Сабақтың тақырыбы : Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар. Сағат саны: 2 сағ. 90 мин(100%)



жүктеу 1.14 Mb.
бет1/8
Дата25.03.2019
өлшемі1.14 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Информатика пәні мұғалімі: Қалтаева Ажар Кемелбековна


ИНФОРМАТИКА ПӘНІ бойынша әдІСТЕМЕЛІК өңдеу

Шымкент- 2018 ж.


  1. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар.

  2. Сағат саны: 2 сағ. 90 мин(100%)

  3. Сабақ түрі: түсіндірмелі аралас сабақ.

  4. Сабақтың мақсаты:

    • оқыту: оқушыларды MS Word мәтіндік редакторының негізгі командалары және элементтерімен таныстыру.

    • тәрбиелік: MS Word мәтіндік редакторы арқылы оқушыларды жинақы және сауатты жұмыс істеуге баулу.

    • дамыту: оқушылардың мәтін теру арқылы пернетақтамен жұмыс істеу тәжірибесін арттыру.

  5. Оқыту әдісі: көрме, модульдік оқыту.

  6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: компьютерлік класс

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Информатика. М. Қ. Байжұманов, Л. Қ. Жапсарбаева. Астана, 2004 ж.

  2. Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, 2000.

  3. Информатика. М. К. Изтлеуов, А.И. Беккужина, Н.К. Жалимбетова. Ақтөбе, 2005 ж.

  4. Информатика А.С.Есенов ISBN 5-94387-034-2 базалық курсқа арналған оқулық.

  5. Информатика О.Камардинов 1,2 бөлiмдерi Шымкент қаласы, 2000 ж.

  6. EXCEL 97–Лабораториялық жұмыстар жинағы. Р.Бекмолдаева, Р.Джеренова, Шымкент, 2000.

  7. Информатика пәнiнен лаборатория­лық жұмыстар мен тест сұрақтары. Т.Тәшiмов, Ә.Муратов, Қ.Мамаев. Шымкент, 2001.

  8. Интернет желісінің құрылымы. Ш.Қ.Дидар, 2000. №2.

  9. Интернет әлемі. Ш. Қ.Дидар. 2004, № 3.

  10. Интернет туралы біз не білеміз? Ш.Қ.Дидар, 2000.

11. Шөкіш А. Интернет. Алтын орда. 2001. № 5.

Қосымша (Қ)

  1. Информатика С.В.Симонович. Базовый курс. ISBN 5-8046-0104-2-СПб.Питер 2002

  2. Веретникова Е.Г., Патрушина С.М., Савельева Н.Г. Информатика: Оқу құралы. Серия “Оқу курсы”.- Растов на Дону: Март, 2002.

  3. Персональный компьютер С.В.Глушаков, Мельников И.В. ISBN 966-03-0964-Учебные курсы. Харьков, 2000.

  4. Excel-2000 Джен Вейсскопф. Базалық курс.ISBN 5-88547-070-7 (русск).:

  5. Пер.с.англ,- К.. ВЕК+,М.. ЭНТРОН, СПб.:КОРОНА принт, 2000.-400с.,

  6. Micrоsоft Accеss-2001. Б.Карпов. ISBN5-8045-0062-0. Справочное-СПб.:Питер

  7. Информатика А.С.Есипов ISBN 5-94387-034-2. Учебник по базовому курсу. Изд.2-е, доп. и перераб.- СПб:Наука и Техника , 2001 г.-384 с.

  8. Компьютерная графика М.П.Петров, В.П.Молочков Уч СПб: Питер, 2002.

  9. Экономическая информатика П.В.Конюховский және Д.Н.Колесова редакциясынан. ISBN 5-272-00219-9 СПб: Питер, 2001.

  10. POWER-POINT программасы /лабораториялық жұмыстар/. I.Мамаев. Шымкент, 2002.

  11. Информатика /лабораториялық жұмыстар жинағы/. Ерматов Ш, Изтаев Ж, Мамаев Қ, Карiбаева Г. Шымкент, 2003.

  12. Есептеу техникасы және ЭЕМ-де программалау. Г.Л.Айдосов, О.Д.Ершiбаев.

  13. Есептеуiш техника және информати­ка. I-II-бөлiм /лабораториялық жұмыстар, оқу-әдiстемелiк құрал/. Е.Бәйдiбекова, Ө. Исатаева, Л.Әбiшева. Шымкент, 2001ж., 2003ж.

  14. MS ACCESS /лабораториялық практикум/. Р.Қадiрбаева,Ө.Исатаева. Шымкент, 2003.

  15. MICROSOFT ACCESS –2000 /электронды оқулық/. Р.Джеренова, Шымкент, 2003.

  16. Информатикадан лабораториялық жұмыстар жинағы /электронды оқулық/.

  17. Информати­ка. /лабораториялық жұмыстар оқу-әдiстемелiк құрал/. Е.Бәйдiбекова, Ө.Исатаева, Л.Әбiшева. Шымкент, 2004.

8. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

      • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

      • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

      • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 14 мин (15%)

1. ЭЕМ-нің даму тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?

2. Қандай санау жүйелерін білесіз?

3. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын атаңыз.

4. Амалдық жүйе дегеніміз не?

5. Алгоритмнің түрлері және қасиеттері.



10. Жаңа сабақты түсіндіру 27 мин (30%)

Мәтіндік құжат – бұл алфавиттік – сандық символдардан басқа графиктік объектілерден және мәтінді пішімдеу туралы басқару ақпараттарынан тұратын мәтіндік редактордың көмегімен құрылған файл.

Объектілерді өңдеу редакторы word кез-келген атпен және doc кеңейтілуімен сақталады.

Word бағдарламасын іске қосқаннан кейін экранда оның негізгі терезесі ашылады. Word-тың терзесі төрт стандарт жолдардан (тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар панелі, күй жолы), сызғыштардан және жұмыс аймағынан тұрады:

Тақырып жолында құжаттың аты және терезенің өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады (2-сурет).




Мәзір жолы - Word-тың негізгі командаларынан тұрады. Тышқанның шертпесі осы мәзір ге кіретін командалар тізімін ашып береді (3-сурет).

Жиі қолданылатын мәзір командалры аспаптар тақтасында батырма түрінде бейнеленеді




Аспаптар тақтасы «Стандартты» және «Пішімдеу» деген бөліктерден тұрады. Қажетті аспаптар тақтасын экранда орнату үшін Сервис → Баптау → Аспаптар тақтасы (Сервис→Настройка→Панель инструментов) командасын орындап, пайда болған тізімнен Стандартты немесе Пішімдеу (Форматирование) бөлімдерінде белгісін қою керек (5-сурет).

Жұмыс аймағында құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу және пішімдеу, графикалық объектілерді кірістіру және кестелерді құру осы жұмыс аймағында жүргізіледі..

Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр→Сызғыш (Вид→Линейка) командасының көмегімен шығарып алуға болады.



Қалып-күй жолы – экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.

Редактордың негізгі атқаратын қызметі:

  • мәтінді енгізу;

  • радакциялау;

  • форматтау.

Редакциялау кезінде мәтінді өзгертуге және толықтыруға болса, ал форматтау кезінде мәтіннің ішкі жағын өзгертуге болады.

Форматтау – бұл мәтіндердің сыртқы түрі мен олардың беттегі орналасуын түрлендіру. Word бағдарламасында мәтіндерді форматтаудың бірнеше тәсілі бар:



  • символдарды форматтау – ол жеке символдарда немесе символдар тобында қолданылады;

  • азат жолдарды форматтау – азат жолдардың барлығын түгелдей форматтау үшін қолданылады;

  • автоформаттау – Автоформат стилін, шаблонын және командаларын пішімдеуде қолданылады.

Мысалы, символдарды қарайтылған, қисайтылған немесе асты сызылған түрде түрлендіруге болады немесе қаріптерді үлкен әріптермен теруге болады.

Жеке сзөдерді форматтау үшін сөздің кез-келген әрпінің біреуіне тышқан батырмасын апарып, басу жеткілікті. Осы әрекеттен кейін оның форматын өзгертуге болады.

Меңзер – бұл өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді перне тақтадан енгізгенде әріптің қай жерден пайда болатындығын көрсетеді.

Қатардың соңында келесі қатарға көшу автоматты түрде орындалады.



пернесін тек қана келесі азат жолға көшкенде ғана басамыз! Әйтпесе мәтінді форматтау қиындық келтіреді.

Компьютерде мәтінмен жұмыс жасаудың келесі мүмкіндіктерді бар:

  • мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін жолдар арасына жаңа жолдар қосуға, мәтін шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, оны баспаға қанша дана болса да шығаруға болады;

  • әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады;

  • мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірісітіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді! Пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады;

  • қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегіменмәтіндік пішімге келтіруге болады;

  • стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады;

  • мәтіндерді дискілерді қысып жазып қоюға болады.

Мәтінді пішімдеу - Пішім (Формат) мәзірінің немесе Пішімдеу (Форматирование) панелінің құралдарымен іске асырылады.

Негізгі пішімдеу тәсілдері:



  • қаріптің гарнитурасын таңдау және өзгерту;

  • қаріптің өлшемін басқару;

  • қаріптің түсі мен жазылуын басқару;

  • туралау әдістерін басқару;

  • маркерленген және нөмірленген тізімдер дайындау;

  • азат жолдың параметрлерін басқару;

  • қаріпті баптау.

Қаріп (Формат → Шрифт командасының көмегімен) сұхбат терезесінде қаріпті баптау жұмыстары орындалады. Microsoft Word 2000 версиясында бұл терезе үш бөлімнен тұрады: Қаріп (Шрифт), Аралық (Интервал) және Анимация.

Қаріп бөлімінде қаріптің гарнитурасын, өлшемін, түсін және т.б. параметрлерін таңдайды.

Пішім → Қаріп → Аралық (Формат → Шрифт → Интервал) бөлімінде символлдар арасындағы интервал таңдалынады. Интервал үш түрлі мәнді қабылдайды: кәдімгі, сиретілген, тығыздалған. Анимация әсері тек электрондық құжаттарды дайындағанда қолданылады.

Туралау әдістерін баптау. Microsoft Word процессорының соңғы версияларының бәрінде туралаудың төрт типі ұсынылған:



  • Сол жаққа - Ортада

  • Оң жаққа - Ені бойынша

Туралау әдістерін таңдау Пішімдеу аспаптар панелінің сәйкес батырмаларының көмегімен немесе Пішім → Азат жол → Шегіністер мен интервалдар → Туралау (Формат → Абзац → Отступы и интервалы → Выравнивание) командасымен орындалады. Таңдап алынған туралау әдісі ерекшеленген мәтінге және келесі терілетін азат жолға қолданылады.

Мәтінді редакциялаудың арнаулы құралдары. Мәтіндік процессор Кірістіру (Вставка) және Ауыстыру (Замена) режімдерінің бірінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Кірістіру (Вставка) режіминде енгізілген мәтін бұрынғы тұрған мәтінді жылжыта орналасады. Негізгі мәтіндік құжаттарды енгізу Кірістіру (Вставка) режімінде жүргізілсе, ал колонтитулдарды, қызметтік хаттарды толтыруды Ауыстыру (Замена) режімінде орындаған қолайлы.

Мәтінді түзетудің ағымдық режімі ЗАМ индикаторында көрсетіледі. Егер қалып-күй жолында ЗАМ индикаторы қосылып тұрса, онда түзетудің ауыстыру режімі орнатылған. Басқа режімге көшу үшін сол индикаторды екі рет шертіп, қажетті түзету режімін таңдап алу керек.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31 мин (35%)

Тапсырма 1. SINKAZ электрондық оқулығындағы №6 модульдегі тапсырмаларды орындау.

Тапсырма 2. SINKAZ электрондық оқулығындағы №6 модульдегі тест тапсырмаларына жауап беру.

12. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

1. MS Word дегеніміз не?

2. MS Word мәтіндік редакторының негізгі қызметі?

3. «Правописание» командасы мәзір қатарының қай пунктінде орналасқан?

4. MS Word құжатын қандай командалармен ашуға болады?

5. MS Word құжатын қандай командалармен сақтауға болады?



13. Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Н-5 – бөлім 2, бет 40-42, Қ -2 – бөлім 1, бет 33-46, Қ -16 – бөлім 3, бет 5-6



2 Сабақ


  1. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word–та құжаттарды құру және пішімдеу.

  2. Сағат саны: 2 сағ. 90 мин (100%)

  3. Сабақ түрі: түсіндірмелі аралас сабақ.

  4. Сабақтың мақсаты:

      • оқыту: MS Word-та мәтін енгізудің негізгі тәсілдерін, мәтінді өңдеу, тексеру және де пішімдеу тәсілдерін қолданып безендіруді үйрету.

      • тәрбиелік: MS Word мәтіндік редакторы арқылы оқушыларды жинақы және сауатты жұмыс істеуге баулу.

      • дамыту: пішімдеу режимінде орналасқан: символдарды, азат жолды, теңестіруді, қатараралық интервалдарды пішімдеудегі тәжірибелік дағдыларын меңгерту.

  1. Оқыту әдісі: көрме, модульдік оқыту.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспелер, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: компьютерлік класс

  1. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Информатика. М. Қ. Байжұманов, Л. Қ. Жапсарбаева. Астана, 2004 ж.

  2. Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, 2000.

  3. Информатика. М. К. Изтлеуов, А.И. Беккужина, Н.К. Жалимбетова. Ақтөбе, 2005 ж.

  4. Информатика А.С.Есенов ISBN 5-94387-034-2 базалық курсқа арналған оқулық.

  5. Информатика О.Камардинов 1,2 бөлiмдерi Шымкент қаласы, 2000 ж.

  6. EXCEL 97–Лабораториялық жұмыстар жинағы. Р.Бекмолдаева, Р.Джеренова, Шымкент, 2000.

  7. Информатика пәнiнен лаборатория­лық жұмыстар мен тест сұрақтары. Т.Тәшiмов, Ә.Муратов, Қ.Мамаев. Шымкент, 2001.

  8. Интернет желісінің құрылымы. Ш.Қ.Дидар, 2000. №2.

  9. Интернет әлемі. Ш. Қ.Дидар. 2004, № 3.

  10. Интернет туралы біз не білеміз? Ш.Қ.Дидар, 2000.

11. Шөкіш А. Интернет. Алтын орда. 2001. № 5.

Қосымша (Қ)

  1. Информатика С.В.Симонович. Базовый курс. ISBN 5-8046-0104-2-СПб.Питер 2002

  2. Веретникова Е.Г., Патрушина С.М., Савельева Н.Г. Информатика: Оқу құралы. Серия “Оқу курсы”.- Растов на Дону: Март, 2002.

  3. Персональный компьютер С.В.Глушаков, Мельников И.В. ISBN 966-03-0964-Учебные курсы. Харьков, 2000.

  4. Excel-2000 Джен Вейсскопф. Базалық курс.ISBN 5-88547-070-7 (русск).:

  5. Пер.с.англ,- К.. ВЕК+,М.. ЭНТРОН, СПб.:КОРОНА принт, 2000.-400с.,

  6. Micrоsоft Accеss-2001. Б.Карпов. ISBN5-8045-0062-0. Справочное-СПб.:Питер

  7. Информатика А.С.Есипов ISBN 5-94387-034-2. Учебник по базовому курсу. Изд.2-е, доп. и перераб.- СПб:Наука и Техника , 2001 г.-384 с.

