Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»



жүктеу 66.04 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі66.04 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын

арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Қазақ халқының тарихын оқып білуге үйрете отырып, ұлтжандылық пен

патриоттық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, тірек -сызба, дидактикалық материал, қажетті

сөздер.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес жарыс сабағы

Сабақтың әдісі: білімді жинақтау, қорыту, сұрақ- жауап, ойын әдістері

Сабақтың типі: қайталау
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (сынып екі топқа бөлінеді, топ басшысы болады )

ІІ. Ойынның мақсаты мен жоспарын айту

ІІІ. Ойынды кезең бойынша өту

ІҮ. Қорытындылау

І-кезең «Тарихқа шолу» тікелей сұрақтар қою.

ІІ-кезең «Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша)

ІІІ-кезең «Ұяшықты таңдау» кезеңі

ІҮ –кезең « Мағынану айыру» семантикалық картаны толтыру

Ү-кезең «Тұлғаны таны және кім айтқан»

ҮІ –кезең Қорытындылау

І-кезең «Тарихқа шолу»

І-ші топқа

1. Орта жүзде хандық өкіметті жою ісін патша кімге тапсырды?



Сібірдің генерал –губернаторы М.М. Сперанскийге 1822ж

2. Ташкентте шығарылған «Бірлік туы» газетінің редакторы кім? М.Шоқай

3. Орынбор туралы жарғы бойынша кіші жүзде хандық билік қашан жойылды? 1824ж

4. Уақытша үкіметтің Қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары қашан құрылды?



1917ж наурыз-сәуір

5. Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары кім болды? Ә. Бөкейханов

6. Жас арбакештер одағы қай қалада құрылды? Петропавлда

7. Семейдегі кадет ұйымы өз бағдарламасын тарату үшін қандай газет шығарды?



Свободная речь

8. Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына

қазынадан қанша сом бөлінді? 11млн 150 мың сом

9. 1916жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген салық түрі (әр үйден алынатын соғыс салығы)

10. «1921 жылы құрылған кедейлер одағы қалай аталады» Қосшы

ІІ топқа


  1. С.Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды? 14 жылға

  2. «Қазақ» апталық газеттің редакторы А.Байтұрсынов

  3. 1822жылғы жарғы бойынша сот істері нешеге бөлінген ? үшке қылмыстық істер, даулы істер, шағымдар жөніндегі істер

  4. 1836-38 жылдардағы шаруалар көтерілісін ұйымдастырушы кім? И. Тайманұлы

  5. Қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин

  6. Н.Назарбаевтың кітаптары (Тарих толқынында, «Ғасырлар тоғысында», «Әділеттің ак туы»)

  7. Қазақтың тұңғыш демократиялық партиясын ата? Алаш

  8. Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің құпия бұйрығы қашан шықты? 1916ж 23 маусым

  9. Шерубай-Нұра болысында хан болып сайланған кім? Н.Қияшев

  10. 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтары Торғай және Жетісу

ІІ кезең «Белес» (берілген сұрақтарға жауап, қосымша көмек бойынша)

Басталу себебі: 1916ж 25 маусым патша өкіметінің «Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жас аралығында 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:


  1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшіліктің көзқарасы қандай болды? Жарлықты қолдады

  2. Революцияшыл топ өкілдерінің көзқарастары қандай ? қара жұмысқа

барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды ( топ өкілдері Ә.Жангелдин, А.Иманов , Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов)

3.Либералдық –демократиялық зиялылардың көзқарастары қандай болды? ( Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Олардың мақсаттары:

- қазақтарды тыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асырып, уақыт ұту

-қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу

-ұлттық автономия құру



ІІІ кезең «Ұяшықты таңдау»

1. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерісшілер жазалаушы отрядын

талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара

2. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың

қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны 238 мың

3.1916 жылғы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді:



Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен

4. 1916 жылғы қоғалыстың негізгі сипаты қандай?



Империализмге, отаршылдыққа қарсы

5. Орыс зияларының көзқарастары да болды. 1916 жыл 1-3 желтоқсан- ІҮ мемлекеттік думада А.Ф. Керенский Түркістанға барған сапары туралы баяндамасында нені қатты сынға алды. (патша үкіметін, Түркістан мен Дала өлкесінің отаршыл әкімшілігін сынады)

6. 1916 жылы 10мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері басып алған елді мекен

Тоқмақ.

ІҮ кезең «Тұлғаны таны және кім айтқан»


  1. Ол 1873-1919 жылдары өмір сүрді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. (А.Иманов)

  2. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі, үгіт насихат жұмысын жүргізуші.

- соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді,- феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, ақпан төңкерісіне дейін отырды.1918 жылы саяси күрестің құрбаны болды. (Т.Бокин)

3. 1884-1953 жж өмір сүрді. Қоғам мемлекет қайраткері, Қазақстанда кеңес өкіметін орнату жолындағы күреске белсенді қатысушы, Азамат соғысының ардагері. (Әліби Жангелдин)

4. 1890-1941жж өмір сүрді. Партия және мемлекет қайраткері, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Орта Азия мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға қатысушылардың бірі. (Т.Рысқұлов)

5. Көтеріліс жетекшілерінің бірі, бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілген. 1916ж

9 қыркүйекте – жазалаушылар Боралдай асуында дарға асқан А.Байтұрсынұлы'>( Бекболат Әшекеев)

«Кім айтқан»


  1. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды?» А.Байтұрсынұлы

  2. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»

М.Дулатұлы

3. «Қазақ секілді іргелі жұрт өрелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ, қара жұмысқа байлануын кемшілік деп санаймыз» деп жазды А.Байтұрсынұлы

4. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипаты белгісіне айналды» -деп жазды Т.Рысқұлов
Ү кезең «Мағынаны ажырату» семантикалық картаны толтыру

1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған шығармалар туралы не білеміз?








Тар жол, тайғақ кешу

Қилы заман

Ж.Аймауытов

С.Мұқанов

Қартқожа













М.Әуезов













Ботакөз (Жұмбақ жалау)













С.Сейфуллин













ҮІ кезең Сабақты қорытындылау (Кестені толтыру )



Жылы

Территор-иясы

Көтеріліс басшылары

Себебі

Сипаты

Қозғаушы күші

Жеңілу себептері

Тарихи маңызы

1916- 1917

Қазақ өлкесі, Орта Азия, Сібір мен Кавказ

дың бір бөлігін



А.Иманов

Б.Әшекеев

Т.Бокин

Ж.Мәмбетов



Ұ.Саурықов

Т.Рысқұлов




1916 ж

25 мау


сымдағы патша жарлығы

Империализ

ге және отаршылдық

қа қарсы


Халық бұхарасы

қазақ жұмысшы

лары, шаруалар, қолөнершілер


Бытыраңқылы

ғы, әскери қарудың жеткіліксіздігі

руаралық тартыстар

ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы

қазақ феодалдарының сатқындығы


Қазақ халқының революция

лық таптық санасы өсті,

Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды,

Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.



Үйге тапсырма: 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс тақырыбын қайталау,

реферат жазу
Каталог: uploads -> doc -> 0544
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0544 -> Көрнекілігі: суреттер. әдісі: Сұрақ-жауап, іздену І. Ұйымдастыру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет