Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы жемқорлыққа қатысты 1 692 қылмыс тіркеліп, 1 324 адам әшкереленгені баяндалды. Оның 161-і түрлі деңгейдегі басшылар. 1 221 іс сотқа жіберілді.

Агенттік төрағасының айтуынша, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,02 триллион теңге (2,2 миллиард АҚШ долларынан астам) көлемінде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылған.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысына бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы туралы ақпарат берілді. 

Асхат Жұмағалидің айтуынша, "ӨКМ" операторы" ЖШС-не қатысты аяқталған қылмыстық істер бойынша Қостанай және Қарағанды облыстарындағы жалпы құны шамамен 20 миллиард теңге болатын 2 зауыт мемлекет меншігіне өтті. 

  • Қайрат Сатылбалдыұлының қылмыстық ісіне қатысты 44,6 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

  • Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі "Байсат" базарының бір бөлігі қайтарылды

"Қ.Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 миллион АҚШ доллары) түсті. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Еске салайық, Алматыдағы қонақүйді сатып алу туралы келісімшартты Қайрат Сатыбалды тергеу изоляторында отырып жасасқан. Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов оңтүстік астанадағы қонақүйді рейдерлік басып алу туралы айтып берді. Мемлекеттік кәсіпорын банк шоттарына шамамен 14 миллиард бюджет қаржысын салғаны белгілі болады. Банктегі жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды сұрады. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.