Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»



жүктеу 66.07 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі66.07 Kb.
түріСабақ




Сыныбы:

4 «а»

Пәні:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Қ. Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»

Мақсаты:

Өлең мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Қайрат Жұмағалиев өмірі ,шығармашылығы туралы мағлұмат беру.

Жетістік критерийі

  • Қ. Жұмағалиев туралы мәлімет алады.

  • Өлең мазмұнын ашады.

Сілтеме:

Әдебиеттік оқу, 4 сынып. Әдебиеттік оқу әдістемесі, 2015 жыл.

Күтілетін нәтиже:

  • Ақын шығармашылығымен танысады.

  • Өлең мазмұнын ашады.

  • Шығармашылық жұмыс жасайды, өлеңге сатылай – кешенді талдау жасайды.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Жазушының портреті,А3 форматтағы қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақшалары, видео.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Модульдердің ықпалдасуы:



Оқыту әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, бірлескен оқу.

«Ой қозғау» әдісі

«ДЖИГСО» әдісі

«Біреуін аласың-біреуін бересің» әдісі

«Соңғы 1 минут»

Қалай оқу керектігін үйрену, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ,Жас ерекшелік,

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, Диалогтік оқыту.


Негізгі дереккөздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2015 жыл, әдебиеттік оқу оқулығы, әдістемелік жұмыс, ақпарат көздері.

Сабақтың барысы:

Мұғалім әрекеті:

Тапсырмалар береді.



Оқушы әрекеті:

Тапсырмалар орындайды, талдайды.



Ұйымдастыру.

2 минут


Көңіл-күйді білдіретін смайликтерді үлестіру.

Өздерінің көңіл-күйлеріне байланысты смайликті алып, кәрзеңкеге салады.

Қызығушылығын ояту

3 минут


Топтарға бөлу:

«Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтқызу.

«Әрқашан күн сөнбесін» өлеңін айтады.

Үй тапсырмасын сұрау.


Балалар, біз қандай тарауды аяқтадық?

Қандай шығармалармен таныстық?







Білу.

Видео ролик көрсету.

«Ой қозғау» әдісі

Топтастыру.

3 минут


Видео ролик жүргізіледі.

«Соғыс» туралы білгендерін сұрау.

– Достық ,татулық ,бірлік жайлы мақалдар.(Енді соғыс болмасын)

- « Сөздер жасырынып қалды» МАЕРН СИОПҒНЫУСАТЛЫ ЖУЕРК КБӨЕРДЕЖМ (Мен соғысты жек көрем)

– Соғыс түрлері (Дүниежүзілік, Азаматтық, Ұлт - Азаттық)

– Қару – жарақ түрлері (Салыстырмалы түрде)



Оқушылар видео ролик көріп,соғыс туралы білгендерін айтып топтастырады..
Мақал-мәтелдер айтады. Соқыс түрлерін және қару –жарақтарды салыстырмалы түрде айтып береді.

Түсіну.

Жаңа сабақ.

3 минут


Ақын Қайрат Жұмағалиев жайлы мағлұмат беріледі.

(Арнайы берілген үй жұмысы бойынша Мударисова Аружан автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметпен таныстырады)



  • 1937 жылы 16 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында, Бесқұдық ауылында дүниеге келген.

  • ҚазҰУ – ды бітірген.Ақын , Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

  • Поэмалары : «Беймаза Бақыт», «Дос құшағы»

  • Өлеңдері : «Сыр өңірі», «Шиелі», «Туған ел»

  • Аудармалары : А. Дюманың атақты «Граф Монте - Кристо»



Жазушы туралы мәлімет ала отырып, өз білгендерімен ой бөліседі.



Қолдану.

Оқулықпен жұмыс

Жұптық жұмыс

ДЖИГСО әдісі

7 минут



«Өзіміз оқып танысайық, әңгімелейік»

Өлеңді бөлікке бөліп оқып, бір-біріне айту.
Сөздікпен жұмыс:

Дәптермен жұмыс

Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы

Жырақ – шалғай, алыс, қашық

Ғұмыр бойы – өмір бойы

Аудио жазбадан өлеңді жіберу.

Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

-Балалар алда қандай мерекелер келе жатыр?

-1 мамыр Бейбітшілік-ынтымақ күні

-7 мамыр Қарулы күштер

-9 мамыр. Ұлы Жеңіске 70 жыл (Ұлы Отан соғысы жайлы мәліметтер)

Берілген өлең жолдарын көпше түрде айту.

Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең-ақ ер жетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетем!

адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген!


Өлеңді бөлікке бөліп оқи отырып, өз түсініктерін, өз көзқарастарын айтады.

Әр жұп өзіне берілген өлеңдегі жолдарды түсініп оқып, өлеңнің мазмұнын ашып әңгімелеп береді.

Аудиожазбадан өлеңді тыңдайды өздері мәнерлеп оқиды.

Берілген өлең жолдрын көпше түрге аналдырып, айтады.


Біз соғысты жек көреміз!

Күні ертең-ақ ер жетеміз!

Қиялымызды өрлетеміз!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетеміз!

Адамзатты жеткіземіз,

Арманына жетпеген!


Талдау-жинақтау.

Видео ролик

«Біреуін аласың-біреуін бересің» әдісі

12 минут


-Өлеңде жиі қайталанатын сөз ?

-Неліктен қайталайды?

-Автордың көңіл – күйі ?

-Осыған орай тапсырма.

Синквейн әдісі

(1. Не? 2.Қандай ? 3. Не істеді? 4 Сөйлем 5 Мағыналас сөйлем)

1 жұп– Соғыс ардагеріне мың алғыс! (Немересінің атынан)

2жұп – Дүниежүзі балаларына соғыс болмас үшін (Оқушылар атынан)

3 жұп – Ел президенті Н.Ә. Назарбаевқа (Халық атынан)

4 жұп– Соғыс жүріп жатқан елдерге (Қазақ халқы атынан)


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жұптық жұмыс жасай отырып, хат жазады.



Бағалау.

«Соңғы 1 минут»

З минут


 I жұп:

 Сіз жасаған соғыстағы,

_____________  ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

______________  толы ғой.

ІІ жұп:

Салып кеткен сара жолың,

_____________ бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

_____________ қалады.

ІІІ жұп:

Сарғая күткен ұлы күн,

__________ төккен күн.

Бағына талай баланың,

__________ Жеңіс Күн


Сабақты қорытындылау.

Рефлексия бөлімі.

2 минут


«Шабадан. Еттартқыш. Қоқыс жәшігі» арқылы кері байланыс алу.

Елім деген ерлердің,

Аты ешқашан өлмейді.
Мәңгі алаудың жалыны,
Ешқашан да сөнбейді,
Ұрпақтарың сізге ұқсап,
Жауға жерін бермейді.


Оқушылар стикерлерге жазып, әр суреттің астына жапсырады.

Балардың тілегі

Жау жағадан алмасын!

Ана баласын жоқтамасын!

Бала әкесіз қалмасын!

Сәбилердің ұйқысы бұзылмасын!

Жер ана күңіреніп күрсінбесін!

Соғыс енді болмасын!



Үйге тапсырма:

  1. «Мен соғысты жек көрем» өлеңін мәнерлеп оқып келу.

  2. «Бейбітшілік тақырыбында эссе жазып келу.

Оқушылар ізденеді.Ақпарат көздерін пайдаланады.

Бағалау.

2 минут


Қалыптастырушы бағалаулар:

  • «Бағдаршам» арқылы

  • Өзін-өзі бағалау.

Жиынтық бағалау

Оқушылар түгел бағаланады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет