Сабақтың тақырыбы : Жалбыз дәрілік өсімдігі Сабақтың мақсаты



жүктеу 59.45 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі59.45 Kb.
түріСабақ

Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас биолог» үйірмесінің мұғалімі:

ЖЫЛҚЫБАЕВА МИРА АБДРАХИМҚЫЗЫ





Сабақтың тақырыбы : Жалбыз дәрілік өсімдігі

Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Жалбыз дәрілік өсімдігі жайында толық мәлімет беру.



Дамытушылық : Сөздік  қорын  молайту,


тілдік  белсенділік  қызметін  арттыру.

Жалбыз өсімдігін есте  сақтау, қабылдау,

ойлау  сезімдерін  дамыту.
Тәрбиелік : Түған елінің табиғатына, өсімдіктерге қамқорлық

көрсетуге, күтуге, сүйіспеншілікке жастайынан тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілі : сұраққа жауап алу,түсіндіру
Пән аралық байланыс : сурет, өлкетану
Көрнекілігі : суреттер, ребус, ойын түрлері, кубизм,

С А Б А Қ Т Ы Ң Б А Р Ы С Ы :


  1. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылар мен сәлемдесу

Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
Шаттық шеңбері

- Ал енді мен «сиқырлы таяқшаны» берейін. , айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?



Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.

– Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?

(Балалардың жауаптары.)

− Рахмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Гүл күлтешесін ашу ойыны арқылы

  1. Дәрілік өсімдіктерді ата?

  2. Өсімдіктердің адамға тигізер пайдасы?

  3. Суыққа төзімді өсімдіктерді ата?

  4. Өсімдіктердің бірлесіп өсу бейімділігі.

  5. Адамның өсімдікке тигізер пайдасы қандай?

  6. Қазоты қандай өсімдік?


ІІІ. Оқушы білімін тексеру.
Ребус арқылы


  • Балалар, қандай сөз шықты ?

  • Жалбыз.


ІV. Жаңа сабақтың мақсаты

Олай болса бүгінгі сабақта жалбыз дәрілік өсімдігі туралы толық мәлімет

аламыз.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес дәрілік өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – бұрышты жасыл жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді.Маусым тамыз айларында гүлдейді. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Сабаққа қарама қарсы орналасады Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.. Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген.




Жүздеген ауруға ем деп айтады.

«Жалбызды жерде жан қалады»

деген мәтел бұл өсімдіктің емдік қасиетіне айтылса керек. Көктемде жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады.Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады. Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық - несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға қолданады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі Жапырағында 5 пайыз эфир майы болады. Бұл майдың негізгі құрамы ментол.Және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен порфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады, сондай ақ тіс порошогы мен пастасын жасауда пайдаланады.. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.

Жалбыздың пайдасы

Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларда қол жетімді бағада сатылады.



VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Кубизм әдісі арқылы

  1. Жалбыз қандай өсімдік?

  2. Жалбыздың шәйінің пайдасы қандай?

  3. Жалбыз өсімдігін суретін сипатта?

  4. Қандай ауруларға ем?

  5. Басқа өсімдіктерден ерекшелігін ата

  6. Жалбыз қандай жерлерде өседі?


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу түр.
Оңға - оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.
Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесін ескере отырып, сарамандық жұмыс жасау.

Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1   стақан ыстық суға салып тұндырады

да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен біріндей мөлшерде

ішеді.

жалбыздың суретін салып қорғау.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту

Биологиялық диктант

  1. Жалбыз қосылған шәй ..... ауруымен ауыратындарға,тамақтан ......,асқазан –бауыр ауруы мен ауыргандарга, ..... жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы.

  2. Жалбыз қосылған шәйді: ...... жоғары адамдарға,..... жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды.

  3. Жалбыз қосылған ....... адам ағзасын тазалайды.

  4. Қазақстанда оның екі түрі кездеседі – ........,.........

  5. Жалбыз өсімдігінің .......... адам ағзасына керекті ......... көп.


Қорытынды

Бүгінгі сабағымызда біз жалбыз өсімдігінің пайдасын емдік қасиетін

түсіндік. Мінеки балалар өсімідктердің адамға тигізер пайдасы өте мол.

Сондықтан біз өсімдіктерді аялап, қорғап жүруіміз қажет.



«Білім ағашы»



Бағалау

VIIІ.Үйге тапсырма.

Жалбыз туралы қосымша мәліметтер жинап келу.
Каталог: uploads -> doc -> 009a
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
009a -> Билет №1 Менің әжем
009a -> Шетпе гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет