Сабақтың тақырыбы: 9-ды қосу және азайтудағы білімді тиянақтау Сабақтың мақсаты



жүктеу 35.42 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі35.42 Kb.
түріСабақ

Математика сабағы, 1-сынып

Сабақтың тақырыбы: 9-ды қосу және азайтудағы білімді тиянақтау


Сабақтың мақсаты:

9-ды қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, есептермен байланысты іс-әрекеттерде қолдануға түсіндіру.

Ойлау, есте сақтау, көз алдына елестету қабілеттерін дамыту.

Қонақ күту – қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, адамдар арасындағы қатынастың көрінісі, қонақжайлылық, соның ішінде қонақ күту рәсімі, табақ тарту құрметіне тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: плакат, 9-санына байланысты есеп жазылған карточка, қонақ күту салтымыз.
Сөздер: бас, жамбас, бауыр, омыртқа, ет
Сабақтың өтілуі: Қонақ күту салтымыз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы.
Тақтадан дәптерлеріне күнді, тақырыпты жаздыру.

Сабақтың мақсатын баяндау.

Балалар бүгінгі сабағымызды «Қонақ күту салтымыз» деген атпен жүргіземіз. Ол үшін балалар менің сұрағыма жауап берулерің керек.

Қонақ деген кім?

Оларды шақырамыз ба?

Дұрыс айтсаңдар, шақырмай да қонақтар келеді. Сондықтан қонақтың неше түрлері болады.



Арнайы қонақ – алыстан, жақыннан амандық білуге келген жақын туыс, кісілер, дос-жарандар. Бұл – сыйлы қонақ.

Құдайы қонақ – өзің дұрыс танымайтын, білмейтін, алысқа бара жатып, ат басын тіреген, қонақ үй іздеп жүрген бөгде адам. Бұл – сауап қонақ.

Бұл – далбаса қонақ. Қыдырма қонақ – ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.

Бұл - сұғанақ қонақ. Қылқыма қонақ – үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып, құлқыны үшін жүрген көлденең қонақ.

Кез келген адам үйіне келген кісіні жылы ілтипатпен қарсы алады. Бүгінгі бізге келген қонақтар өзіміз арнайы шақырып алып, білімімізді көріп отырған арнайы қонақтар. Ендеше осы қонақтарға ет тартуымыз керек. Үлкен табаққа тартылатын астар.



Бас-басты салу үшін оған мына тапсырмаларды орындау керек.

Ауызша қосу және азайту.


1

Бірлігі 9, ондығы әр түрлі санға 9-ды қосу және қосындының мәнінен 9-ды азайту.

Түсіндіре отырып шығару.

9+6=15 9+8=17

(9+1)+5=15 (9+1)+7=17

9+7=16 9+9=18

(9+1)+6=16 (9+1)+8=18

15-6=9 17-8=9

(15-5)-1=9 (17-7)-1=9

16-7=9 18-9=9

(16-6)-1=9 (18-8)-1=9
ІІ. Жамбас салу үшін өрнекті жазу және оның мәнін табу.

9+а, мұндағы а=80, 9

9+80=89

9+9=18


а-9, мұндағы а=89

89-9=80


а-9, мұндағы а=18

18-9 =9


4) жазулар дұрыс болатын етіп, жақшаларды қой.

10-(2+6) =2 7-(4-2) =5

8-(5+3) =0 6-(3-2) =5

Бауыр – 83- бет. №2 есеп шығару

Ш: Таба нан – 25 теңге Шешуі: 25-5=20 (тг)

Тоқаш-? 5 теңге арзан.

Жауабы: 20 теңге тұрады.

Балалар, шаршаған шығарсыңдар. Дем алайық.

Сергіту жаттығуы.

Жел соғады бетімізге,

Жайқалады ағаштар.

Тыныш-тыныш отырады,

Биік-биік ағаштар.

Омыртқа -салу үшін 1) Теңдеуді шешу керек.

х+9=18 18-х=9 х-9=9

х=18-9 х=18-9 х=9+9



х=9 х=9 х=18

9+9=18 18-9=9 18-9 =9

2) Амал таңбаларын қой.

20+(7-4) =23 38-(4+4) =30

72-(1+1)=70 45-(12-10) =43

2

Ет салу қорыту 5-2+1+1+1+3=9


Бос торкөздерді толтыр.


15 16



9

6

8

9

9

8

7

8

Қорыту:


Математикалық қызықты есеп (ауызша)

  1. Қонып отыр ағашта

Бес торғай мен үш шымшық.

Ұшып келіп тағы да

Келіп қонды бір қарға.

Қане кім тез санайды

Сонда болды қанша құс?


  1. Алмат кеше дүкеннен

Екі қалам, бір өшіргіш, үш дәптер,

Үш қарындаш сатып алды мектепке

Ал балақай тез-тез санап көрші сен

Сонда қанша құрал алды мектепке?


Қонақ күтіу рәсімімен таныстық.

Үлкен табаққа не салынады?


Бағалау: Түсіндіре отырып бағалау.

Үйге: №3 есеп 84-бет.


3
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет