Фонетика» бекетіне келіп тоқтады. Тақтаға қарайық. Мына кестеде берілген буындар арқылы сөздер құрайсыңдар.



БА

ҚО

ТИ

ҚАС

КІР

ҚЫР

А

РЫС

ІН

Ю

ЯН

ПІ

Қандай сөздер шықты?

Барыс , кірпі, қоян, қасқыр, аю, тиін.

Бірінші вагонның тапсырмасы.

1 вагон қасқыр сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Екінші вагонның тапсырмасы.

2 вагон түлкі сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Үшінші вагонның тапсырмасы

3 вагон тиін сөзіне фонетикалық талдау жасайды.

Отырған оқушылар дәптерде орындайды. Тақтаға қарап тексереді. әр оқушыға жетон беріледі.

Жуан дауысты дыбыстар: а,о,ы,ұ,(у)

Жіңішке дауысты дыбыстарды атаңдар.

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә,і,е,и,ө, ү.

Қатаң дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: п,с,т,ш,щ,к,қ,х,ц.

Ұяң дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з

Үнді дауыссыз дыбыстарды атаңдар.

Үнді дауыссыз дыбыстар: м,н,ң,р,л,у,й

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Біз жолда шаршадық ән айтайық.айналаға қараңдаршы айналамыз жап – жасыл тоғай, ну орман. Ендеше тоғай әнін айтып жіберейікші. Бұл әндібіз бұрыннан бері айтып жүрміз, қазір жәй ғана айтып қоймай, мен сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексеремін.

Өлеңді айтқанда көк тоғай, торғай, отырып сөздерін қозғалып қимылмен көрсетесіңдер.

Тоғай, тоғай, көк тоғай,

Көк тоғайда көп торғай.

Тоғй іші қапырық,

Демалайық отырып.



б) Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар

Келдік. Құрметті жолаушылар пойыз «Хайуанаттар бағы » бекетіне келіп тоқтады. Тақтаға қарайық. ( хайуанаттар бағы туралы бейнесюжет көру)

Бұл бекеттің тапсырмасы

1 вагон «Хайуанаттар бағында» мәтінін мазмұндайды.

2 вагон «Хайуанаттар бағында»диалогын айтады.

3 вагон бір аң туралы мәлімет айтады.

(оқушылардың жауаптары тыңдалады)

Мәтін бойынша сұрақтар қою.

1. Жандос пен Бауыржан қайда барды?

Жандос пен Бапуыржан хайуанаттар бағына барды.

2. Олар хайуанаттар бағынан нелерді көрді?

3. Хайуанаттар бағында жолбарыс неше кг ет жейді?

Хайуанаттар бағында жолбарыс 8-10 кг ет жейді.

Піл неше жыл өмір сүреді?

Піл 60-70 жыл өмір сүреді.

Сонымен біз диалог айтуға , мәтіннің мазмұнын айтып беруге үйрендік, піл, жолбарыс туралы қосымша мәлімет алдық.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, енді жолда біраз жұмбақтар шешейік.



в) жұмбақтар шешу

1)Орман ішінде үйі, 2) Болмайын деп жазда жем,

Айлы түнде ұлиды жиі Сұрғұлт түс көйлек киген

Торай тартуда тапқыр, Қыста ағарған қай аң?

Таптыңдар ма? Ол – (қасқыр) Білемісің? Ол – ұзын құлақ (қоян)
3) Өзі айлакер, өзі қу, 4) Жазында қаңғиды,

Жүрген жері айқай да шу.(түлкі) Қысында қалғиды. (аю)


5) Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,

Айбатты жан шыдамас үндері бар.

Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,

Кететін зиян қылып бір жері бар. (жолбарыс)



г) шығармашылық жұмыс

Келесі бекетке келдік. Құрметті жолаушылар пойыз «Ертегілер » бекетіне келіп тоқтады.

Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

(Оқушылардың жауабы)

Сыныбымыздың бір топ оқушылары сабақтан кейін қалып, ертегі дайындаған еді. Қуыршақ театры арқылы «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісін көресіңдер.

Ертегіні көріп болғаннан кейін бірнеше сұрақтарға жауап бересіңдер. Сондықтан мұқият тыңдап отырыңдар.(Оқушылар ертегіні сахналайды.)



Ертегі бойынша сұрақтар қою.

1) Ертегі не туралы?

Ертегі аңдар туралы.

2)Ертегіде қандай аңдарды көрдіңдер?

Кірпіні, қоянды, қасқырды, түлкіні, аюды.

3) Қоянның құлағын не тартты?

Қоянның құлағын аю тартты.

Ертегі бойынша сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.

Емес болымсыздық шылауын қайталаймыз. Ол үшін біз келесі тапсырмаларды орындаймыз

1 вагонның тапсырмасы – сұрақтарға жауап береді. Сұраққа емес шылауын қолданып жауап береді.

Қоянға жаңғақ берген қасқыр ма?

Жоқ, қоянға жаңғақ берген қасқыр емес, кірпі.


Қоянға гүл берген аю ма?

Жоқ, қоянға гүл берген аю емес, қасқыр


Қоянға бал береген кірпі ме?

Жоқ, қоянға бал берген кірпі емес, аю.


2 вагонның тапсырмасы- сөйлемдердің дұрыс, бұрысын тексер.
3 вагонның тапсырмасы- мәтіннің мазмұны бойынша көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

Сөйлем

Дұрыс

Дұрыс емес

1.Қоянның құлағын тартқан кірпі.








2.Түлкі қоянға гүл берді.








3.Қасқыр қоянға бал берді.







Қоянның үйіне кірпі, ...., қасқыр, ... келді. ... қоянға жаңғақ берді. Қасқыр қоянға .... берді. Аю қоянға .... берді. Олар жақсы достар.

Емес қандай шылау?

Емес болымсыздық шылауы.

Еместі не үшін қолданамыз?

Болымсыздық үшін қолданамыз.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Жаңылтпаш айтайық.

Мен-ең күшті

Менен күшті

Кім бар? Пыш-пу

Бөө -бө-бө!

Бө-ге –ме!



д) қосымша жаңа материалмен таныстыру

Келдік. Құрметті жолаушылар пойыз «Қызыл кітап » бекетіне келіп тоқтады.

Мынау не?

Бұл -қызыл кітап.

Дұрыс. Менің қолымдағы Қазақстанның қызыл кітабы. Бұл кітапқа

Қызыл қасқыр –Красный волк

Қоңыр аю – Бурый медведь

Қабылан – Гепард

Барыс – Снежный барс

Сөздік дәптерге жаңа сөздерді жазып алу.

Неге бұл аңдар Қызыл кітапқа енгізілген?

Олар азайып бара жатқан аңдар.

-Адамдар не істеуі керек?

-Адамдар аңдарды қорғаулары керек.



ІІІ Қорытынды

Біз соңғы бекетімізғеде келіп жеттік.Бұл «Достық» бекеті

Тақтадағы жер шарына қарайықшы. Жер шары бос. Жер шарын тірілтейікші.

Мұнда нелерді қондырамыз?

Аңдарды . Алдарыңдағы фигураларды алып, жер шарын аңдармен гүлдейікші.

Қасқыр – табиғат санитары

Ақ қоян.

Әдемі тиін

Қоңыр аю

Үлкен арыстан

Қызыл түлкі

Батыр жолбарыс

Сұр кірпі

Енді жер шарына қараңдаршы. Жеріміз аңдармен гүлдеп, жайқалып тұр. Осындай әдемі жерімізді сақтап қалайық.Аңдар –табиғат байлығы. Біз табиғаттың жас достарымыз.

Сондықтан біз оларды қорғауымыз керек. Біз табиғатты сүюіміз керек. Табиғат - біздің ортақ үйіміз.Бәріміз дос болып, тату-тәтті болайық. Достық туралы әнімізді айтып жіберейік. (әнтайту)

Табиғаттың панасымыз

Ағаш өзін қиғанды

Ат сияқты тебе алмас.

Гүл де жұлқып жұлғанды

«Неге өйтті!» - деп сөге алмас.

Аю байғұс аяғын

Алса жыртып, қанатып,

Жарасын кім таңады?

Кім бар бағып – қағатын?!

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз,

Адамзаттың баласы – деп сабағымызды аяқтаймыз.

ІVБағалау

Оқушылардың жетондарын санау арқылы бағалау.


VҮйге тапсырма

1 вагон саяхат туралы3 сөйлем жазу

2 вагон саяхат туралы диалог жазу

3 вагон саяхат туралы шағын әңгіме жазу.



2

Сабағымызды бастамас бұрын назарымызды тақтаға аударайық.

( Тақтада жолбарыс туралы бейнефильм беріледі. )

Бейнефильмнен нені көрдік?

Ол қандай аң?

Барыс - әдемі, батыр, жылдам аң. Биылғы Жаңа 2010 жылымыз – Барыс жылы. Мен сендерге бүгінгі сабақта батырлық, әдемілік, жылдамдық тілеймін.

- Б-р біз бүгін сабақта саяхатқа шығамыз (саяхат - экскурсия)

Бүгін біз «Аңдар әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатта біз әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

Ал саяхатымыз қызықты өту үшін жолға дайындаламыз. Ол үшін біз сендермен өткен сөздерді қайталаймыз. Жаңа сөздердмен танысамыз.

- Қане , тақтаға қарайық, аң атауларын кім айтады?

-Орысша қалай болады?

-Аңдарға сипаттама берейік.



3 Фонетикалық жаттығу

Осы сөздерді байланыстырып, сөзтіркестерімен сөйлемдер құраңдар.



Жаңа сөздер

Ұлиды – воет бекет – стацния

Ақырады – ревет ертегі – сказка

Ырылдайды – рычит жейді – ест, питается

Үреді –лает Қызыл кітап – Красная книга

-жаңа сөздер электронжы оқулықтан тыңдалады;

-оқушылар сөздерді хормен қайталайды;

- сөз тіркестерімен сөйлемдер құрау;

Аңдардың суреті беріледі.

Қасқырдың суреті беріледі.

-Қасқыр не істейді?

-Қасқыр ұлиды.

-Аю не істейді?

-Аю ақырады.

- Жолбарыс не істейді?

- Жолбарыс ырылдайды.

-Саяхатқа шығуға дайынсңдар ма?

-Дайынбыз.

Саяхатқа пойызбен барамыз.

1-ші вагонға ....... тобы отырады.

2-ші вагонға ....... тобы отырады.

3-ші вагонға ....... тобы отырады.

-Ал қане, кеттік. (өлең айту. Пыш-пу)

Құрметті жолаушылар! Пойыз «Хайуанаттар бағы» бекетіне келіп тоқтады.

(Хайуанаттар бағының суреті беріледі)

Бұл бекеттің тапсырмасы. Үй тапсырмасын тексеру.

1 топ – мәтінді мазмұндау.

2 топ – диалог айту.

3 топ бір аң туралы мәлімет дайындау.

1 топ – мәтінді мазмұндау.

Хайуанаттар бағында

Жандос пен Бауыржан хайуанаттар бағына барды. Олар хайуанаттар бағында аңдарды, құстарды көрді. Жандос түйеқұсты бірінші рет көрді. Түйеқұс оларға ұнады.

2 топ – диалог айту.

-Жандос пен Бауыржан қайда барды?

-Жандос пен Бауыржан хайуанаттар бағына барды.

- Олар хайуанаттар бағында нелерді көрді?

- Олар хайуанаттар бағында аңдарды, құстарды көрді.

- Кім түйеқұсты бірінші рет көрді?

- Жандос түйеқұсты бірінші рет көрді.

-Түйеқұс оларға ұнады ма?



3 топ бір аң туралы мәлімет дайындау.

Қасқыр

Қасқырдың түсі сұр, қара болады. Салмағы 20-35 кг. Ұзындығы – 100-130см.

Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Қазақстанда 30 мыңнан астам қасқыр бар. Қазақстанда қасқырды жыл сайын атуға рұқсат етілген. Бірақ қасқырды түгелдей жоқ қылып, жіберуге болмайды. Бұл –табиғат санитары.

Түлкі

Түлкінің дене мөлшері кіші. Ұзындығы 70-77см. Салмағы 6-7 кг. Қазақстанның

барлық жерінде кездеседі. Түлкінің түсі ақ, қызыл болады. Қазақтың бас киімі «тымақ»түлкі терісінен жасалады.

Қоян

Қоян Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Ұзындығы 50-70см. Салмағы 4-6кг. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді. Қазақстанда аңшылар үш мыңдай қоян аулайды.

Сонымен Қазақстанның барлық жерінде қоян, қасқыр,түлкі кездеседі.

-Осы аңдар не жейді?

(тақтада аңдар мен олардың жейтін заттарының суреттері тұрады.)

Қоян ет


Жолбарыс жаңғақ

Аю сәбіз


Тиін бал

Интерактивті тақтада қоянның жанына сәбізді, аюдың жанына балды, тиіннің жанына жаңғақты, жолбарыстың жанына етті жылжытып апарады.

-Сонымен қоян не жейді?

- Қоян сәбіз жейді.

-Аю не жейді?

-Аю бал жейді.

-Жолбарыс не жейді?

-Жолбарыс ет жейді.

-Тиін не жейді?

- Тиін жаңғақ жейді.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. (Өлең айту. Пыш -пу)

Құрметті жолаушылар! Пойыз «Аңдар мектебі» бекетіне келіп тоқтады.

Мәтін компьютерден оқылады. Мәтінді мұқият тыңдау.

Мәтінді оқушылар оқиды.

Мәтінді аударады.

Бұл бекеттің тапсырмасы.

1 топ – мәтіннің мазмұны бойынша керекті сөздерді қойып,мәтінге ат қою.

2 топ – мәтін бойынша сұрақтар жазу.

3 топ – қасқыр сөзіне фонетикалық талдау жасау, түлкі сөзін тәуелдеу.

1)Орманда .... мектебі бар. Онда аю, ...., піл, ..., маймыл, ... ,.... оқиды. Аю мен... үшінші сыныпта оқиды. Ал... мен ... екінші сыныпта оқиды. Олар- жақсы оқушылар. ... мектепке орманнан және .... бағынан келіп оқиды.

2) Орманда не бар?

Онда нелер оқиды?

Аю мен піл нешінші сыныпта оқиды?

Қасқыр мен түлкі нешінші сыныпта оқиды?

Олар қандай оқушылар?

Аңдар қайдан келіп оқиды?

3) Қасқыр – қас-қыр екі буын

қ – дауыссыз, қатаң.

а – дауысты, жуан.

с – дауыссыз, қатаң.

қ – дауыссыз, қатаң.

ы– дауысты, жуан.

р – дауыссыз, үнді.

Сөзде 6әріп, 6дыбыс бар.



Сергіту сәті

-Б-р, біз жолда шаршадық. Енді демалайық.

Тоғай, тоғай, көк тоғай

Көк тоғайда көп торғай.

Тоғай іші қапырық,

Демалайық отырып.

Демалдық. Әрі қарай жүрейік. (Өлең айту. Пыш -пу)

Құрметті жолаушылар! Пойыз «Ертегілер» бекетіне келіп тоқтады.

Тақтада ертегілердің аттары беріледі. Ертегілердің аттарын орыс тіліне аудару.Содан кейінтақтада «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісінің мәтіні беріледі және мәтін компьютерден оқылады. Мәтін оқылмас бұрын оқушыларға ескертіледі. Мәтінді мұқият тыңдаңдар мәтін бойынша тапсырмалар орындайсыңдар.

Мәтіннің аудармасы сұралады.

Бұл бекеттің тапсырмасы.

1 топ – ертегі бойынша қойылым қою.

2 топ – ертегідегі аңдарға мінездеме беру.

3 топ – ертегідегі аңдардың атауларын теріп жазып, дыбыстарға мінездеме беру.


1)Автор:

- Ерте,ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады.

Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киеді. Ол туған күніне кірпіні, түлкіні, қасқырды, аюды шақырады.

Кірпі:


-Сәлем.

Кірпі: Түлкі:

Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян! Саған шырша жаңғақтарын әкелдім.

Қоян:


Рахмет.

Түлкі:


-Сәлем.

Қоян:


-Сәлем. Жоғары шық.

Түлкі:


Туған күнің құтты болсын. Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі.

Қоян:


Рахмет.

Қоян:


-Сәлем. Жоғары шық.

Аю:


Сәлем. Саған бал әкелдім.

Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян! (Құлағынан тартады.)

Автор: қоянның құлағы тез ұзарып кетті. Содан бері қоянның құлағы ұзын екен.

2) Қоян – ақ, қорқақ, жылдам, құлағы ұзын.

Қасқыр – сұр, ашулы, ұлиды.

Аю – үлкен, қоңыр, ақ, ақырады.

Кірпі – кішкентай, сұр.

3) Тақтада сөздер беріледі.

Қ...ян ...асқыр к....рпі .....ю

Қоян қасқыр кірпі аю

О –дауысты, жуан қ – дауыссыз, қатаң і – дауысты, жіңішке а- жауысты, жуан

Құрметті жолаушылар! Пойыз «Қызыл кітап» бекетіне келіп тоқтады.

Қызыл кітапқа азайып бара жатқан аңдар енгізіледі. Солардың бірі ақбөкендер, қызыл қасқырлар, қоңыр аюлар, қабылан,барыстар тағы басқа жануарлар.

Аңдар – табиғат байлығы. Сондықтан біз оларды қорғауымыз керек.

-Сонымен б-р аңдар қайда кездеседі?

- Орманда, хайуанаттар бағында, ертегілерде.

Сонымен қатар кейбір аңдар мемлекеттің немесе қаланың символы болып табылады. Мысалы Біздің астанамыз қай қала?

-Астана қаласы.

Барыс – Астанамыздың символы. Ол еліміздің барыс секілді батырлығын, күшті халық екндігін білдіреді.

Бұл бекеттің тапсырмасы.



Тест сұрақтарына жауап беру.

1 Аю не істейді?

а) ұлиды


ә) ақырады

б) ырылдайды



2. Қоян не жейді?

а) ет


ә) жаңғақ

б) сәбіз


3.Қасқыр не істейді?

а) ырылдайды

ә) ұлиды

б) ақырады



4. Аюдың терісі қандай болады?

а) ақ, қоңыр

ә) сары, сұр

б) жасыл, қызыл



5. Қызыл кітапқа қандай аңдар енгізілген?

а) ақбөкендер, қызыл қасқырлар, қоңыр аюлар, қабылан,барыс

ә) жылқы,қой, сиыр, ешкі, түйе

б) тауық, тиін, піл



6. Қоян қандай?

а) қорқақ

ә) мақтаншақ

б) үлкен


7. Түлкі қандай?

а) кішкентай

ә) қу

б) жаман


8.Жолбарыс не істейді?

а) ырылдайды

ә) ұлиды

б) ақырады



9. Аю не дейді?

а) сәбіз


ә) бал

б) жаңғақ



10. «Қызыл кітап» сөзін аудар

а) красный дом

ә) зоопарк

б) Красная книга


Шығармашылық жұмыс

1 топ - саяхаттан алған әсерлеріңді жазыңдар.



2 топ – аңдар туралы диалог құраңдар.

3топ – саяхат туралы бірнеше сөйлемдер жазыңдар.
Каталог: uploads -> doc -> 0aca
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0aca -> 71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі Маликова Шолпан Сагындыковна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет