Жарыққа шыққаны 20 жыл болса да ел ықыласына бөленіп келе жатқан “Көшпенділер” фильміндегі басты рөлді сомдаған актриса Аянат Есмағамбетова елге оралды. Ол шетелдегі өмірі мен отбасын халыққа таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото бағдарламадан скриншот

Өнер иесі отандық The DS' Show бағдарламасына қатысты. 

“16 жылдан бері өмірімде өте көп өзгеріс болды. Ең бірінші жаңалығым, тұрмыс құрып, үш баланың анасы атандым. Жолдасым да өнерден алыс емес. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрып жатырмын. 16 жасымда шетелге кетіп едім, содан енді келіп тұрмын. Ол жақта актриса мамандығында оқыдым. Одан кейін кино мен сән әлемінде жұмыс істедім. Негізі шетелге кетуімнің өзіндік қызыққа толы тарихы бар. Тек бір айға ғана барамын деп ойладым. Театр студиясында білім алғаннан кейін, көп ұсыныс түсе бастады. Жақсы жалақы болды. Елге қайтамын ба, әлде осында қалып мүмкіндікті пайдаланамын ба деп ойлап жүргенде жолдасыммен таныстым. Содан тағдырым өзгеріп сала берді. Ол кісіде өнерімді қолдайды. Аздап музыкаға жақын”, – деп ағынан жарылды актриса.  

  • Неліктен кинотеатрларда қазақтілді фильмдер жоқ — Министр Аида Балаева түсіндірді

  • Голливуд Қазақстанды Ресейге фильм сатты деп айыптауда

Сондай-ақ, өнер иесі өткенге шегініс жасап, “Көшпенділер” жобасын да есіне алды. 

“2005 жылы “Көшпенділер” фильміне түстім. Ол кезде жасым 16-да еді. Мені халыққа танытқан ең мықты жоба болды. Бірақ 14 жасымда “Қыз жылаған” фильміне түстім. Ол кезде де халық жақсы қабылдады. “Көшпенділерді” де халық ұмыта қойған жоқ деп ойлаймын. Әбілмансұрдың сүйіктісі Гауһарды сомдаймын. Фильмге қазақ актерларымен қатар шетелдік кино жұлдыздары да түсті ғой, бірақ шетелде тұрсам да әріптестеріммен араласпаймын. Осы фильмнен өте көп тәжірибе жинадым. Атқа отыру, ат үстіндегі трюктарды өзім жасадым”, – дейді өнер иесі. 

Сонымен қатар актриса жолдасы туралы да айтты. 

“Жолдасым грузин ұлтынан. Америкада жүргенде таныстым. Бизнес саласында жұмыс істейді, бірақ өнерге де жақын. Продюсерлікпен айналысады. Некемізді Грузияда қидырдық. Бақытты сәтімізге куә болған ағайын-туыспен бірге ел президенті Саломе Зурабишвили де қатысты. Біз отбасымызбен бірге араласатын достармыз. Ол кісі мен актриса ретінде таниды екен. Картиналарымды көріпті. Содан тойымызға шақырдық”, – дейді кино жұлдызы. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.