Сабақтың тақырыбы : Етіс. Қазақ хандары



жүктеу 34.98 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі34.98 Kb.
түріСабақ

Күні: 09.02.2013

Сабақтың тақырыбы : Етіс. Қазақ хандары

Сабақтың мақсаты : 1. Етіс туралы жалпы түсінік. Етіс түрлерін ажырату білу. Қазақ хандары туралы жан-жақты мәлімет беру.

2. Оқушылардың білімдерін, тіл байлығын,қазақша сөйлеу қабілеттерін арттыру.

3. Оқушылардың еліне, тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс : қазақ әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру кезеңі :

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.

- Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын пысықтау:

- Үйге берілген тапсырманы сұраймын.

- Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

- Шешендік сөздерді сұрау.

- Ережені пысықтау. (Айтылым)


  • 1. Етістік дегеніміз не?

  • 2. Дара етістік дегеніміз не? (мысал келтір.)

  • 3. Күрделі етістік дегенеміз не? (мысал келтір.)

  • Етістіктің түрін ажырату. (Жазылым)

Мен елімді жақсы көремін. Оқушылар кездесуге келді. Студенттер театрға барды. Ағаммен қыдыруға шықтым. Астананы көргім келеді.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.

3.1 Ережемен таныстыру.



Етіс – етістіктің бір түрі. Етіс іс – әрекеттің орындаушыға, қимыл иесіне қатысын айқындайды. Етістер төрт түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс.

Өздік етіс – іс – әрекеттің қимыл тікелей қатыстылығын анықтайды. Қимыл, іс – әрекет іс иесінің өзіне тікелей бағытталады. Жұрнақтары: -н,-ын,-ін. Мысалы: Айдана тара+нды. Динара жу+ынды. Сафура ки+інді.

Өзгелік етіс – қимылдың, іс – әрекеттің өзге адам арқылы істелетінін білдіреді. Жұрнақтары: - дыр,дір; -тыр, тір; - ыр, р; -ғыз, гіз, -қыз,кіз, -т. Мысалы: Сафура жаз+дыр-ды. Мұрат бер+гіз+ді. Мұғалім оқы + т + ты.

Ырықсыз етіс – сөйлемде қимылдың иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндей көрінеді. Жұрнақтары: - ыл, іл, л; -ын, ін, н. Мысалы: Егін ор + ыл + ды. Үй таза + лан + ды.

Ортақ етіс – қимылдың бірнеше субъектіге ортақ екенін білдіреді. Жұрнақтары: - ыс, іс, с. Мысалы: Жекен мен Мұрат сөйле +с+ті. Сержан мен Сәния айт + ыс + ты.







3.2 Ережені пысықтау.

(Грамматикалық тапсырма.)


Оқу-оқыт, ойлау-ойлан, көру-көрінді, шығару-шығарылды, тоқта-тоқтатқыз, айт-айтылды, сөйлесөйлес, жу-жуын, жаз-жазғыз.

    1. Мәтінмен жұмыс.

Қазақ хандары

ХV ғасырда құрылған қазақ мемлекеті үш жүзге бөлінген:

Ұлы жүз ханы – Тәуке хан, Орта жүз ханы – Абылай хан, Кіші жүз ханы – Әбілхайыр хан.

Қазақ халқында жоғарғы әлеуметтік сатысында хан тұрған. Ханның міндеті үкіметті нығайту, жерлерді руларға бөліп беру, халықтың мәселесін реттеу, басқа көрші елдермен қарым – қатынасын нығайту.


Жаңа сөздер:

Ғасыр – век

Әлеуметтіксоциальный

Үкімет – государство

Ру – род

Қарым – қатынас – взаимоотношение

Нығайту - укреплять

- «Қазақ хандары» мұғалімнің оқуы.

- Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.

- Мәтінді аудару.

3.4 Өздік жұмыс.

- Мәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар.


Реттеу, нығайту, тұрған, құрылған, бөлінген, бөліп беру.

- Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.

1. Қазақ хандығы неше жүзден тұрады?

2. Қазақ хандығы нешінші ғасырда құрылған?

3. Қандай хандарды білесіңдер?

IV. Сабақты бекіту.


  1. Берілген сөздерді етістің түрлеріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.

Жеңілді, аяқталған, әкелісті, жуынды, сөйлестік,сұрат, жинасты.

Мысал:


Өзгелік етіс

Өздік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

оқыт

көрінді

тазаланды

сөйлес

  1. Мақалдың мағынасын түсіндір.

  1. Тура биде туған жоқ.

  2. Бір ханның басында қырық кісінің ақылы болады.

- осыған ұқсас қандай мақалдарды білесіңдер?

V. Қорытынды:

1. Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

2. Етістің неше түрі бар?

3. Қандай қазақ хандарын білесіңдер?

4. Қазақ хандығы неше жүзге бөлінген?Қандай?

5. Хандардың міндеті неде?



VI. Үйге тапсырма:

  1. «Қазақ хандары» тақырыбына баяндама дайындау.

VII. Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 00a3
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00a3 -> Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
00a3 -> Күкірт қышқылы және оның тұздары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет