Ақтөбе облысында 1,5 жасар бала көз жұмды. Бүлдіршіннің анасы диагноз қоя алмаған дәрігерлерді кінәлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Желтоқсан айының соңы мен қаңтардың басында бала облыстық балалар ауруханасына түсті.

Дәрігерлер оның лимфа түйіндері қабынғанын айтты. Емнен кейін қыз үйден шығарылды. Алайда ауылға оралған соң үш күннен кейін қайтадан ауырған. Содан ауыл дәрігерлері оған антибиотик жазып берді. Содан кейін сәбиде аллергия басталды.

"Дәрігер белсендірілген көмір, диазолин беріп, инфекционист шақырды. Дәрігер қызылшаның белгілерін байқамапты. Ол тек стоматитті байқап, оның вирустық екенін айтты", – дейді баланың анасы Ырысты Серғалиева.

Сәбидің жағдайы жақсармағасын Ақтөбеге жеткізілді. Қалада бала жансақтау бөліміне жатқызылды, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. 

"9-нан 15-не дейін бала ауруханаға жатқызылуы керек болса да, амбулаторлық түрде емделді. Темір аудандық ауруханасында дәрігерлердің жұмысында заңсыздықтар бар. Олардың барлығына сөгіс жарияланды. Біз мұнымен шектелмейміз", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бақытжан Түлкібаева. 

Ата-ана да полицияға хабарласқан. Құқық қорғау органдары сараптама тағайындағанын айтты. Тергеу басталды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.