Сабақтың тақырыбы: Ацетилен және оның құрылысы



жүктеу 45.43 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі45.43 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ацетилен және оның құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ацетилен құрылысы, гомологымен,

номенклатурасымен таныстыру, қаныққан

көмірсутектердің еселік қатынастары, молекуладағы

атомдардың өзара бір-біріне әсері туралы түсініктерін

тереңдету

Дамытушылық: Оқытудың әдіс тәсілдерін жетілдіру, жаңа тақырыпты

меңгерту мақсатында оқушылардың білімін нақтылау,

өздігінен ізденуге жетелеу, оқушылардың сабаққа

белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру

Тәрбиелігі: Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге,

ұйымшылдықпен ұжымдылыққа тәрбиелеп топты

қорғауға жұмылдыру

Көрнекілігі: «Ацетилин құрылысы», «Этан, этилен

молекулаларының құрылысы», «Көмірсутектермен

құрылысымен құрамы», интерактивті тақта

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері

Сабақ барысы:

1.Қызығушылықты ояту (топтастыру стратегиясы)

Оқушыларды 3 топқа бөлу

Ой шақыру кезеңі әр топ төмендегі сұрақтар бойынша ассоциация құрады.

1.Қандай көмірсутектермен таныстық?



Көмірсутектер
қаныққан қанықпаған

этан этилен ацетилен

диен
2.Қаныққан көмірсутектер деген не? Оларға жататын көмірсутектерді атаңыз?

3.Қанықпаған көмірсутектерге қандай көмімсутектер жатады?

4.Этилен көмірсутектері деген дегеніміз не?

5.Диен көмірсутектері дегеніміз не?

6.Қос байланыстар қандай байланыс?

7.δ-байланыстар деген не?π-байланыс деген не? Қайсысы әлсіз?

8.π-байланыс қандай электрон бұлттарынан түзіледі немесе гибридтелмеген р-электрон қандай байланыс түзеледі?

9.Гибридтелу деген не?

б) Ассоциация құру.
І топ

- ан жұрнағы



Гибридтелу SP3 бір байланыс (δ)



Жалпы формуласы Этан көміртек атомы сутек атомымен

СnH2n+2 қаныға байланысқан
тетраэдр валенттілік байланыс ұзындығы

бұрышы 1,54 А

109028

ІІ топ

- ен жұрнағы



Гибридтелу SP2 бір байланыс (δ,π)



Жалпы формуласы Этилен гибридтелмегн бұлт

СnH2n
Жазық валенттілік байланыс ұзындығы

бұрышы 1,34 А

1200

ІІІ топ
- диен жұрнағы


жалпы формуласы Диен көмірсутек гибридтелу SP2

СnH2n-2

Екі қос байланыс

ІІ.Мағынаны тану кезеңі: сабақ мазмұнын баяндау. Э Д А қосылыстар арасындағы еселік (қос, екі қос, үш) байланыстарды, олардың біріктігін түсіндіру.

«Б.Б.Ү» стратегиясы. Балалар, осы білгендерімізді пайдаланып, тағы да еселік үш байланысы бар қанықпаған көмірсутек өкілі- ацетиленмен, оның физикалық қасиеті, сапалық құрамы және құрылысымен танысамыз.

құрылымдық

1.Ацетиленнің құрамы, формуласы

Электрондық

2.Жалпы формуласы - СnH2n-2

3.Аталуы – «ин» жұрнағы

4.Физиткалық қасиеті – түссіз, улы, суда аз ериді, ауада жеңіл, Mr=26,

ауада оттекпен жанғанда қопарылыс береді.

5.Құрылысы: танысу үшін тағы да өткенге ораламыз. («Білемін. Білгім

келеді. Үйрендім» деген кестені пайдалану)

6.Енді ацетиленді қарастырсақ, ацетиленде әрбір С атомы екі атоммен байланысқан H-C=C-H.Сондықтан бір S-электрон, бір р-электрон қатысады.

Гибридтелмеген 2р электрон қалады. Олар π-байланыс түзеді, ол байланыс түзілгенде –С-С- атом арасындағы байланыс ұзындығы қысқарады, ол 1,2А валенттік бұрышы 180, молекула пішіні сызықтық, sр-гибридтелу,

2π байланыс түзеді.


ІІІ. Ой – толғаныс. Салыстыру стратегиясы. Венн диаграммасын құру.





ІV.Білімді тиянақтау.Шығармашылық жұмыс. Үш топқа тапсырма беру. Оқулықпен жұмыс істеп, мәтін мазмұнымен танысыңыздар.







+ +

СH


+

Ойлан,



CH тап

+





CH +

CHCl + + 2Na


+




1-тапсырма.

І топ. Ацетилен, көмірсутек,-ин, үш байланысы бар жұрнақты,өкілі,органикалық зат-осы сөздерден қорытынды сөйлем құраңыздар.

ІІ топ. Түбірі бірдей, жұрнағы 4 формула жазыңыздар.

ІІІ топ. «Ойлан, тап» сызбанұсқасын шешіңіздер.

2-тапсырма.

І топ. Мына көмірсутектерді атаңыздар:

а) 1.СН-СН-СН=СН-СН

2. СН-С=СН-СН-СН

СН СН
ә) Ацетилен молекуласындағы байланыс ұзындығы этиленмен салыстырғанда неге қысқа?

ІІ топ.

а) Қазақстанда каучук өнімдері қай жерлерде өндірілген?



Табиғи каучук, оның қасиеттері қандай?

ә) Каучукты вулканизациялау деген не?

ІІІ топ

а) Мына қосылыстардың формуласын құрастыр. 2,4 диметилпентадиен-



1,3; 3-этилгексатриен -1,3,5

ә) Құрамында көміртек -92,3%, сутек -7,7% бар көмірсутек 1 л қалыпты жағдайда 1,16 л көлем алады. Көмірсутектің формуласын тап.


V. Үйге тапсырма беру. Ацетилен, есептер шығару 7-8

VI. Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет