Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/4
Дата13.12.2017
өлшемі0.59 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Кіріспе сабақ

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Қазақ тілінің қоғамдағы ролі туралы сұраймын

.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі.

Тарихын тым тереңнен бастау алатын тіліміздің сонау есте жоқ ескі замандардан –ақ саясат, шаруашылық, тұрмыс,рухани құндылықтар тілі болғанын дәлелдер , деректер де жеткілікті.

Сөз мәдениетінің негізін тағы да ұлттық әдеп пен тәрбиеден табамыз. Әдептіліктің өзін әдемілікке балаған ел дәстүрі өз тілінде таза да көркем сөйлеуді қажет етеді. Ол үшін ұлттық тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін күнделікті өміріміздің дәстүрі мен қарым-қатынас негізі етуіміз керек екені белгілі.

Бүгінгі қоғам бізден ұлттық дәстүрдегі тіл үлгілерін жетік білумен бірге іскерлік қарым-қатынастағы оқу,жазу, сөйлесу дағдыларын халықтық негізде қалыптастыруымызды талап етеді. Осындай тілдік дағдыларды қалыптастыруда,сөйлеу, жазу түрлеріне машықтануда талдау мен талқылау,үйрену сияқты түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша жұмыстарын неғұрлым көбірек жүргізгені жөн.

Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт ділін, қасиетін, мінезін,ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін ,халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту болатынын естен шығармайық.



Ойтолғау өткізу: Біз өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы тілдер жөнінде ой қозғай қалсақ, ең алдымен қоғамдағы тілдің мәні мен маңызы, оның адам өміріндегі орны, шығу тегі мен қалыптасуы, дамуы жөнінде не айтар едік? «МЕН-ТІЛ-ҚОҒАМ» тақырыбында өз пікірімізді ортаға салып көрейік.

Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қазақ тілі туралы өлеңдер жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Қазақ тілі - ұлт тілі

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі –ұлт тілі екендігі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, таблицалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Дүние жүзінде халық та, тіл де көп. Ұлттарды бір-бірі-нен ажыратып бөлетін де, жақындастырып туыс ететін де (басты белгісі) - оның тілі. Тіл - әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.

Қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Қазақ тілі қазақ хал-қының тілі ретінде таным, дәстүр, рухани құндылықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де ат-қарып келеді. Кез келген ұлт, халық ең бірінші рухани өресімен, жан байлығымен өлшенеді. Ал халықтың өнері, мәдениеті - тілінде.

Қазақ тілі - көркем, сұлу да бай тіл. Тілімізде өнеркәсіп, техника, білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттың өзіне тән қалыптасқан лексикасы, жүйеге түскен жазу дәстүрі, нақтыланған стильдік нормалары бар.

Тілдің сөздік құрамы - өз халқының тарихы, тұрмысы, шаруашылығы мен қоғамдық-саяси өмірінің, рухани бай-лықтарының айнасы. Қоғамдық-саяси, шаруашылық, тұр-мыс, тарихи өзгерістердің, тіпті құбылыстардың да ізі тілде қалады.

Қазақ тілінің қоғам, өнер, мәдениеттегі орнын анық-тар басты белгілері оның бірнеше негізгі қасиеттерін ашады:

-сөздік қоры бай, сөйлеуге оралымды;

-тілдегі сөздер бір-бірімен тіркестіруге, құрастыруға


-икемді, грамматикалық тәсілдері мол;

-дыбыстар арасындағы үндестік құлаққа әуезді естілуіне,


тартымды жетуіне қызмет етеді.

Кітаппен жұмыс: 1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

Жаттығумен жұмыс: 3-жаттығу сөздердің мағыналарын анықтап,кестені толтырыңдар, әрқайсысына ауызша сөйлем құраңдар.

Ақберен,ақбөкен,алаша,әбес,айтымпаз,айығу,айғайлау,әупілдек,өрескел,әлеумет ,сергу, томаға,бесін, кілем,керік,ләйлек, әсемпаз, сұңқар, қылаң, сөйлеу, жүгіру.

Зат атауы

Жан-жануар құс атауы

Сын,бейне,түс,қасиет

Қимыл-қозғалыс

уақыт


















Білімді бекіту : Өткен тапсырма бойынша Тілдің қазіргі кезде шешілмей жүрген проблемалары жөнінде ойтолғау айтады.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 2-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы : Тамыры терең, тарихы бай тіл

Сабақтың мақсаты : а) қазақ тілі тамыры терең, тарихы бай тіл екендігі туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, балаларды тапқырлық ,жылдамдық есте сақтау қабілеттерін арттыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар т.б

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі тілдерінің қыпшақ –ноғай (Н.А. Баскаковтың топтастыруы бойынша) тобынан тарайды. Түркі тілдеріне қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар, құмық, башқұрт т.б. тілдері жатады. Түркі тілдеріне ортақ әдеби, мәдени мұра – қазіргі қазақ халқының да рухани құндылықтары.

Көне жазба мұралар (ХІV-ХV ғ.ғ. дейінгі)


1.

Көне түркі кезеңі

ҮІ-ІХ ғ.ғ.

Орхон-Енисей, Талас ес-керткіштері, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» т.б.

2.

Ислам дәуірі

Х-ХІІ ғ.ғ.

Әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы», «Аргонон», «Логика» т.б.), М. Қаш-қари («Түркі сөздерінің жинағы»), Ж. Баласағұ-ни («Құтты білік»), А. Иассауи («Даналық кітабы»), А. Иүгінеки («Ақиқат сыйы») т.б.

3.

Алтын Ор-да - Қып-шаң дәуірі

ХІП-ХІУ ғ.ғ

«Кодекс куманикус», Рабғузи («Рабғузи қис-салары»), Құтып («Хұс-рау-Шырын»), Хорезми («Махаббатнама») т.б.



Жаттығумен жұмыс: 4-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.аудармасын түпнұсқасымен салыстырыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Мына сөздерден сөз тіркестерін жасаңдар.

Шегір,оқалы, лауазым,лебіз,манат,ойпаң,өктем,перне,рухани. Сонар,сәйгүлік, сүліктей, сүрме, сырғауыл, доғал,дода,ғибрат.

2-топ: Сол сөз тіркестерінен сөйлем құрастырады.

Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 7-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,қосымша материалдар т.б.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Тіл адамзат қоғамындағы ортаны біріктіруші ұйымдастырушы. Ендеше тілдің негізгі қызметі – қоғам мүшелерінің бір-бірімен сөйлесу, пікір алысу, арасын

жалғастырушы қызметін, яғни қазіргі, бүгінгі, келешек арасына дәнекер болатынын да еске алатынымыз сөзсіз.

Тілдің, сөздің осындай қызметтерімен бірге халық жанында сөз киесін, сөз дауасын, сөз құдіретін, қасиетін құрмет тұтар тыйым сөздер, мақал-мәтел, даналық ойлар сөз тіркестерінің де қолданар орнына қарай өз ерекшеліктері сақталған.

Қазақ халқы «Жақсы сөз - жарым ырыс» дейді. Жақсы тілек, игі ой адамды бақытқа жеткізеді деген түсінікті ашады. Жақсы сөз естіп, білгір жанмен әңгіме құрса, «бір жасап қалдым» деген.

Қазақ халқы бір-бірінің қуаныш пен қайғысына, шаттық пен мұңына ортақтасып отыруды парыз санаған. Қуанышқа құтты болсын айтып, қайғы-мұңды сөзбен, тіл күшімен сейілтуді дәстүр еткен.

Халықта барлық қызық пен қуаныш, қайғы мен зар сөзбен өрнектелсе, дау-дамай, ұрыс «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» шешілген.

Қазақ тіліндегі ұлттық дәстүр, тағлым, таным сипатындағы сөздер қоғамның түрлі сатысында алуан жағдай, жайға қарай үлкен қызметтер атқарған. «Айтылған сөз - атылған оқ» деген халық қағазға түспесе де, хатқа жазылып басылмаса да, кесімді уәжді, қорытылған тұжырымды заң деп қабылдаған. Тілдегі сөздің осындай ерекшеліктерін ескеріп, қоғамдық қызметін шартты түрде төмендегідей негізгі топтарға бөлуге болады:

-дау-дамай, ұрыс, қақтығысты шешетін сөздер (шешендік сөздер, билер дауы);

-сенім, күш, айбын болатын сөздер (сыйыну, табыну сөздері);

-ем, дауа, тән жарасын жазар сөздер (аластау, бәдік т.б. түрлі ауруларды емдеу кезінде айтылатын сөздер);

-өткенді екшеп, болашақты болжар сөздер (бал ашу, құмалақ салу, қобыз ойнау, т.б.);

-тілек, жақсылыққа арналған сөздер (бата, тілек, алғыс);

-тыйым сөздер, қарғыс сөздер;

-жан жадыратып, көңіл өсірер, қуаныш әкелер сөздер (қошемет, қоштау);

-есе қайырып, кек қуып, намыс оятар сөздер (аруақ шақыру, ата-баба аруағына сыйыну);

-қуаныш, қайғыға ортақтасар сөздер (құттықтау, көңіл айту).

Жаттығумен жұмыс: 10-жаттығу. Сөйлемдерді топ-топқа бөліп жазыңдар


Тыйым сөздер

Тілек сөздер

бата

Болжау,жол ашу

Қошемет, сүйсіну
















Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 11-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні

Сабақтың мақсаты : а)Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі туралы түсінік бере отырып, қазақ тілінің мәртебесін аяққа баспай қашанда биік ұстауға үйрету;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылқ қасиеттерін қалыптастыру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу,

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақтың рулық, халықтық дәстүр, әдетті берік ұстанған ортасы тілді де әр сөйлеуші, тұтынушының қоғамдағы орнына қарай ыңғайлай, орнымен қолдануын талап еткен.

Жас ерекшелігіне қарай, ел-жұрт алдындағы беделі мен қызметіне, сіңірген еңбегіне қарай әркімнің айтар сөзі, сөз қолданар орны болады. Топ алдында елге арнала айтылар сөзді жасы үлкен аңсақал, қариялар, ел сыйлайтын азаматтар бастаған. Жасы кіші солардың рұқсатымен немесе сұрауымен ғана сөйлеген. Бұның бір жағы ортаны сыйлау, елді, үлкенді, дәстүрді құрметтеу болса, екінші жағы - тілдің тәрбиелеуші қоғамдық қызметінің көрінісі.

Қоғамдық қатынастағы тілді іскерлік қатынаста және әлеуметтік-тұрмыстық қатынаста қолданылатын сөздер деп бөлуге болады. Тарихи қалыпта алар болсақ, билер сөз жарысы, ел мен жер дауына қатысты сөз қағыстары, пікірлесу, сұхбаттасу, мәміле, келісім сияқты сөз қолданыстарын қазіргі қазақ тіліндегі іскерлік қатынастағы сөздердің бастауы деуге негіз береді.



Жаттығумен жұмыс: 12-жаттығу. Амандасудың әр түрі кімге қатысты екенін айтыңдар.

Топпен жұмыс: 1-топ: Бірнеше мақал-мәтелдер айтады.

2-топ: Мақал-мәтелдердің қандай мінездерді бейнелегенін айтады.

Мысалы: Сөйлегенді үндемеген жеңеді (шыдамдылық,сабыр.)

Сұрақ-жауап: «Сәлем бере білесің бе?»

  1. «Сөз анасы-сәлем» дегенді қалай түсінесің?

  2. Сәлем беру деген не?

  3. Екі адам кездессе, кім бірінші сәлем береді?

  4. топқа қарсы келгенде кім бұрын сәлем беру керек?

  5. Сәлемдесу әдебін қалай жасаған жөн?

  6. Сәлемді қалай алған,қабылдаған дұрыс?

  7. Өзің сәлем бере білесің бе?



Білімді бекіту : Өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : 14-жаттығу.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл

Сабақтың мақсаты : Білімділігі: қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, ,талдауға баулу.

Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.

Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының тұрмыстық қарым-қатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың шеңберінде таразыға түсіп тұрады.

Болашағын баласының адал, бақытты ғұмырымен ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Өркенің өссін!», «Қадамыңа нұр бітсін!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді

Қоғамдық, саяси, шаруашылық, тұрмыстық өзгерістерге байланысты тілде де өзгерістер болып тұруы заңды. Сөздер көнереді, жаңа сөздер кіреді немесе тілдегі бар сөздер жаңа мағынаға ауысады. Әдеби тіл үнемі даму мен қозғалыста болады.

Әдеби тілдің өзі де - жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Ұлттық тіл өзі қызмет ететін халық тілінің қарым-қатынас құралы болатынын есепке алсақ, қазақ тілі де қазақтың қоғамдық өмірінде, саяси-шаруашылық тұрмыстық ісінде рухани байлығы ретінде де қызмет атқарады.

Қоғамның өзгеруіне қарай тілдің стильдерге тармақталуы тілдік нормаларды қалыптастырады, әрі әлеуметтік-тұрмыстық тілдің жаңаруына, дамуына негіз болады.

Тілдің басты қызметі - халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы. Ендеше әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болуымен мәнді. Таратып айтар болсақ онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар.


Жаттығумен жұмыс: 17-жаттығу. Үлгіні пайдаланып,бірнеше мәтін түрін жазыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: 18-жаттығу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Диктант

Сабақтың мақсаты :

а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.

ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.

б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : қайталау

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі : диктанттар жинағы

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқушылардың зейінін аудару.

Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазып қоямын.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру;

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін.

Ағайындар

Құнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын малды. Сөзге жүйрік мінезбенен іске де алғыр. Осының бәрі өз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын. Бірақ, Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса,әлсіз жері де осы тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып,құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы-ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.

Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық-жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. Оны Құнанбай біледі. Бірақ, осындай қын қосарына ілестірсе болғаны. Түбі ,бәрінің де бағатын таразысы –ел. Сол елдің алдында байлауды Құнанбаймен бірге байласқан. Осылар болған соң жетті. Күйсе Құнанабайлармен бірге күйеді. Ал, ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Құнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген,елемеген кісі тәрізді болатын.

Бөжей-қалың жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кеңгірбайдай теріс азу,мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы ,жортуылшы жігіті көп шықты. Шетінен сөзуар жігітек. Байсал да сондай мол ру көтібақтың тұрғысы. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын,көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша ағайынды елдер ішінде ең азы-бөкеншінің кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінің кірмелеу туысы-борсақ. Жаңағы бұлар сөз қылған Қодар-сол борсақ болатын.

Құнанбай болса ырғызбай руынан. Бұл бас жағына келгенде жігітектен де,көтібақтан да аз. Бірақ әрі малды,әрі көптен бері тобықтыны билеп –төстеп келе жатқан ауылдар.

Мұхтар Әуезов (207 сөз)
Мәтінді тағы да бір рет оқып беремін, оқушылар тыныс белгілерін қояды.
Үйге тапсырма : қайталап келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың мақсаты: білімділік –оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімдерін бағалау,біліктілік деңгейлерін байқау; дамытушылық – оқушының пәнге қызығушылығын арттыру,білім алуға деген саналы көз қарастарын,танымдық,ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру; тәрбиелік – іс-әрекет,мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге,өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау,дамыта оқыту,тест,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар,кеспе қағаздар,бағалау парақтары,тапсырмалар жазылған көрнекі плакаттар.

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі: а) кабинет жағдайы(кабинет ауасының тазалығы,бордың болуы); ә) оқушыларды түгелдеу,журналға белгі соғу; б) оқушылар назарын сабаққа аудару.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет