Сабақтың тақырыбы : Қытай Халық Республикасы



жүктеу 29.18 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі29.18 Kb.
түріСабақ



Қостанай облысы Арқалық қаласы

Жалпы білім беретін № 4 орта мектебі

Кемпирова Әсемгүл Сайлаубекқызы

География пәнінің мұғалімі


11 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Қытай Халық Республикасы

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Қытай Республикасы туралы жан-жақты түсінік беру, елдің өткені мен бүгінгісінің арасындағы үзілмес байланысты көрсету, оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:дүние жүзінің саяси картасы, суреттер.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Психологиялық дайындық



ІІ.Өткенді қайталау

1.Жұмбақтар: Аралайық әлемді,

Берем дерек, дәлелді.

Табыңдаршы өздерің

Жұмбақтадым қай елді?



1.Айтыңдаршы ал енді, 2.Қай ел ішіп бозасын,

Шай мен пілі бар елді? Тауда мінген қодасын.

3.Айтыңдаршы, ал енді, 4.Бөлінген екі елге,

Ахалтеке бар елді. Халық бар шетелде.

5. Айтыңдаршы ал енді, 6.Айтыңдаршы ал енді,

Марал, барыс бар елді. Ұлы қорған бар елді?
ІІІ.Жаңа сабақ

Қытай Халық Республикасы

-Жерінің ауданы -9 млн. 600 мың.км

-Халқы -1314 млн.адам (2005 ж)

-Астанасы – Пекин

-Мемлекеттік құрылымы - социалистік мемлекет

-Мемлекет басшысы- КХР-дың төрағасы

-Заң шығарушы органы - халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы

-Мемлекеттік тілі- қытай (хань) тілі

-Ұлттық валютасы-юань

1.Қытай-ауданы жөнінен әлемдегі 3-орын алатын мемлекет.

2.Астанасы-Пекин, Ұлы Қытай жазығында орналасқан

3.Қытайдың әкімшілік аумағы-23 провинциядан тұрады.

4. 1949 ж.Республика болып жарияланды.

5.Қытайдың ірі көмір кен орны-Датун.

6.Қытайдағы мұнайдың 50%-ын беретін кен орны-Дацин.

7.Қытай мақта өндіруден,бидай өсіруден,шошқа өсіруден дүние жүзінде

1 орын алады.

Үлестірмелі парақшалармен жұмыс

Әрбір оқушы жазылған үлестірмелерді таңдап алады, 3 минут әзірленеді



1-үлестірме

Қытайдың экономикалық-географиялық жағдайы туралы айт.



2-үлестірме

Қытай елінің тарихы туралы не білесің?



3-үлестірме

Қытайдың халқы, тілі, діні туралы ақпарат бер.

4-үлестірме

Қытай елінің қарқынды дамуының негізі болып отырған өнеркәсіп туралы не білесің?


Деңгейлік тапсырмалар. І деңгей

1) Қытайдың ірі аралдарын атаңыз.

2) Мемлекеттің басқару формасы қандай?

ІІ деңгей

1) Оқулық пен атласты қолдану арқылы Қытай халқына сипаттама.



Тіл семьясы

Діні

Ұлттық құрамы

Өмір жасыны

орташа ұзақтығы



Халқының ең көп шоғырлану аймағы

Орташа және ең жоғары тығыздығы


















ІІІ деңгей

1)Қытай елінің табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

2) Елдің географиялық орнының геосаяси жағдайына әсерін қалай бағалауға болады?

Сурет бойынша жұмыс


Қандай географиялық нысандар сөз етіліп жатқанын жаз:

1.Тибет-


2.Такла-Макан-

3.Янцзы,Хуанхэ,Сунгари,Сицзян-

4.Эгей,Мәрмәр-

5.Қызыл-Ирмак-

6.Босфор, Дарданеллы-

7.Ұлы Қытай-

8. Понтий, Тавр -

9.Сянган-



10.Ван,Тұз-
Сабақты қорыту:


Үйге тапсырма:






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет