"Хабар" телеарнасындағы "Бірақ…" ток-шоуы қоғам наразылығынан соң жабылатын болды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан жасалған скрин

Министр Балаева "Хабар" арнасында  отбасындағы әлеуметтік мәселелерін көтеріп, оны шешуге бағытталған "Бірақ…" бағдарламасының 11 наурыздан бастап шыға бастағанын айтады. Оның сөзінше, тікелей эфирдегі берілген шығарылымда редакция бағдарламаның діттеген мақсатына жете алмай, кейіпкерді жаңылыстыру арқылы қоғамда түрлі пікірлер туындатқан.

“Мемлекеттік идеологияны жүргізіп отырған мемлекеттік телеарна бұндай олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. Ең алдымен, редакция барлық этикалық нормаларды сақтап,  отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық пен арандатушылыққа жол бермеуге, кейіпкерлерді көпшілік алдында қорламау қажет еді. Сондықтан телеарна редакциясына бұл үлкен сабақ болады деп санаймыз. Аталған ток-шоу жабылады”, – деп жазды Балаева желідегі парақшасында.

  • "Ислам діні деп атауға келмейді": Қазақстандық экс-депутат хиджаб пен тоқал мәселесін сынап, Қаңтар оқиғасын атап өтті
  • Бишімбаевтың сот отырысына журналистерді кіргізбейді: Ақпарат министрлігі мәселені шешуге тырысуда

Бұған дейін “Бірақ…” бағдарламасының алғашқы шығарылымында күйеуінен ұзақ уақыт бойы таяқ жеп жүрген әйел келіп мәселесін айтқан. Желідегі жазылған пікірлерде әйелдің ток-шоуға күйеуінің келетінін білмегені айтылады. Бағдарлама барысында күйеуі ортаға шығып, ұйымдастырушылар ұсынған гүлді әйеліне беруге ұмтылады. Алайда әйел одан көп қорлық көргенін алға тартып, гүлді алудан бас тартады. Осы сәтте жүргізуші “рамазан айы” екенін еске салып, татуласуға шақырғандай болады. Бірақ әйел бағдарламаның ортасында қатты қорқып, жылап қалғанын көруге болады. Тіпті жүргізушілер де осы сәтте не істерлерін білмей абдырап қалғандығы байқалған.

Осы хабардан соң желіде күйеуінен таяқ жеген әйелге көмектесудің орнына қайта күйеуіне қосуға тырысты, отбасындағы зорлық-зомбылыққа көз жұма қарады деген сын көбейді. Кейбір адам телеарна әйелді жұрттың алдында қорлады деп бағдарламаның жабылуын талап еткен.

Көпшілік арасында дау тудырған жағдайдан кейін "Хабар" агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев көпшіліктен кешірім сұраған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.