Сабақтың тақырыбы: §17 Шығыс Қазақстан Сабақтың мақсаты



жүктеу 450.07 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі450.07 Kb.
түріСабақ

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: §17 Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты:



  1. Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, оның табиғат жағдайлары, осы өңірге тән Шілікті патша қорғандары жайлы түсіндіру

  2. Өз ойларын жеткізе білуге ,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру

  3. Белсенді, білімді, шыдамды, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ашық, жабық әдісі,

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба, интерактивті тақта,видео, постер, маркерлер, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу

II Үй тапсырмасын тексеру 15 минут. топпен жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу. ( топқа конфет тарату әдісі бойынша) Үйге « Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктер» тарауын қайталау берілген. Оны тексеру үшін оқушыларды топқа бөліп, тапсырма беріп постер бетіне кластер құрастыру керек . (4 минут)

І топ: Үйсіндер

ІІ топ :Қаңлылар

ІІІ топ : Ғұндар

ІV топ: Сарматтар

Әр топ өз жұмысын 2 минут қорғайды

Үй жұмысын қорытындылау : (2 минут)

Сонымен, осы тарауда Қазақстан аумағында б.з.б ІІІ ғасыр мен б.з V ғасыр аралығында үйсін, қаңлы, ғұн, сармат мемлекеттік бірлестіктер болғанын білдік. Олардың орналасқан жерін, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысымен таныстық.

Енді балалар жаңа сабағымызды көңілді күймен бастау үшін сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті 1 мин

III Жаңа сабақ 20 минут

Жаңа сабақта тағы жаңа топ құрамыз. Ол үшін оқушыларды қорымдардың атымен бөлу (Бесшатыр, Сынтас, Аралтөбе)

Бүгінгі жаңа тарауды бастаймыз. Ерте темір дәуіріндегі сақ кезеңінің мәдениеті.

Дәптерлерімізді ашып жаңа сабақтың тақырыбын жазғызу.

Жаңа сабақ §17 Шығыс Қазақстан. Бұл тақырып бізге екі сағатқа берілген. Сондықтан бүгін біз 73-77 беттер аралығын өтеміз.

Қазақстан аумағын мекендеген сақ тайпалары көптеген құнды мәдени мұра қалдырған. Олардың мәдениеті ортақ болғанымен, өңірлік өзгешіліктері де болды. Сақ мәдениетінің ең көне жәдігерлері, алып патша қорғандары Шығыс Қазақстан жерінен тобылған Шілікті ескерткіштері. Соның ішіндегі алып патша қорымы үшінші алтын адам табылған «Бәйгетөбе» обасы. Оны ашқан тарих ғылымдарының докторы, археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев. Енді осы жайлы ғалымның өз айзынан естейік, экранға назар аударыңдар. (видео) 7 минут

Ал осы видеода айтылмай кеткен 1960жылы С.Черников зерттеген 1-Шілікті қорымындағы №5 оба. Ол «Алтын қорған» деп аталды. Онда екі адам жерленген. Оның бірі 40-50 жас жашасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел адам. Олардың қасынан 13 жебе, қалың теріден жасалған жебе салатын қорамсап жұрнағы және зергерлік бұйымдар табылған.

Енді осы түсінгеніміз бойынша әр топ жұмыс жасаймыз. Топтық тергеу стратегиясын пайдаланамыз. Дайындалу уақыты 5 минут

Ол үшін:


І топ экранда көрген бейнебаянды келесі топтарға түсіндіреді.

ІІ топ келесі топтарға сұрақ дайындайсыңдар 6 сұрақ (ашық және жабық әдістер)

ІІІ топ суретке түсіреді

Қорғау 2 минут

IV Қорытындылау 5 минут

2 жұлдыз 1 тілек стратегиясын қолданамын. Оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгенін, не үйренгенін жазады және 1 ұсыныс тілектерін жазады.

V бағалау 2 минут

VI Үйге тапсырма. : §17 Шығыс Қазақстан мазмұны. Шілікті обасы мен Бесшатыр обасының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтырды тізіп жазу.



6-сұрақ ашық әдіс, жабық әдіс

  1. Шығыс Қазақстанның климаты Солтүстік Қазақстанның климатына ұқсас

  2. Шығы Қазақстан жері –далалы әрі таулы аймақ

  3. Шілікті жазығында табылған алтын адам

  4. Неліктен Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарын Шілікті ескерткіштері деп атайды(Себебі Шығыс Қазақстан Зайсан ауданында алып патша қорғандары кездеседі.Оның көп шоғырланған жері Шілікті жазығында орналасқан)Сондықтан оны Шілікті ескерткіштері деп атайды

  5. Шілікті ескерткіштерін алғаш рет зерттеген профессор (Шілікті ескерткішін алғаш зерттеген 1960 С.А.Черняков еді.)

  6. Қазақстан аумағындағы ең көне б.з.б VІІІ ғ жататын патша жерлеу орны 3 Шілікті қорымындағы №1 оба қалай аталады және оны ашқан,зерттеген кім?

  7. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі туралы қазақша реферат

  8. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігіболып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды.

  9. Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде  екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: «Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды».  Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

  10. 1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);

  11. 2.  елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аудару-мен шектелу).

  12. Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз — қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.

  13. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.

  14. Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.

  15. Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

  16. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

  17. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі — азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

  18. Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

  19. Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда «Неке және отбасы туралы» Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заң, 10-бап).

  20. Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толықішінара (толық емес) жәнешектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

  21. 18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.

  22. Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.

  23. Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

  24. 14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

  25. — өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

  26. 14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

  27. 1)    өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

  28. 2)    интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

  29. 3)    ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

  30. 4)  банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

  31. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).

  32. Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

  33. Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

  34. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар, Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ  деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді, ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле

  35. Сабақтың тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?
    Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
    Тәрбиелік: Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
    Дамытушылық: Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру.

    Сабақтың түрі: Тренинг – сабағы


    Сабақтың әдісі: Глоссаий. Блиц- сұраныс. Талқылау.
    Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер
    Сабақтың барысы:
    1.Ұйымдастыру кезеңі.
    Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

    Кіріспе сөз


    Мұғалім: Қазіргі таңдағы еліміз тәуелсіздігін алып, оңы мен солын танып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылданған Конституциясы ел дамуының тұс бағдары болды десек қателеспейміз. Мемлекет дегеніміз белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бір жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол қазақ ұлтының төл конституциясының қабылданғанына 15 жыл толып отыр.

    Енді аздап тарихқа көз жүгіртсек қыпшақ халқындағы (Х-Х1 ғғ.) «Кодекс Куманикус» яғни кумандар заңдары, XVI ғ. «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдар жинағы бұл қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конституциясының бастамасы болып табылады. Ал ХХ ғ. өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде 1936 жылы 28 қаңтарда және қазіргі қолданыста жүрген 1995 жылы 30 тамызда жүрген Ата заңымыздағы биліктің үш тармағының заң шығарушы (парламент), атқарушы (үкімет) және сот қызметтері бір арнаға тоғыстырып, саяси институттардың жұмысы әбден жетілдірілді және ең бастысы бұл Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан – жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.

    Дүниежүзілік адамзат тарихының өткен кезінде көз бойлатып үңілсек, алғашқы адам құқықтары жайлы құжат 1644 жылы Англияда император Вильгельм Оранскийдің қаулысы «Адам құқықтар туралы билль» (қаулы, заң)
    қабылданды.
    Ал қазіргі заманғы адам құқықтары жайлы құжат яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ – ның шешімімен қабылданды.
    Адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары терең қарастырылған құжат, бұл – өзіміз жиі айта беретін 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясы. Бұл кезге 200 жылдан астам уақыт өтсе де сол Конституция әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Соның жарқын дәлелі әрбір американдық азамат қайда жүрсе де ел Конституциясы жазылған кітапшаны өз жандарынан тастамайды екен. Егер қандай да бір уақытта өз құқығы бұзылғандай жағдай болған жағдайда дереу өз заңды міндеттерін талдауға кіріседі екен.

    Яғни, олардың заңы бойынша Конституция алдында Президент те, қарапайым адамда бірдей құндылыққа, бірдей жауапкершілікке ие.


    Қабылданғанына 15 жыл толған қазақ елінің Ата Заңы бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманистік (адамгершілік) принциптерге негізделген демократиялық қоғамды құрудағы өзінің адал дәстүрлерін алдағы уақытта әрмен қарай жалғастыра бермек.

    Сынып екі топқа бөлінеді: 1 – топ және 2 – топ. Сабақ 8 турдан тұрады. Әрбір турдан кейін баға беруші мұғалімдер жауаптың, ереженің дұрыстығы жөнінде және балдарын атап өтеді.

    №1 Глоссарий «Тәртіп орнат»
    1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.
    2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы
    3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым
    4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік
    5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі
    6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган
    7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу
    8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны
    1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

    № 2 Байқау


    «Құқық дегеніміз не?»
    Оқушылар спикермен бірге 2 топқа бөлінеді. Топтың әр жауабынан кейін мұғалім өзінің толық жауабын оқу керек.
    Сұрақ - Жауап
    1. Жеке адамның құқығы дегеніміз не? - Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.

    2. Құқықтың қандай түрлері бар?


    - Жеке (азаматтық)
    - Саяси
    - Экономикалық
    - Әлеуметтік
    - Мәдени т.б.
    3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады? - Туылғаннан беріледі
    4. Оларды орындау үшін не қажет? - Міндеттерін орындау
    5. Адамның негізгі құқығы? - Өз құқықтарын пайдалану құқығы
    6. Құқық қашан және қайда пайда болды? - Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
    7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық – деген не? - Бостандық – бұл таңдау
    8. Бостандықты не шектейді? Бостандық және өз қалауымен орындамалық – бұлар бірдей ме? -Бостандықты шектеу әр адамның саналығында

    № 3. Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерін анықтаңыз.


    Қоғам қарапайым ағыммен даму үшін оның азаматтары құқықтарымен пайдаланып ғана қоймай, өз міндеттерін орындау керек.
    Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттерінің мысалдарын келтіріңіз.
    Байқау ережелері: Тақтаға әр командадан бір – бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар алма – кезек бір міндеттен тақтаға жазады. Бүкіл міндеттерін дұрыс орындап, жазған топ жеңеді.

    Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:


    1. Заңдарға бағыну;
    2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
    3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
    4. Қаржы, салықты төлеу;
    5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
    6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
    7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
    8. Орта мектеп білімін алу;
    9. Қазақстан Республикасын қорғау;

    № 4. Талқылау


    «Жаза мен қылмыс»
    1. Жол ережесін бұзу адам үшін қылмыс па? Неге?
    2. Адамды қылмыс жасаудан не сақтайды? Құқық туралы білімі не өз санасы.
    3. Қылмыс жасағанға қоғам кінәлі ме?
    4. Қылмыскерге рақымшылық беруге сіздің көзқарасының қандай?
    5. Адамның заңға немқұрайлы қарауы неден басталады деп ойлайсыз?
    6. Жайбарақат қараушылық қылмысқа жата ма?

    № 5. Конституцияңды білесің бе?


    1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
    2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? 1992жылы
    3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
    4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
    5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
    6. ҚР – ның Президентін сайлау қашан өтеді? Желтоқсанның бірінші жексенбісінде (44 бап)
    7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
    8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
    9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
    10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
    11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
    12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
    13. Заң құдайы? Фемида
    14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
    15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? - Конституция күні
    - Республика күні
    - Тәуелсіздік күні

    № 6. Жұмбақ


    Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
    Ондайлар отаныма өте керек.
    Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
    Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.
    (Жеті жарғы)

    Мерекең құтты болсын ұстаздарым,


    Оқушы, келім – кетті бар достарым.
    Тәуелсіздік заңының қабылданған,
    Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
    (1991 жыл)

    Еліме білім керек, ғылым керек,


    Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
    Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
    Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
    (Қазақстан – 2030)

    Жақсы ел шығарып заң игілікті,


    Депутат заң шығарып билік қыпты.
    Парламент палатасы нешеу екен,
    Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
    (екі)

    Қорытынды


    - «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз?
    - Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?

Кері қайту

Бала және оның құқығы

Жарияланды 27-03-2013, 16:20 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Сабақтан тыс іс - шара, дөңгелек үстел


Тақырыбы: Бала және оның құқығы
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру.
Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы, заңдар жинағы слайд.
Барысы: I. бөлімі. Ұйымдастыру бөлімі.

II. бөлімі. Негізгі бөлімі:


Қанатты сөздер:
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу - ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ».
Ж. Баласағұн.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:


«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады.

Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.

III. бөлімі. «Балалар құқығының» заңдары.


Ой – талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.
1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

IV. бөлімі. Жылдар сөйлейді:


1948 жылы 10желтоқсанда БҰҰ – да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» қабылданды.
1959 жылы 20қарашада – БҰҰ – ның Бас Ассамблеясына «Балалар құқығы» декларациясы қабылданды.
1989 жылы «Бала құқығы туралы» конвенциясы қабылданды.
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямызды қабылдадық.
2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды.

V. бөлімі. «Тәртіп орнат»


1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат Г – Тәуелсіздік.
5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жинағы.
6. Президент Е – Заң шығарушы орган.
7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.
1 ---- 2 ---- 3 ----- 4 ------- 5 ------ 6 ----- 7 ------ 8
Д --- А ---- В ----- З ----- Ж ------ Б ---- Е ------ Г

VI. бөлімі. «Жалғасын тап».


«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,
Бестен он үшке дейін құлындай қина,
Он үштен ары сырласыңдай сыйла».

«Жақсы бала – сүйініш, жаман бала – күйініш».

1. Ананың көңілі -.....
Баланың көңілі -.......
2. Балалы үй -......
Баласыз үй қу........
3...... – балалы болғанда білерсің.

VII. бөлімі. Мұғалімнің қорытынды сөзі.


Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».
Мен міндеттімін:
- білім алуға
- тәртіп сақтауға
- мектеп мүлкін сақтауға;
- үлкендерді сыйлауға;
- ана тілдің тазалығын сақтауға;
- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.
Бүгінгі іс – шарамызды қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын. Заңды аяққа баспайық, ағайын! Сау болыңыздар!

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері



Қазақстан Республикасын азаматының негізгі құқықтары мен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған заң болып табылады. Адам тумысынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді атқаруы тиіс. Республика азаматтарының құқығымен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі-заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті болып табылады, екіншісі-Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.

Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын қорғау;


Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады. Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялы заң күші бар~және жай заң күші бар жарлықтары, парламенттін және оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды.

Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Жеке құқықтар мен бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы, жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және Конститутцияның баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.

Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен міндеттері кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық міндеттер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.

Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:

1) адам құқығының жағдайына қатысты альтернативтік заңдарды әзірлеуі;

2) адам құқығын сақталуын бақылаушы мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыруы;

3) сот, прокуратура қызметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын сәйкестендіруі;

4) Қазақстан Республикасының Парламентінің адам құқықтары мен бостандық мәселелері бойынша кәсіби деңгейін көтеруі;

5) адам құқығы саласындағы халықаралық шарттарға еліміздің қосылуы немесе оларды ратификациялауы.

Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.

Біздің республикамызда азаматтың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мәселесі ғылыми әзірлік тұрғысынан алғашқы сатысында болып отыр және осы салада кең ауқымда қызмет етуге болады. Бұл саладағы жұмыс құқықтық демократиялық демократиялық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасыуына, Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, ал түбінде жалпы адамзат құндылықтары болып табылатын жеке адамның абыройының нығайуына қызмет етер еді.

Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілердің барлық ережелерін бекітетінін атап өткен жөн.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар, жергілікті органдардың азаматтық қатынастарды реттеуге арналған нормативтік құқықтық актілері жатады. Әдеттегі құқықтар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3-бабының 3-тармағында: «Азаматтық қатынастар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін» деп көрсетілген. Халықаралық шарттар (конвенциялар). Қазақстан тәуелсіз ел ретінде басқа мемлекеттермен әр түрлі шарттар жасасып жатады. Осы шарттардың азаматтық қатынастарды реттеуге қатыстылары азаматтық кұкықтың негіздерінің бірін құрайды. Халықаралық шарттардың еліміздегі ішкі заңдарға карағанда басымдылығы бар. Сол себепті ішкі заңдар халыкаралық заңдарға қайшы келмеуі керек. Егер қайшылық туып жататын болса, халықаралық шарттардың нормалары колданылады. Сонымен, азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады. ІІ тарау. Заңды тұлғалар 3.1 Заңды тұлға ұғымы . Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы). 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi. 3.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: «Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін».4 Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады. Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқталады» Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды». Заңды тұлғаның органы – бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамды –– директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда –– басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады. ҚР Азаматтық кодексде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады,акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Фирмалық атау –– коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді. Қорытынды Қорытындылай келе, заңды тұлғалардың көптеп құрылуы елдің экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген. 

Қазақстан Республикасының азаматтарына тиесілі құқықтарды олар қоғамдық әртүрлі қарым-қатынастарда қолданады. Бірақ бұл құқықтар біртекті емес, және оларды дұрыс түсіну үшін заңдарда және әдебиетте келтірілетін терминдердің бірдей болуы жөнінде келісіп алған жөн.

Құқық адамдар арасында, олар мен ұйымдар және т.б. арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Құқық адам мен заттың арасындағы қатынасты реттемейді, ал заттарға және материалдық емес игіліктерге қатысты қатынастарды реттейді. Осылайша барлық құқықтар мен міндеттер тек адамға, жеке тұлғаға немесе адамдар қауымдастықтарына тиесілі, сондықтан оларды жеке құқықтар деп атауға болады (кең мағына тұрғысынан). Бірақ азаматтар әртүрлі қоғам салаларына қатысып, әрбір саланың өзгешеліктеріне байланысты әртүрлі құқыққа ие болады. Заң әдебиеттерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мынадай шартты түрдегі топтарға бөледі: саяси, жеке, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар. Демек, «жеке құқықтар» деп азаматтарға тиесілі барлық құқықтар емес, белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтардан айырмашылығы бар құқықтар жатады. Бұл топқа жеке тұлғаның өзінен ажырамайтын, жеке өмірінің әртүрлі салаларында қорғайтын азаматтардың осындай құқықтарын біріктіреді. Бұл құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді. Дәл осы азаматтардың құқықтарын «жеке құқықтар» ретінде атайды (осы терминнің тар аясында). «Жеке құқықтар мен бостандықтар» ұғымы ғылыми әдебиетте ХХ-ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының басында қалыптасты.