  8. Компьютерная графика М.П.Петров, В.П.Молочков Уч СПб: Питер, 2002.

  9. Экономическая информатика П.В.Конюховский және Д.Н.Колесова редакциясынан. ISBN 5-272-00219-9 СПб: Питер, 2001.

  10. POWER-POINT программасы /лабораториялық жұмыстар/. I.Мамаев. Шымкент, 2002.

  11. Информатика /лабораториялық жұмыстар жинағы/. Ерматов Ш, Изтаев Ж, Мамаев Қ, Карiбаева Г. Шымкент, 2003.

  12. Есептеу техникасы және ЭЕМ-де программалау. Г.Л.Айдосов, О.Д.Ершiбаев.

  13. Есептеуiш техника және информати­ка. I-II-бөлiм /лабораториялық жұмыстар, оқу-әдiстемелiк құрал/. Е.Бәйдiбекова, Ө. Исатаева, Л.Әбiшева. Шымкент, 2001ж., 2003ж.

  14. MS ACCESS /лабораториялық практикум/. Р.Қадiрбаева,Ө.Исатаева. Шымкент, 2003.

  15. MICROSOFT ACCESS –2000 /электронды оқулық/. Р.Джеренова, Шымкент, 2003.

  16. Информатикадан лабораториялық жұмыстар жинағы /электронды оқулық/.

  17. Информати­ка. /лабораториялық жұмыстар оқу-әдiстемелiк құрал/. Е.Бәйдiбекова, Ө.Исатаева, Л.Әбiшева. Шымкент, 2004.

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин (6%)

      • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

      • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

      • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

  1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 14 мин (15%)

1. MS Word дегеніміз не?

2. MS Word мәтіндік редакторының негізгі қызметі?

3. «Правописание» командасы мәзір қатарының қай пунктінде орналасқан?

4. MS Word құжатын қандай командалармен ашуға болады?

5. MS Word құжатын қандай командалармен сақтауға болады?

10. Жаңа сабақты түсіндіру 27 мин (30%)

Жаңа құжатты даярлау. Word мәтіндік процессорінде жаңа құжатты даярлаудың екі әдәсә бар: дайын үлгіні пайдалана отырып және бұрынғы құжаттың негізінде даярлау.

Бұрыннан бар құжаттың көмегімен жаңа құжат даярлау үшін келесі амалдарды орындау керек:

- дайын құжатты ашу керек (Файл→Ашу (Открыть));

- оны жаңа атпен сақтап қояды (Файл→Деп сақтау (Сохранить как));

- ондағы бар мәтінді ерекшелейді (Түзету (Правка) → Барлығын ерекшелеу (Выделить все));

- Delete батырмасымен оны өшіреді.

- Нәтижесінде жеке атауы бар, бастапқы құжатқа тән параметрлері бар бос жаңа құжат алынады.

Бұл тәсілмен құжат даярлау жаңадан бастаған қолданушылар үшін қолайлы. Өткені олар алғашқыда өз бетінше үлгі құрып не оны қолдана алмайды.

Үлгі негізінде жаңа құжат дайындау. Үлгі деп әр түрлі төтенше жағдайлардан сақтандырылған құжаттардың үлгілерін айтамыз. Дайын үлгі негізінде құжат даярлау келесідей орындалады:

- Файл→Құру (Создать) командасымен Файлды құру (Создание файла) сұхбат терезесін ашып алады. Сонда Құжатты құру (Создание документа) ауыстырып-қосқышын қосып, үлгінің түрін таңдап аласыз. Даярланған құжатқа жаңа ат қойып, Файл→Деп сақтау командасын бересіз.

- Microsoft Word мәтіндік процессорының Құжатты сақтау (Сохранение документа) сұхбат терезесі басқа стандартты қолданбалы бағдарламалардың сақтау терезелерінен өзгеше. Мұнда менің құжаттарым (Мой документы) қаптамасынан өзге қаптамаларға сақтау ұсінілады.

Құжатты сақтау (Сохранение документа) сүхбат терезесінің сол жақ тақтасында сақтау орындарының белгілері көрсетілген:

Журнал – логикалық қаптамасы. Мұнда соңғы уақытта құрылған құжаттарды сақтауға арналған қаптамалар орналасқан.

Менің құжаттарым (Мой документы) – құжаттар сақталатын арнайы қаптама.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол).

Таңдамалы (Избранное) – Web-беттердің таңбашаларын сақтауға аралған қолданушының логикалық қаптамасы.

Web-қаптамалар (Web-папки) – Web-құрылымдарда сақталынатын ерекше қаптамалар. Егер Web-қаптамаларды пайдалансаңыз, онда құжат жергілікті компьютерде емес, қашықтағы Web-серверде сақталынады.

Microsoft Word процессорының жұмыс терезесі. Word бағдарламасын іске қосқаннан кейін экранда оның негізгі терезесі ашылады. Word-терезесі төрт стандарт жолдардан (тақырып жолы, мәзір жолы, аспаптар тақтасы, күй жолы), сызғыштардан және жұмыс аймағынан тұрады:

Тақырып жолында құжаттың аты және терзенің өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.

Мәзір жолы - Word-тың негізгі командаларынантұрады. Тышқанның шертпесі осы мәзірге кіретін командалар тізімін ашып береді.

Жиі қолданылатын мәзір командалары аспаптар панелінде батырма түрінде бейнеленеді.

Аспаптар панелі «Стандартты» және «Пішімдеу» деген юөліктерден тұрады. Қажетті аспаптар тақтасын экранда орнату үшін СервисБаптауАспаптар панелі (Сервис→Настройка→Панель инструментов) командасын орындап, айда болған тізімнен Стандартты немесе Пішімдеу (Форматирование) бөлімдеріне белгісін қою керек.

Жұмыс аймағында құжаттың негізгі мәтінді бейнеленеді. Мәтінді енгізу және пішімдеу, графиктік объектілерді кірістіру және кестелерді құру осы жұмыс аймағында жүргізіледі (1-сурет).

Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны ТүрСызғыш (Вид→Линейка) командасының көмегімен шығарып алуға болады.

Қалып-күй жолы – экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 47 мин (35%)

Тапсырма 1. MS Word бағдарламасын іске қосып, төмендегі мәтінді теру.

«Microsoft Word бағдарламасы – бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Microsoft Office қосымшасы. Басқаша айтар болсақ, Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор. Сонымен қатар, бұл бағдарлама мәтіндік құжатқа суреттерді, диаграммаларды, кестелерді кірістіруге, орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетуге және басқа да көптеген амалдарды орындауға мүмкіндік береді».

Тапсырма 2. Пішім-Азат жол командасының көмегімен келтірілген тапсырмалар бойынша мәтінді пішімдеу керек.

Пішім—Қаріп командасының көмегімен келтірілген мәтінді пішімдеу.

Дайын болған құжатты Менің құжаттарым бумасында сақтау.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 9 мин (10%)

  1. «Абзац» командасы мәзір қатарының қай пунктінде орналасқан?

  2. «Формат» сұхбат терезесі қандай мүмкіндіктер береді?

  3. MS Word мәтіндік редакторында орфографиялық және стилистикалық қателер қалай бейнеленеді?

  4. Колонтитул деген не?

  5. Ерекшеленген фрагментке шекара және түспен толтыру қалай орналастырылады?

13. Сабақты қорытындылау 2 мин (2%)

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

14. Үйге тапсырма беру 2 мин (2%)

Н-5 – бөлім 2, бет. 42-45, Қ -2 – бөлім 1, 47-54, Қ -16 – бөлім 7-10



3 Сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word - мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері.

2. Сағат саны: 2 сағ. 90 мин (100%)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет