Танымал әнші Қарақат Әбілдина мереке қарсаңында мектептегі балаларының концерттеріне қатыса алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/karakat_a/

Өнер иесінің айтуынша, мереке қарсаңында бір күнде бірнеше жерге концертке қатысатындықтан, мектепке соғуға уақыты болмайтын көрінеді. 

“Міне, тағы да концерттің дайындығына кетіп барамын. Кәсібімнің бір кемшілігі бар. Ол мектептегі балаларымның ұйымдастырған концертіне қатыса алмаймын. Олар мені күтеді. Бірақ сәті түспей, үлгермей қаламын. Барлық оқушылар аналарын құттықтап жатқанда, менің балаларым бір бұрышта қалып қоятын секілді. Олар қанша күн аналары үшін тырысты. Бірақ аналары бір концерттен шығып, екінші концертке кіріп бара жатыр”, – деп мұңайды әнші. 

  • Сүйіктіңізге 8 наурызға экспресс сый жасаңыз

  • Алматы әкімдігі әйелдерді қолдауға арналған митинг өткізуге рұқсат берді

Алайда әнші балаларына берген мұғалімнің тапсырмасын жеті қадағалап, аналары көрермен арасынан табылмаса да, басқа аналардың құрметі үшін ерекше дайындықты талап етеді екен. 

“Кеше Айсұлтаным “Анашым, сіз үшін 3 ән жаттадым” деді. Аяла қызым, “Менің концертіме келмедіңіз ғой, басқа оқушылардың мамалары келді” дегенде жүрегім ауырды. Ана болғасын да, жүрегім езіліп кетеді. Бірақ олар түсінеді. Өйткені аналарының жұмысы халықпен тығыз байланысты болғасын үнемі түзде жүретінін біледі. “Мен жандарыңда болмасам да, басқа аналардың құрметі үшін керемет тақпақтарыңды жаттап, әндеріңді шырқап беріңдер” деп ақылымды айтып отырамын. Әр жұмыстың өз қиындығы бар деген – осы. Жыл сайын мереке қарсаңында көңіл-күйім түседі”, – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Қарақат Әбілдина сахналық көйлектерін сатып, сынға қалғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.