Жеке құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Жеке құқықтар мен бостандықтардың белгілі ішкі құрылымы болатын жеке жүйеге қатысты (дәлірек айтқанда, азаматтың құқықтың мәртебесінің шағын жүйесінде) қасиеттері бар. Жеке құқықтардың жіктелуінің негізіне жеке адам бостандығының ең маңызды атап айтқанда: азаматтың жеке қауіпсіздігі, оқшаулану мүмкіндігі мен жеке өмірі, оның ар-ожданы мен абыройының қорғалуы, жанұясы мен некесінің қорғалуы, рухани өмірінің құпия тараптары, ар-ожданының қорғалуы тәрізді құқық нысандарын алуға болады. Жеке бостандықтың мұндай нысандарының көрініс табуы маңызды әлеуметтік игіліктер болып табылады және Конститутцияның баптарында бекітілген заң нормаларының көмегімен қамтамасыз етіледі.

Қорытынды

Қазіргі кезде Қазақстанда экономикалық және саяси жағдай тұрақтанған кезде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру және олардың жүзеге асырылуы маңызды болып отыр. Құқықтар мен бостандықтар мәселесін қараған кезде құқықтар мен бостандықтардың барлығының толық көлемде жүзеге асуы нақты демократиялық құқықтық мемлекет болған жағдайда орын алатындығын атап өткен жөн.

Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.

Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:

1) адам құқығының жағдайына қатысты альтернативтік заңдарды әзірлеуі;

2) адам құқығын сақталуын бақылаушы мемлекеттік органдардың белсенділігін арттыруы;

3) сот, прокуратура қызметінің адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық нормаларға, атап айтқанда азаматтық (жеке) және саяси құқықтары мен бостандықтарын сәйкестендіруі;

4) Қазақстан Республикасының Парламентінің адам құқықтары мен бостандық мәселелері бойынша кәсіби деңгейін көтеруі;

5) адам құқығы саласындағы халықаралық шарттарға еліміздің қосылуы немесе оларды ратификациялауы.

Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.

Біздің республикамызда азаматтың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылу мәселесі ғылыми әзірлік тұрғысынан алғашқы сатысында болып отыр және осы салада кең ауқымда қызмет етуге болады. Бұл саладағы жұмыс құқықтық демократиялық демократиялық әлеуметтік мемлекеттің қалыптасыуына, Қазақстан халқының игілігіне қызмет етіп, ал түбінде жалпы адамзат құндылықтары болып табылатын жеке адамның абыройының нығайуына қызмет етер еді.

Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілердің барлық ережелерін бекітетінін атап өткен жөн



Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы

  2. Права человека. М., «Норма», 2000г.

  3. Права человека; Алматы, «Данекер», 1999г.

  4. Сапаргалиев Г. «Конституционное право Республики Казахстан»; Алматы, «Жетi Жарғы», 1998г.

  5. Конституция РК: Научно-правовой комментарий; Алматы, 1998г.

  6. Журсимбаев С. «Права человека в международно-правовых актах и Конституции РК»; Астана, 1998г.

  7. Абельдинов А. «Конституционно-правовой статус человека и гражданина»; журнал «Политика», 1996г. №7

  8. Права человека и судопроизводство. Собрание международных документов; Вена, 1995г.

  9. Права человека: проблемы и перспективы; М., 1990г.

  10. Конституционный статус личности в СССР; М., «Юр. лит.», 1980г.

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды. Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады. Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады. Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс ор деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі. Азаматтың құкықтың қағидаларына: • тараптардың теңдігі; • шарт еркіндігі және таңдау құкығы; • еркіндік; • меншікке қол сұкпаушылык; • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; • азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; • бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету; • азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады. Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие. Азаматтық құқықтың жүйесі Азаматтык құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құкығы және міндеттемелік құкығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты катынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатьш алу-сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құкык және өсиетнама. Азаматтық құқықтың қайнар көздері Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: • Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген 6-бапта: 1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады жене бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. 2. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. З.Жер мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген. • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтық-құқыктық катынастардың негіздері, азаматтық құқыктың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет