Сабақтың тақырыбы : Қиылысатын түзулер. Түрі: Ойын сабағы Сабақтың мақсаты: Білімдік мақсаты



жүктеу 58.67 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі58.67 Kb.
түріСабақ

Пәні: Математика

Сынып: 6«ә»

Типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың тақырыбы: Қиылысатын түзулер.

Түрі: Ойын сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік мақсаты: Оқушылардың «Қиылысатын түзулер» тақырыбынан алған білімдерін әрі қарай дамытып, пысықтау, есептер шығару.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іскерлікке, өз бетімен еңбектенуге және логикалық ойлауды қажет ететін есептерді шешуде танымдық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табандылыққа, ұқыптылыққа және оқу еңбегіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Өткен материалды жандандыру.

4. «Математика аралы» ойыны.

5. Қорытындылау.

6. Үй тапсырмасын беру.

7. Бағалау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендеу. Сыныптың сабаққа дайындығын, оқу-құралдарын тексеру, бүгін не істейтінімізді хабарлау.



2. Үй жұмысын тексеру: Үйге қандай тапсырмалар берілді?

Жауап:№1069,№1072,№1073,№1074

Есеп №1069.Екі түзудің қиылысуынан пайда болған вертикаль бұрыштың қосындысы 1260-қа тең.Осы екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың әрқайсысының градустық өлшемдерін табыңдар?



Шешуі: себебі, вертикаль бұрыштар


себебі, жазыңқы бұрыштар



себебі, вертикаль бұрыштар

Жауабы: 630 ,1170 ,630,1170



Есеп №1071. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі:1)750-қа; 2) 1200-қа тең. Қалған бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар?

Шешуі:

1)



себебі, жазыңқы бұрыштар



себебі, вертикаль бұрыштар

Жауабы:750,1050,750,1050.


2)

себебі, жазыңқы бұрыштар





себебі, вертикаль бұрыштар

Жауабы:600 ,1200 ,600 ,1200.



Есеп №1073.жәнетүзулері нүктесінде қиылысады. бұрышының,бұрышының градустық өлшемдерін табыңдар?

Шешуі:

себебі, вертикаль бұрыштар



себебі, жазыңқы бұрыштар

Жауабы:



Есеп №1074. Жол жөндеушілер бірінші күні 50,4км жол жөндеді,бұл екінші күнгісінен 80%-індей.Екінші күні жөндеген жолының ұзындығы үшінші күні жөндеген жолының 2/3-сіндей.Жол жөндеушілер үш күнде неше километр жол жөндеді.

Шешуі: I күні-50,4км

II күні-80%

III күні-2/3



–––––––80%

x–––––––––100%



(II күні)

63 км –––––––––– 2/3

х км –––––––––– 1

(III күні)

I+II+III=50,4км+63км+94,5км=207,9 км

Жауабы:207,9км

3 Өткен материалды жандандыру.

Балалар, біз, өткен сабақта қиылысатын түзулерді өттік. Ендеше алған білімдерді бекіту үшін қазір ойын сабағын өткізейік. Бүгін біз бәріміз бірге таңғажайып арал - «Математика аралына» сапар шегеміз. Бұл аралда бізді көптеген математикалық қиындықтар күтіп тұр. Сыныпты 2 топқа бөлеміз. Бүгінгі жарыстың мақсаты – қай топ осы белестерден сүрінбей өтетінін анықтау.

Онда 2 топқа да сәт сапар тілеймін. Бірақ жолға шықпас бұрын бірнеше мұғалімнің сұрақтарға жауап беруіміз керек:

Сұрақ: Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Жауап: қиылысатын түзулер.

Сұрақ: Екі түзу қиылысқанда неше ортақ нүктесі болады?

Жауап: Бір ғана.

Сұрақ: Екі түзу қиылысқанда неше бұрыш пайда болады?

Жауап: 4 бұрыш

Сұрақ: Вертикаль бұрыш дегеніміз не?

Жауап: Вкр тикаль бұрыш дегеніміз бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларымен толықтауыш сәулелер (созындылар) болатын екі бұрыш.

Сұрақ: Вертикаль бұрыштың қасиеті?

Жауап: Вертикаль бұрыштар өзара тең.

4. «Математика аралы» ойыны:

I- қиындық. «Масалар»: Балалар, көріп тұрсындар ма, біз аралға келдік? Бірақ аралда масалар көп екен, олар бізді шағып жатыр . Масалар бізді шақпауы үшін олардың шартын орындауымыз керек, оқулықтағы №1076 есепті шығару (2 топқа да).

Есеп №1076

Екі түзудің қиылысуынан пайда болатын бұрыштардың үшеуінің қосындысы 2840. Бұрыштардың әрқайсысын табыңдар?



Шешуі:

себебі, вертикаль бұрыштар



себебі, жазыңқы бұрыштар




Жауабы:760,1040,760,1040.



II –қиындық. «Мыстан кемпір» Бұл аралда сонымен қатар, мыстан кемпір тұрады екен. Ол сендерді жеп қоймауы үшін оның сиқырлы санын табу керек.

Сұрақ: 1888 санын бір жолмен екі 1000-ға бөліңдер.

Жауап: .

III –қиындық.«Күн»: Біз есептерді шығарып жүргенше күн ыстық болып кетіпті. Күн есеп шығара алмағандарды жек көреді және өз ыстығымен оларды күйдіреді. Сондықтан Күннің де есебін де шығаруымыз керек.

Күннің есебі: Оқулықтағы



Есеп №1077

және түзулері нүктесінде қиылысады. және бұрыштардың градустық өлшемдерін табыңдар.

Шешуі:



себебі, вертикаль бұрыштар

Жауабы:300,1250.



IV –қиындық. «Цунами»: Бір уақытта ауа-райы күрт өзгеріп, теңізде цунами басталды. Цунамидің жұмбақтарын ешкім шеше алмаған. Сондықтан ол өте ашулы. Егер сендер оның жұмбақтарын тез шешіп тастасаңдар,біз әрі қарай жүре береміз.

Цунамидің жұмбақтары:

1-топқа: Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап. (Икс)

2-топқа: Бойы екі-ақ қарыс,

Сыйып тұр 25 арыс. (Сызғыш)



V – қиындық. «Пираттар»: Балалар, артымызға қарасақ пираттар келе жатыр, әр топтан бір-бір оқушыдан ұстап алыпты. Оларды құтқаруымыз керек, ол үшін пираттар оқулықтағы №1078 есепті шығарыңдар дейді.

Есеп №1078

және түзулері О нүктесінде қиылысады. және . және бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар.

Шешуі:

вертикаль

Жауабы:700,750



VI – қиындық. «Акулаға кездесу»: Сөйтіп пираттардан құтылып келе жатсақ, алдымыздан алып акула шыға келді. Өзі ашулы екен, бірақ акула балаларға: «Маған №1079 еспті шығарып беріңдер дейді». Сондықтан біз акулаға есебін шығарып беруіміз керек.

Есеп №1079

және түзулерінің қиылсуынан пайда болған бұрыштардың. дің гращдустық өлшемін табыңдар?
Шешуі:

Жауабы:250,800



VII – қиындық. «Тереңдік ағай»: Теңіздің бойымен келе жатсақ,оқушылардың біреуі суға түсіп қалыпты. Ол жер теңіздің ең терең жері екен. Ол оқушыны құтқарудың бір-ақ жолы бар: ол «Тереңдік ағайдың» есебін шығару.

«Тереңдік ағайдың»есебі: «Ойлан тап!»



Сұрақ: Ағай, балаларға 86 санын жазып береді, ешқандай жазуды қолданбай осы санды 12-ге арттыр. Ол қалай?

Жауап: 86 →98 (аудару)

VIII - қиындық « Су кірпілері»: Енді су кірпілері бізден көмек сұрап тұр: «Балалар, біз әлі кішкентаймыз, бізге көмектесіңдерші. Сендер математиканы жақсы оқисыңдар, бізге №1080 есепті шығарып беріңдерші»,- дейді.

Есеп №1080

Бірінші құбырдан екі минутта 15 шелек су ағады, екінші құбырдан 5 минутта 32 шелек су ағады. Су қоймасын толтыру үшін суды екі құбырдан қатарынан 1,5 сағат ағызу керек. Су қоймасының сыйымдылығы неше шелек?



Шешуі:

1,5 сағат =90 минут

Бірінші құбыр 2 мин ––––– 15 ш

90 мин –––– х



Екінші құбыр 5 мин –––– 32 ш

90 мин –––– х



Жауабы:1251ш



IX - қиындық «Ұры»: Келе жатсақ «Математика» оқулықтарымыз жоқ болып кетіпті, сөйтсек оны ұры ұрлап алыпты. Ұрының да өз шарты бар.

Шарт: Мына суретті қолыңды алмай сызып шық.



5. Қорытындылау:

X – қиындық. «Жылан»: Жылан кездескенде оқушыларға қайталау сұрақтарын қояды.

Сұрақ: Екі түзу қиылысқанда неше ортақ нүктесі болады?

Жауап: Бір ғана.

Сұрақ: Екі түзу қиылысқанда неше бұрыш пайда болады?

Жауап: 4 бұрыш

Сұрақ: Вертикаль бұрыш дегеніміз не?

Жауап: Вкр тикаль бұрыш дегеніміз бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларымен толықтауыш сәулелер (созындылар) болатын екі бұрыш.

Сұрақ: Вертикаль бұрыштың қасиеті?

Жауап: Вертикаль бұрыштар өзара тең.

6.Оқушыларды бағалау:

Өз - өздерін бағалау.
Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы:: § 41. Тынысалудың маңызы. Тыныс алу мүшелері Сабатың мақсаты: : Білімділік
uploaded files -> 1. Өсімдіктердің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі Сабақтың мақсаты: Білімділік
uploaded files -> Сабақ Тақырыбы: «Кеңсе тауарлар дүкенінде»
uploaded files -> Сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: «Иықты киімдер, оның түрлері»
uploaded files -> Мамандыќќа баулу курсы
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Суретті басуға дайындау
uploaded files -> Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет