Ресейлік сарапшылардың сөзінше, биыл доллар мен алтынға ақша салу тиімді инвестициялық шешім болады. Ал қазақстандықтар үшін алтын сатып алу тиімдірек дейді экономистер. Расул Рысмамбетовтің айтуынша, табысы төмен болса да депозит қаржы сақтаудың тиімді құралы болып қала береді. Бұл ең қарапайым инвестициялық қадам дейді ол. 

Сурет: Shutterstock

Ресейлік қаржы сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты Владимир Григорьев 2024 жылы долларға ақша салу тиімді болатынын атап өтті. Әлемдік қаржы нарығы тұрақсыз болса да, америкалық валюта құнын жоғалтпайды дейді. 

"Алтын бағасы қаржы нарығы құлдыраған сайын өсе береді. Бұдан бөлек банктегі депозит те бос ақшаны сақтаудың тиімді құралы екенін естен шығармаған жөн. Оның үстіне банктер жаңа жыл қарсаңында салымшылар үшін тиімді ұсыныстар жасайды. Табысы төмен болса да, мұнда кіріс бар", – деді ол Lenta.ru басылымына берген сұхбатында. 

Экономист, GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы Мақсат Халық та алтынға ақша салу қазақстандықтар үшін тиімді екенін айтады. Дегенмен ол қаржыны еш уақытта бір "себетте" ұстауға болмайтынын ескертті. 

"Қазір әлемде рецессия (ред. экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі) болу қауіпі жоғарылаған сайын алтын қымбаттап келеді. Бүгінде экономикалық өсімнің баяулағанын көріп отырмыз. Сондықтан сарапшылардың болжамына сүйенсек, АҚШ, Еуропа мен Қытайда рецессия орын алуы әбден мүмкін. Қытайда өндіріс көлемі қысқарып келеді. Осы себепті инвесторлар қауіптеніп, бос қаржыларына алтын сатып алуға тырысып бағуда. Кейбірі биткоин секілді криптовалютаға ақша салады. Сарапшы ретінде кеңесім: қаржыны ешқашан бір жерде ұстамау керек. Қаржыны бөлсең, нарықтағы қатерді азайта аласың. Валюта болса доллар немесе еуро алуға болады. Бұдан бөлек банктен алтын құймаларын сатып алу да тиімді", – дейді ол.

Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов қаржылық сауаты төмен азаматтар үшін депозит таптырмас құрал екенін атап өтті. Ал табыс тапқысы келсе, бағалы қағаздар нарығын зерттеу қажет дейді.

"Қазақстандық қаржы нарықтарында бағалы қағаздар сатып алу арқылы да қаражатты еселеуге болады. Бірақ брокерді дұрыс таңдаған жөн. Кей брокерлер дұрыс кеңес бермеуі мүмкін. Сондай-ақ акция немесе облигацияларды доллармен алуға болады. Акция сатып алу кезінде де тәуекелге баратыныңызды естен шығармау керек. Мысалы, 100 долларға сатып алған акциялар арзандап, екі айдан соң 80 доллар болып қалуы мүмкін. Сәйкесінше әр акциядан 20 доллар жоғалтасыз. Егер бос қаржыны еселегіңіз келсе, кәсіп ашу да тиімді инвестиция болады, бірақ мұның да өз қауіп-қатерлері бар”, – деп түйіндеді сарапшы. 

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар 2024 жылы қай валютада ақша сақтауға болмайтынын айтқан еді. Экономистер әлемдегі геосаяси оқиғалар мен санкцияларды есепке алған маман сондай-ақ барлық қаражатты бір валюта сақтаудан сақтану керегін де ескертеді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.