Сабақтың тақырыбы: «Адам қаңқасының негізгі бөлімдері»



жүктеу 60.08 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі60.08 Kb.
түріСабақ


Айкенова Айжан Сериккановна Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
«Адам қаңқасының негізгі бөлімдері»




Сабақтың тақырыбы: «Адам қаңқасының негізгі бөлімдері »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тірек-қимыл жүйесімен танысу. Зиянды заттардың тірек-қимыл жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың адам қаңқасындағы сүйектерді ажырата білу, олардың маңызын білу қабілеттерін дамыту. Ақпараттық оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына жағымды көзқараспен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, тест тапсырмалары, адам қаңқасының моделі, суреттер.

Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, математика

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.

Рефлексия.

Сәлеметсіздерме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)

Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйлерін білдіреді.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық,

Оңға –солға түзу тұр.

Солға оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық

II.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларды топқа бөлу (оқушылар алдарыңда түрлі-түсті сүйектер жатыр, барлығымыз келіп топқа бөліну үшін өзімізге ұнағанын таңдап алайық), Жалпақ сүйектер 1-топқа, қысқа сүйектер 2-топқа отырамыз.

«Миға шабуыл»: жұмбақ шешу



  1. Күбір-күбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.

Осы айтқан жұмбақты,

Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ)


  1. Қызыл түлкі шықпайды

Өз інінен шықпайды. (тіл)

  1. Оң қолым, сол қолым,

Бәріде өз қолым.

Тапқырболсаң, тапшы қане?

Барлығы не болады. (10 саусақ, қол)

Алыстан көргіштік- қырақтылық.

Алыстан көрмеушілік- сығырлық.

Нұрлы қабықшасының бұзылуы-глоукома

Көз бұршағының бұлыңғырлауы-катаракта.

Суық тиюі-конъюктивит



III.Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы:« Адам қаңқасы»

Адам ағзасында 200 астам сүйек бар. 230 астам буын бар.

Сүйектердің байланысуы: буын арқылы, тігіс арқылы.



овал 12


прямая со стрелкой 11


прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 10


овал 6овал 7овал 8


Сергіту сәті:

Шарты:


Ұзын сүйектер– сол қол көтеру. (асық жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, шыбық сүйектер)

Қысқа сүйектер – оң қол көтеру. (Омыртқа, мойын омыртқа, сегізкөз, алақан сүйектер, табан сүйектер, тобық, толарсақ, білезік сүйектері.)

Жалпақ сүйектер – денені бұру. (жамбас, жауырын, қабырға, бас сүйектері, ми сауыты)

скругленный прямоугольник 5

прямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 4

скругленный прямоугольник 2скругленный прямоугольник 1

Адам қаңқасының өсуіне әсер ететін зиянды заттар.

Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамындатұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темекідегідей болады.Сондай-ақ кальян жабық бөлмелерде шегілетініне байланысты, оның түтіні гипоксия (ауа жеткіліксіздігі) тудырады. Бұл да кальянның ағзаға улы әсерін жоғарылатады.



IV.Бекіту. (тест тапсырмалары)

Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр.

«Буриме» өлеңжолдары.

...................................................... жатпаңдар,

...................................................... тастаңдар.

...................................................... жадырап,

...................................................... бастаңдар.

Сіздер қозғалыстың қажет екендігіне көз жеткіздіңіздер.

Енді бәріміз сергіту сәтін ұйымдастырайық. «Қаңқа биі».

Эксперттер сөзі: өздерінің бағалауларын түсіндіреді.



Бағалау парағы




І кезең Сұрақ менен жауап сенен


ІІ кезең Көтерілістер тарихы

ІІІ кезең Әріптер сөйлейді


ІҮ кезең Сөз тапқанға қолқа жоқ


Ү кезең Білгенге маржан


ҮІ кезең Тарихи тұлғалар


YII кезең Жұмбақ шешу


VIII кезең Қорытынды



Алғырлар

тобы

























Білгірлер тобы
























Мұғалім:. Енді біз жұмысымызды қортындылау үшін рефлексия жүргізейік.

Рефлексия- дегеніміз не?

Оқушылар жауабы:-------------------------------------------.

Рефлексия- ол жұмысты қортындылау мен бағалауды өз ой елегінен өткізу.

Рефлексияның бірнеше түрлері бар. Біз сіздермен көбіне сабақта қолданатын Синквейн бойынша рефлексия жасайық.

Синквейн бойынша. 1-2 топ мүшелері өз тақырыптары бойынша рефлексия жасайды.

Ол үшін:


1 зат есім

2 сын есім

3 етістік

4 сөзден тұратын сөйлем

1 синоним алғашқы зат есімге.

VI.Топтардың жасаған рефлексиясы.

1 топ: Жалпақ сүйектер тобы

Сүйек


Қысқа, жалпақ

Ұзарады, сынады, өседі

Сүйек- ағзаның негізгі тірегі

Қаңқа


2 топ: Қысқа сүйектер тобы

Аяқ


Күмбез тәрізді

Қозғалады, қорғайды

Аяқ сүйектерінің түрі көп.

жамбас


Әр топтың рефлексиясы тыңдалады.

Соңынан мұғалім жалпы сынып оқушыларының жұмысына рефлексия жасайды.

Оқушылар

Білімді, ізденімпаз

Ізденеді, оқиды, талпынады.

Пайдалы кеңестер:

Тірек- қимыл жүйесіне пайдалы тағамдарлың құрамында сүт өнімдері, теңіз өсімдіктері,, балық өнімдері, түрлі жеміс-жидектер бар. Мысалы сүт өнімдері құрамындағы Са сүйектің беріктігін жақсартады. Теңіз өсімдіктері адам ағзасындағы йодтың мөллшерін реттеп сүйектің өсуін реттейді. Балық өнімдері денедегі Д. дәруменінің түзілуін қамтамасыз етеді. Алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып,серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін.

V. Бағалау.Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын

«5» - апельсин - тәтті

«4» - алма – қышқыл

«3» - лимон – ащы



Осымен сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқан барлық топ мүшелеріне көп рахмет. Білімдерің шыңдала берсін! Құрметті қонақтар назарларыңызға көп рахмет!

Каталог: uploads -> konspekt -> biologiya
biologiya -> Сабаќтыњ таќырыбы
biologiya -> Эволюциялық ілім
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: §28. Өзгергіштік түрлері Сабақтың мақсаты
biologiya -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға «Отан» ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері
biologiya -> Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе
biologiya -> Сабаќтыњ технологиялыќ картасы № к‰нi
biologiya -> Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу
biologiya -> Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы (6 сынып) Пән: биология Пән мұғалімі: Косанова Айжан Умиткалиевна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет