Сабақтың тақырыбы : Қалдықты табуға берілген құрама есеп



жүктеу 67.7 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі67.7 Kb.
түріСабақ

Пәні :

Математика

Сыныбы :

2

Күні :




Сабақтың тақырыбы :

Қалдықты табуға берілген құрама есеп .

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері :

апараттық : амалдар туралы түсініктеріне сүйене отырып , « Қалдықты табуға берілген құрама есептер » туралы ақпаратты меңгерту ;

коммуникативтік : Қалдықты табуға берілген құрама есеп тапсырмаларын орындау арқылы жаңа материалды бекіту , балаларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру , есептерді тез және дұрыс орындауға баулу , есептеу дағдыларын қалыптастыру , ойлау қабілетін мдамыту ;

проблеманы шешу : проблемалық жағдайаттарды шешуде өз бетімен жұмыстануға машықтандыру , танымдық қызметін арттыру ;


Сабақтың типі :

Аралас сабақ

Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық , білім беруді ізгілендіру , дидактикалық бірліктерді ірілендіру , дамыта оқыту

Сабақтың әдісі :

Баяндау , түсіндірмелі – иллюстративті , практикалық , көрнекілік .

Пәнаралық байланыс :

Қоршаған орта , математика , әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы :

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың қызметі

Күтілетін нәтиже

1 Ұйымдастыру бөлімі

- амандасу , түгендеу :

- оқу – құралдарының дайындығы , кезекшінің жұмысын тексеру ;

- сабақтың мақсат – міндеттерін таныстыру :

- бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту .



- амандасу :

- оқу – құралдарының дайындайды ;

- кезекшілік міндеттерін атқарады ;

- сабақтың мақсат – міндеттерімен танысады ;

- көңіл – күй көтерінкі болады .


- сынып сабаққа дайын :

- кезекшілік атқарылды ;

- мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым – қатынас орнайды .


2 . Үй тапсырмасын тексеру

Дәптерлерін жинап алады .

Дәптерлерін жинап береді .

Өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесін талдау .

3 . Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

Ауызша жаттығулармен жұмыс :

1 . Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг , 2 аяғымен тұрса неше кг болады ?

2 . Аюда 9 кг бал болды . Ол бірнеше кг бал жегеннен кейін ола 4 кг бал қалды . Аю неше кг бал жеді ?

1 . Сиыр 2 аяғымен тұрса 200 кг болады .

2 . Аю 5 кг бал жеді .

Мұғалім қойған проблеманы қалай шешетінің бұрынғы алған білімдеріне сүйене отырып түсіндіреді .




4 . Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып , жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру .

а ) 31 асықты балаларға 4 асықтан қалай бөліп беруге болады ? Неше бала асықтар алды ? 31 – дің ішінде төрт – төрттен неше рет болды ? Барлық асықтар балаларға бөліп берілді ме ? Неліктен ? Тексер .

Жазуды оқы : 31 : 4 = 7 ( қалдық 3 ) .

31 – бөлінгіш , 4 бөлгіш , 7 – бөліндінің мәні , 3 – қалдық .

Тексеру : 7 * 4 + 3 = 31

ә ) Егер 16 орындықты әр қатарға 5 орындықтан қойса , неше қатар шығады ? Неше орындық артылып қалды ?

16 - 5 – 5 – 5 = қалдық 1 .

16 – бөлінгіш , 5 бөлгіш , 3 – бөліндінің мәні , 1 – қалдық .

Тексеру : 5 + 5 + 5 + 1 = 16


Түсіндірілген тақырыпты мұқият тыңдап , айтылған бөліктерін дәптерге жазады .

31 : 4 = 7 ( қалдық 3 ) .

31 – бөлінгіш , 4 бөлгіш , 7 – бөліндінің мәні , 3 – қалдық .

Тексеру : 7 * 4 + 3 = 31



16 - 5 – 5 – 5 = қалдық 1 .

16 – бөлінгіш , 5 бөлгіш , 3 – бөліндінің мәні , 1 – қалдық .

Тексеру : 5 + 5 + 5 + 1 = 16


Жаңа тақырып бойынша материалды жетік меңгеріп , осы білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде пайдалана білуі .

Берілген тапсырманы тез , әрі дұрыс орындау арқылы білімдерін шындайды .



5 . Жаңа материалды мұғалім көмегімен бекіту .

№ 1 .Кестені пайдаланып , есептер құрастыр және оларды шығар .


Бағасы

Саны

Құны

?

4

80 теңге

20 теңге

?

80 теңге

20 теңге

4

?

80 : 4 = ? 80 : 20 = ? 20 * 4 = ?

№ 1 . Есептеп жазуын жазады .

Бағасы

Саны

Құны

20 теңге

4

80 теңге

20 теңге

4

80 теңге

20 теңге

4

80 теңге

80 : 4 = 20 80 : 20 = 4 20 * 4 = 80


Тапсырманы орындау барысында балалардың ойлауын қалыптастыру , есеп шығару қабілетін одан әрі дамыту .

Сергіту сәті :

Қуырмаш

Қуыр , қуыр , қуырмаш ,

Тауықтарға тары шаш .

Бас бармақ , балалы үйрек ,

Ортан терек , шылдыр шүмек ,

Кішкене бөбек



Балалар сергіту сәтін орындайды .

Қуырмаш


Қуыр , қуыр , қуырмаш ,

Тауықтарға тары шаш .

Бас бармақ , балалы үйрек ,

Ортан терек , шылдыр шүмек ,

Кішкене бөбек


Оқушылар сергіту сәтін орындады .




№ 2 .

50 + 20 = 83 – 45 =

38 + 62 = 71 – 50 =

60 – 39 = 100 – 22 =

12 + 30 = 15 – 7 =

75 – 29 =




№ 2 .

50 + 20 = 70 83 – 45 = 38

38 + 62 = 100 71 – 50 = 21

60 – 39 = 21 100 – 22 = 78

12 + 30 = 42 15 – 7 = 8

75 – 29 = 46


Есепті жүйелі орындап , шығаруға дағдыландыру .






№ 3 .

5 * 2 + 5 = 9 * 2 – 7 =

( 18 – 2 ) : 2 = 15 + 2 : 2 =

2 + 6 * 2 = ( 3 – 0 ) : 3 =

5 : ( 15 – 10 ) = ( 18 – 9 ) : 3 =


№ 3 .

5 * 2 + 5 = 15 9 * 2 – 7 = 11

( 18 – 2 ) : 2 = 8 15 + 2 : 2 = 16

2 + 6 * 2 = 14 ( 3 – 0 ) : 3 = 1

5 : ( 15 – 10 ) = 1 ( 18 – 9 ) : 3 = 3





6 . Жаңа материалды өз бетімен бекіту .

№ 5 .

1 . 40 – қа дейінгі 4 – ке бөлінетін сандарды жаз .

2 . Санды 4 – ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін ?

3 . 3 – ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін ?

4 . 2 – ге бөлгенде ше ?


40 – қа дейінгі 4 – ке бөлінетін сандарды жазады .

1 . 4 , 5 , 6 , 7 , 8 , 9 , 10 , 11 ,12 , 13 . 14 , 15 , 16 , 17 , 18 , 19 , 20 , 21 , 22 , 23 , 24 , 25 , 26 , 27 , 28 , 29 , 30 , 31 , 32 , 33 , 34 , 35 , 36 , 37 , 38 , 39 , 40 ;

2 . ( 1 қалдық ) , ( 2 қалдық ) ,

( 3 қалдық ) ;

3 . ( 1 қалдық ) , ( 2 қалдық ) ;

4 . ( 1 қалдық ) ;


Тапсырманы орындай отырып , білімдерінің шыңдалуы .






№ 7 .

а = 0 , 1 , 2 , 3 , 4 , 5 , 6 , 7 , 8 , 9 , 10 деп алып , 3 * а және 4 * а өрнектерінің мәндерін тап .


Кел , ойнайық !

№ 7 .

3 * 0 = 0 3 * 1 = 3 3 * 2 = 6

3 * 3 = 9 3 * 4 = 12 3 * 5 = 15

3 * 6 = 18 3 * 7 = 21 3 * 8 = 24

3 * 9 = 27 3 * 10 = 30

4 * 0 = 0 4 * 1 = 4 4 * 2 = 8

4 * 3 = 12 4 * 4 = 16 4 * 5 = 20

4 * 6 = 24 4 * 7 = 28 4 * 8 = 32

4 * 9 = 36 4 * 10 = 40


9

20

16

3

2

1

18

16

3

9

м

у

л

ь

т

ф

и

л

ь

м







7 . Үйге тапсырма .

№ 6 . Теңдеу құр және шығар .

Тоғжанның ойлаған санын 4 есе кеміткенде 5 шықты . Сол санды тап .

Мағжанның ойлаған санын 4 есе арттырғанда 16 шықты . Сол санды тап


№ 6 . Теңдеу құрады және шығарады .

Х : 4 = 5 Х *4 = 16

Х = 5 * 4 Х = 16 : 4

Х = 20 Х = 4



20 : 4 = 5 4 * 4 = 16

Алған біліміне сүйеніп , өз бетімен жұмыстанады .

Бағалау .

Оқушылардың сабақққа қатысу белсенділігіне , тақтаға шығып есеп шығаруына байланысты бағаланады .

Өз әрекеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді . Өз бағасын мұғалім бағасымен салыстырады . Өз іс әрекетін бағалайды .

Өз іс әрекетінің нәтижесін көреді .


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет