Сабақтың тақырыбы: 6·5 және 80: жағдайларындағы ауызша көбейту және бөлу



жүктеу 69.87 Kb.
Дата02.12.2017
өлшемі69.87 Kb.
түріСабақ


Пәні:

Математика

Сыныбы:

3 сынып

Сабақтың тақырыбы:

16·5 және 80:5 жағдайларындағы ауызша көбейту және бөлу.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат- міндеттері:

а)ақпараттық
ә)коммуникативтік
б)проблеманы шешу

16·5 және 80:5 жағдайларындағы ауызша көбейту және бөлумен оқушылардың біліміне сүйене отырып, таныстыру.

16·5 және 80:5 түріндегі көбейту мен бөлуді тиімді тәсілдермен есептеуге дағыландыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Есептерді тиімді әдістермен шығара білуге, теңдеуді шешу дағдыларын пысықтау, дұрыс теңдік және теңсіздіктер құрастыра алуға қалыптастыру.




Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту

Сабақтың әдісі:

көрнекілік, машық жұмыс

Пәнаралық байланыс:

Ана тілі, дүниетану

Оқыту құралдары:

кітап, дәптер, қалам, қарындаш

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі.

- Амандасу, түгендеу;

- оқу-құралдарының дайындау;

- сабақтың мақсат-міндеттерін таныстыру;

- бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.





- Амандасу;

- оқу-құралдарын дайындау,

- сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;

- көңіл-күйі көтеріңкі болады.




Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Дәптерлерін жинап алады.




Дәптерлерін жинап береді.


Өз бетімен орындалған жұмыстың нәтижесін талдау.

ІІІ. Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру



1. Жазуларды пайдаланып көбейтудің және бөлудің қалай орындалғанын түсініп ал:

Өрнекті оқы: 16·5



10+6 нені білдіреді?

10 ше? 6 ше?

Өрнекті оқы: (10+6)·5

10·5+6·5 нені білдіреді?

50+30 нені білдіреді?

80 қандай өрнектің мәні?

Сонда: (10+6)·5=10·5+6·5=80

Өрнекті оқы: 80: 5



50+30 нені білдіреді?

50 ше? 30 ше?

Өрнекті оқы: (50+30) : 5

50: 5+30 : 5 нені білдіреді?

10+6 нені білдіреді?

16 қандай өрнектің мәні?

Сонда: (50+30) : 5=50: 5+30 : 5=16

2. 14·5 12·5 15·6 18·5

70:5 60:5 90:6 90:5

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалай көбейттің?

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалай бөлдің?


  • 1 . 16 мен 5-тің көбейтіндісі

  • 10 мен 6-ның қосындысы 16 –ға тең.

  • 10 қосынды, 6 қосылғыш;

  • 10 мен 6-ның қосындысы 16 –ға тең, 16 мен 5-тің көбейтіндісі 80–ге тең.

  • 10·5+6·5=80

  • 50 қосынды 30 қосылғыш;

  • 10·5+6·5=80; (10+6)·5=80




  • 80 мен 5тің бөліндісі;

  • 50 мен 30 дың қосындысы 80ге тең;

  • 50 қосынды 30 қосылғыш;

  • 50 мен 30 дың қосындысы 80, 80 мен 5тің бөліндісі 16 –ға тең;

  • 50: 5+30 : 5=16

  • 10 қосынды 6 қосылғыш;

  • 50: 5+30 : 5=16; (50+30) : 5=16

2. 14·5=70 12·5=60 15·6=90 18·5=90

70:5 =14 60:5=12 90:6=15 90:5=18


Жазуларды пайдаланып көбейтудің және бөлудің қалай орындалғанын түсініп алады.

ІV. Жаңа материалды мұғалімнің көмегімен бекіту.

Ауызша жаттығу:

Дәптермен жұмыс:

3. а) Ағаш бұйымдарын жасайтын фирма 30 күнде 120 орындық жасап беруге мектеппен келісім шарт жасасты.Егер ол күніне 5 орындықтан жасаса, келісім шартты неше күн бұрын жасасты?

ә) Бір ағаш шебері күніне 3 терезе, ал екіншісі 4 терезе жасады. 70 терезе жасау үшін екі шебер неше күн жұмыс жасауы керек?



Есепті талдау:

- Есепте не туралы айтылған?

-Есепте не белгілі?

-Есепте нені сұрайды?

- Қандай амал қолданамыз

4. 165+70 :5-24

571+14·5-35

64:8+16·5

72·5+(29+41):5

85:5+(30+9)·5

(32-14)·2+(125-100):5
5. Тексер:

а) Егер 119+81=200 болса,200-119=81 және 200-81=119.

ә) Егер 950-150=800 болса, 800+150=950 және 150+800=950.

б) Егер 90:5=18 болса, 18·5=90 және

5·18=90.
6. Теңдеулерді шеш:

c·2=160


160:а=20

х:2=80



3. а) есепті талдау;

- ағаш бұйымдарын жасайтын фирма,орындық;

- 30 күнде 120 орындық жасап беруге мектеппен келісім шарт жасағаны;

- Егер ол күніне 5 орындықтан жасаса, келісім шартты неше күн бұрын жасасты?

- бөлу амалын қолданамыз.
30 күнде 120 орындық

Күніне 5 орындықтан жасаса

Келісім шартты неше күн бұрын жасасты?

Ш: 30•5­120=30

Ж: Келісім шартты 30 күн бұрын жасасты
ә) есепті талдау;

- ағаш шебері,терезе;

- шебер күніне 3 терезе, ал екіншісі 4 терезе жасағаны.

- 70 терезе жасау үшін екі шебер неше күн жұмыс жасауы керек?

- қосу, бөлу амалын қолданамыз
Күніне 3 терезе

екіншісі 4 терезе

70 терезе жасау үшін екі шебер неше күн жұмыс жасауы керек?
Ш:70:(3+4)=10

Ж:70 терезе жасау үшін екі шебер 10 күн жұмыс жасауы керек.


4. 165+70 :5-24=155

571+14·5-35=606

64:8+16·5=88

72·5+(29+41):5=374

85:5+(30+9)·5=212

(32-14)·2+(125-100):5=41


5. Тексереді:

а) Қосу амалының азайту амалымен тексерілуі;

ә) Азайту амалының қосу амалымен тексерілуі;

б) Бөлу амалының көбейту амалымен тексерілуі;


6. Теңдеулерді шешеді:

c·2=160 160:а=20

c=160: 2 а=160: 20

c=80 а=8


80·2=160 160: 8=20

х:2=80


х=80·2

х=160


160:2=80

Есепті талдап, дұрыс жауабын табады.

Көбейту,қосу,бөлу,

азайту амалдарын жетік меңгергендіктерін көрсетеді

Теңдеулерді шешеді.





V. Жаңа материалды өз бетімен бекіту

Теңдеу құр және оны шеш.

а) белгісіз санды 5 – ке көбейткенде нәтиже 45 – ке тең болады.

ә) 150 – ды белгісіз санға бөлгенде нәтиже 30 – ға тең болады.


Теңдеу құр және оны шеш.

а)с·5=45 ә) 150:а=30

с=45:5 а=150: 30

с= 9 а=5


9·5=45 150: 5=30





VІ.Үйге тапсырма.



7 тапсырма

а)Бірліктерін 5-ке көбейткенде 2·5=10 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жаз

ә) 5-ке бөлгенде 10: 5=2 теңдігі қолданылатын екі таңбалы санды жаз.


7 тапсырма

а) 5·1=5 ә) 50:5=10

5·2=10 45:5=9

5·3=15 40:5=8

5·4=20 35:5=7

5·5=25 30:5=6

5·6=30 25:5=5

5·7=35 20:5=4

5·8=40 15:5=3

5·9=45 10:5=2



5·10=50 5:5=1

Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады, өз бетімен жұмыстанады.

VII. Бағалау

Оқушылардың іс-әрекетін бақылай отыра сабақ соңында мадақтау сөздері айтылады.

Өз әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетеді. Өз іс-әрекетін бағалайды.

Өз іс-әрекетінің нәтижесін көреді.


Каталог: uploads -> doc -> 0328
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет