Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды а дыбысы мен әрпімен таныстыру



жүктеу 63.26 Kb.
Дата02.05.2018
өлшемі63.26 Kb.
түріСабақ

ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Ахметова Алма Толеухановна

Пәні: Әліппе

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Аа дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды А дыбысы мен әрпімен таныстыру.

Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. Көркем жазуға дағдыландыру.


Сабақтың көрнекі құралдары: кеспе әріп, суреттер, АКТ

Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, топтық жұмыс, сұрақ-жауап.
Психологиялық дайындық.

Ойнап, күліп аламыз,

Оқып, білім аламыз.

Әріптермен танысып,

Сауаттанып шыығамыз.
Баланың назарын сабаққа аудару.

1.Топқа бөлу

Топ ережесі:


  1. сәлемдесу

  2. Мейірімділік

  3. Белсенділі

  4. Білім алу

  5. Бағалау

Бағалау критериялары

  1. Сөзді буынға бөлу

  2. Дыбыстық талдау

  3. Сөйлем құрау

  4. А дыбысы қай буында анықтау

  5. Белсенділік бойынша бағалау


Жаңа сабақ:

Оқулықтағы сурет бойынша оқушылар өздері әңгімелейді.

Алма ағашында көп алма бар

Алма пісті. Оларды Алмас жинап жатыр.

-Ал, балалар, олай болса алма деген сөзде неше дыбыс бар?

-А дыбысынан басталады

-Ода а дыбысын айтып көрейік

Оқушыларға хормен А дыбысын айтқызу

Тақтаға Аа дыбысын жазып, мынау

-бас әрпі, мынау кіші әрпі деп ажыратып көресту.

Интерактивті тақтамен жұмыс

-Алма сөзінде неше буын бар?

-екі буын бар

-А дыбысы қандай дыбыс?

-А дыбысы дауысты дыбыс

Олай болса, дауысты дыбысты қызыл түсті дөңгелекшемен белгілейміз



Ойын: «Сөз ойла тез ойла» ойынын ойнату

А дыбысы мен әрпі бар сөздерді атау.


Топтық тапсырма беру

Алма, алмұрт, апельсин, анар сөздерін буынға бөлу

А дыбысының, сөздің қай бөлігінде келетінін оқушыларға тапсыру

Формативті бағалау.

Қайсы топ жеңімпаз? Анықтау.
Сергіту сәті:

Алма кетті домалап

Озен бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойыннан шығады.
Дәптермен жұмыс жүргізу
Жаңа сабақты қорытындылау
Ал енді балалар нені білдік?


  1. а дыбысы дауысты екен

  2. А быдысы барлық буында болады

  3. а дыбысы сөз басында, ортасында, соңында да келеді екен

Оқушыларды бағалау, мадақтау

Жұлдызша санау

ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Ахметова Алма Толеухановна

Пәні: Әліппе

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Көкөніспен жемістер. Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып жайлы түсінік бері. Оқушылардың тілін дамыту, сөзқорын молайту, ой-өрісін кеңейту. Дыбыстық талдау жасату. Табиғатты сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: көкніспен жемістердің суреттері, плакаттар, интерактивті тақатаны пайдалану.
Сабақтың әдіс тәсілі: сайыс, топтық жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық ахуал түзеп алу.

Үлкенге де сіз, Қайырлы таң!

Кішіге де сіз Қайырлы күн!

Құрметтпенен сіздерге Күліп шықты,

Бас иеміз біз! Кү бүгін!


2.топқа бөлу. (топ ережесімен таныстыру)

Топ ережесі:



  1. Сәлемдесу

  2. Мейірімділік

  3. Белсенділік

  4. Білім алу

  5. Бағалау


Бағалау критериялары:

  1. Затты сипаттау

  2. Сөзді буынға бөлу

  3. Дыбыстық талдау

  4. Сөйлем құрау

  5. Белсенділік бойынша бағалау

1.Топтың атын анықтау (топтан бір оқушыны шақырып тапсырма беру).

а) Әр топ өзінің жемісін сипаттайды (дәмі, түсі, пішіні, көкөніс пе? Алде жеміс пе? Анықтау).
Формативті бағалау:

2.Өткенсабақты пысықтау.

Балалар біз өткен сабақта немн таныстық?

-үй жануарларымен.

-Оларды недер атаймыз?

-Төрт түлік


Әр топқа тапсырма беру.

Дауысты дыбысты атау.


Қой, сиыр, түйе, жылқы:

А) олардың төлдерін атайықшы?

Б) пайдасы қандай

В) оларды қалай күтеміз


Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Алды допты қолына

Қойды допты жолына

Оңға қарады

Солға қарады

Үлкен тау деп ойлады.
«Артығын тап» ойыны арқылы жаңа тақырыпты ашу, хабарлау

Көкөністер мен жемістер

3. Балалар назарын интерактивті тақтаға аудару.

-Олар қай жере өседі?

Қызанақ пен асқабақ сөздерінтүсіндіріп өту, дыбыстық талдау жасау.

Келесі бетте не көріп тұрмыз?

-Мемістер

Алмұрт қарақат сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Осы сөздердің ішіндегі дауыссыз дыбыстарды түсіндіріп өту

Балалар біз өткен сабақта дауысты дыбыстарды өтсек, бүгінгі сабақта дауыссыз дыбыстармен танысамыз.

Оқушылармен жұмыс.

Әр топқа тапсырма беру.

I-топ: Алма неше дыбыс бар?

II-топ: Анар неше дауысты дыбыс бар?

III-топ: Қызанақ неше дауыссыз дыбыс бар?

IV-топ:: Сәбіз буынға бөлу.


Оқушыларды бағалау және ұпайларын санап отыру.

4. Тақпақтар айту

5: Қорытындылау. Сұрақ-жауап

-Көкөністер қай жерде өседі? (бақшада)

-Жемістер қайда өседі? (бауда)

-Көкөніс пен жемістерді жылдың қай мезгілінде отырғызамыз? (көктем)

-Оларды жылдың қай мезгілінде жинап аламыз? (күз)
Бағалау, санау.

ОҚО, Сарыағаш қаласы

135 жалпы орта мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі:

Ахметова Алма Толеухановна

Пәні: Әліппе

Сыныбы: 1 б

Тақырыбы: Күн режимі. Тамақтану

Мақсаты: Баланың бойына күн тәртібін тазалық, саулық, дұрыс тамақтану ережелерін өзіндік тапсырма беру арқылы түсіндіру

Күтілетін нәтиже: Оқушылар күн тәртібі ережелері, бос уақытты тиімді өткізу туралы түсінік қалыптасады.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта, даналық ағашы, жұлдызшалар

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой қозғау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, СТО

Уақыты

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ресурстар

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Бағалау парақшаларын тарату

Топқа бөлу



Оқу құралдарын түгелдейді

Оқу құралдары

Қима қағаздары



7 минут

Үй тапсырмасын пысықтауға байланысты нұсқау беру

Мектептің спорт залы туралы және спорт түрлері туралы топтық тапсырма орындайды.

1 топ: сөз құрайды

2 топ: сөйлем құрайды

3 топ: әңгіме құрайды

4 топ: дыбыстық талдау жасайды


Таратпа суреттер

6 минут

Ой қозғау

Күн тәртібі жұмыс пен дем алудың кестесі.

Пайдасыз бос жүріспен

Бір күнің де өтпесін

Топтық жұмыс сұрақтарға жауап береді



АКТ

11 минут

Жаңа сабақ

«Нақыл сөздер» мақал – мәтелдер айту арқылы тақырыпты ашуға нұсқау беру. Дәрумендердің пайдасы



Көрнекіліктер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашады, сөздің неден құралатынын анықтайды. Әр топ тапсырма орындайды.

Нақыл сөздер

2 минут

Сергіту сәті

Эстафета

Доп

6 минут

Сарамандық жұмыс

Сәйкестендіру тест орындайды. Берілген суреттегі іс – әрекеттердің қай мезгілде орындалатынына байланысты сәйкестендіреді

Суреттер

6 минут

Кері байланыс

Даналық ағашының жемістерін тереді

Даналық ағашы

2 минут

Бағалау

Жұлдызшаларды санау арқылы жеңімпазды анықтайды

Жұлдызшалар

2 минут

Қосымша тапсырма беру

Демалыс күнін өткізу туралы сурет салу, әңгімелеу






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет