Белгілі қазақ тілді блогер Алексей Лодочников су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін "сбор" ашып, халықтан ақша жинаған блогерлерді сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Лодочников халықтан ақша жинап жатқан блогерлердің шынайылығына күмәнданатынын және олардың еш жерде есеп бермейтінін айтты. 

"Қазір еліміздің көптеген облыстарында, қалаларында су тасқыны болып жатыр. Осыған байланысты қазір барлығы, екі блогердің бірі "сбор" ашып жатыр. Күні кеше көрдім, блогерлердің бәрі жиналып, "қиын-қыстау қилы заманда" деген әнді қыстырып қойып, "бір-бірімізге көмектесейік, осыған байланысты ақша жинаймыз" деп жатыр. Мен бұл “сборлардың” неге ашылып жатқанын түсінбеймін. Онсызда үкімет бәрін істеп жатыр, Тоқаевтың өзі "біз бәріне көмектесеміз, үйіп салып береміз, жоғалтқанымыздың орнын толтырамыз” деді. Елдегі көптеген ірі компаниялар миллиардтаған қаржы бөліп жатыр. Менің ойымша, санап қарасақ осының өзі жеткілікті ғой", – деді Лодочкинов әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.

Лодочкинов блогерлерді өз қаражаттарынан ақша жинауға шақырды.

"Негізі блогерлер кедей халық емес. Instagram парақшаларын ашып қарасаңыз, біреулерінде бес көлік, басқалары кейде миллиондап, миллиардтап табыс табамыз деп мақтанады. Оның орнына блогерлер жиналып, өз араларыңызда ақша жинап: "бұл барлық блогерлер атынан халыққа көмек болсын" деп беріңіздер", – деді Лодочников.

Сондай-ақ блогер осындай "сборда" жиналған ақша үшін ешкім есеп бермейтінін айтты. 

"Бір кездері блогерлердің барлығы “гив” арқылы ақша жинады, ал қазір осы сборлардың арқасында ақша жинап жатырсыздар. Есеп беру деген жоқ. "5 миллион, 10 миллион теңге жинадық" деп айта салады. Бірақ олардың нақты қанша жинағанын ешкім білмейді. "Қазақстан халқына", "Біз біргеміз" деген сияқты қорлар жеткілікті. Халықтан ақша жинауды доғару керек", – деді блогер.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Алексей Лодочников (@lodochnikov_official_page)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.