Сабақтың тақырыбы : Сақтардың мәдениеті Эпиграф: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі



жүктеу 40.53 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі40.53 Kb.
түріСабақ

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

тарих және география пәнінің оқытушысы

Карсайдаров Самат Келгентаевич

Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті

Эпиграф:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі (Жұбан Молдағалиев).





Сабақтың мақсаты: а) білімділік

Студенттердің сақтар мәдениеті туралы тақырып бойынша білім мен дағдыларын бекіту.



ә) дамытушылық

Студенттің жеке, топта жұмыс жасауын қалыптастыру.

Студенттің сөйлеу мәдениеті, зейін, есте сақтау, ойлау,

бақылау сияқты зияткерлік қасиеттерін дамытуды

қалыптастыру.
б) тәрбиелік

Сақ тайпалары туралы жазба дерек мәліметтеріне сүйене

отырып, сақтардың мекендеген жеріне, шаруашылығына,

әдет-ғұрпы мен діни наным-сеніміне, студенттердің сақ

тайпалары туралы білімдерін тереңдету арқылы оларды өз

жерінің, елінің тарихын сүюге, құрметпен қарауға, еңбек

сүйгіштікке, тарихи мұраны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: мультимедиялық проектор, тақырыптық слайдтар, электронды

оқулық, тарихи сынақ хат, тарихи лото, тақырыптық суреттер, «Сақ» кластері, түсіндірме сөздік



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

б) Группаны топқа бөлу (жарыс сабағының ережесін айтып кету).


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпты ауызша сұрақ қоя отырып пысықтау.


ІІІ. Жарыс сабағының өткізілу реті, тапсырмалары

  1. Группа 3 топқа бөлінеді.

  2. Группаның 3 студентін әділқазы алқасы етіп сайлау.


1-тапсырма: «Тарихи сынақ хат» толтыру.

  1. Сақ заманында ... ... деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. 2. Еуразияның

далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және ғұрыптық заттарында ... ... көрініс тапты. 3. ... ... «аң стилі» дегеніміз – өнер туындыларын әртүрлі аң бейнесінде жасау. 4. Аң стилі мөлшермен б.з.д. ... ... бастап пайда болды.

5. «Аң стилі» белгілі бір ... ...-... байланысты ұғымды білдіреді.

6. Есік қорғанынан табылған «... ...» баскиімі ..., ..., ..., ..., т.б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалармен әшекейленген.
Жауабы: 1. «аң стилі»; 2. аң бейнесі; 3. Бейнелеу өнеріндегі; 4. VІІІ ғасырдан; 5. діни наным-сенімге; 6. «Алтын адамның», жылқы, құс, таутеке, барыс.
2-тапсырма: «Бұл не?» (суретпен жұмыс). Оқулықтың 68-бетінде берілген суретті талдау. Әр топ өз ойларын ауызша айтып түсіндіреді, дәлелдейді.
3-тапсырма: «Тарихи лото».

Студенттер қима қағаздарды біріктіру арқылы берілген тапсырмаларды орындап шығулары тиіс.



  1. Ат жүгені – (ауыздықтар көбінесе қоладан жасалған. Бұлардың кейінгі заманғы ауыздықтардан ерекшелігі – олардың екі жағындағы тізгін байланатын шығыршықтарының тұсында екі сулық орнатылған).

  2. Қару-жарақ – (Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, семсерден тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған).

  3. Қолданбалы өнердегі «аң стилі» - («Аң стилі» белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдірді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды).



4-тапсырма: «Сақ» сөзіне кластер құру.

5-тапсырма: «Кім жүйрік?» («Сақтардың мәдениеті» тақырыбына берілген суретке мәтін құрастыру).

6-тапсырма. Сөздікпен жұмыс (түсіндірме сөздігімен жұмыс жасау).

Діни наным, әбзел, жүген, өркениет, семсер, оба, қанжар, стиль, идеология, қабылан, құбыжық, қапсырма, ауыздық, сулық, мәдениет.


7-тапсырма. «Техникалық диктант» (иә +, жоқ - жауаптарымен белгілеу).

  1. Сақ заманында «аң стилі» деп аталынған бейнелеу өнері тарамаған (жоқ – о);

  2. Аң стилі мөлшермен б.з.д. VІІІ ғасырдан бастап пайда болды (иә - * );

  3. Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе, қанжар, семсерден тұрды (иә - *);

  4. Ауыздықтар көбінесе қамыстан жасалынған (жоқ – о, қоладан жасалынған);

  5. Ер-тоқымда айыл, өмілдірік, құйысқан болмаған (жоқ – о, болған);

  6. Сақтарда ер-тоқым болмаған (жоқ – о, болған).



ІV. Қорытынды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 37-бабында мәдени мұраларды, тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау – әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті екендігі айтылған. Ел Президенті Н.Назарбаевтың 2003 жылғы жолдауындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдени мұраны қорғау, сақтау, құпияларын ашуға жол салады. Сол себепті, әрқайсысымыз мәдени құндылықтарды бағалай, қастерлей білуіміз керек.
V. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 70-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындап келу.


VІ. Бағалау.

Сабаққа белсенді араласып отырған студенттерге баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет