Сабақтың тақырыбы: §15 Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары. Сабақтың мақсаты



жүктеу 38.22 Kb.
Дата06.06.2018
өлшемі38.22 Kb.
түріСабақ




Пән аты: Информатика

Сыныбы :

Сабақтың тақырыбы: §15 Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары мен таныстыру және құралдарды пайдалан отырып сурет салу, суретті көркемдеу және сабаққа деген білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, слайд,компьютер,

кеспе қағаздары,жұмыс дәптері.



Күтілетін нәтиже: 
Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
Редакторды іске қоса алады.
Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.

Пән аралық байланыс: бейнелеу, информатика, сызу,математика
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Амандасу

ә) сыныпты түгелдеу

б) оқу құралдарының түгелдігін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Paint графикалық редакторы



ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

“Сұрақ-жауап” әдісі арқылы.


  1. “Paint“ сөзінің мағынасы қандай?

  2. Paint редакторы не үшін қажет?

  3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  4. Салынған суретті қалай ашуға және қалай сақтауға болады?

  5. Графикалық редактор терезесінің элементтері қандай?

ІҮ.Жаңа сабақ

Paint сурет салу бағдарламасы әр - түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады: 
Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады. 
Ерікті аймақты белгілеу құралы - үзіндіні таңдау қызметін атқарады

Белгілеу - тік төртбұрыштың үзіндісін таңдау

өшіргіш – бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіру үшін

Құю /заливка/ - тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.

Түс таңдау - кескіннің немесе оның фонын суреттің кез келген нүктесінің

түсіне бояйды.



Масштаб - бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Қарындаш – кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.

Қылқалам ерікті сызықтарды салуға арналған.

Бүріккіш – пульверизатор эффектісін береді

Жазу - бұл сурет ішіне мәтінді орналастырады.

Сызық – түзу сызықтар салуға арналған
Қисық – тегістелген , қабаттасқан сызықтар салуға мүмкіндік береді.

Тік төртбұрыш – тік төртбұрыштар салуға арналған

Көп бұрыш – ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады

Эллипс – шеңбер және эллипс салуға арналған

Бұрыштарды дөңгеленген тік төртбұрыш - бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен

тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді

Осы құралдарды пайдалан отырып әр түрлі суреттер салуға болады.

Мысалға:

Оқушыларға өзім құралдарды пайдалана отырып әртүрлі суреттер салып көрсету.




Сонымен бірге мазайканын мен клауннын суретін балалармен бірге орындау.


Сергіту сәті. Әртүрлі жаттығулар жасау. (видео)

ІҮ. Сабақты бекіту.

Оқушылармен топтық жұмыс А және В деңгейіне бөліп. Кеспе қағаздарын таратып практикалық жұмыс жасату.



Ү. Бағалау. Практикалық жұмыстарын тексеру арқылы бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма. §15 Paint графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Олардың аттары мен атқаратын қызметін жаттау.



ҮІІ. Қорытындылау

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет