Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Түн кірпігін ілмеді»,«Шалкөде жайлауы»



жүктеу 38.35 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі38.35 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли

«Түн кірпігін ілмеді»,«Шалкөде жайлауы» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдерінің мазмұнын ашып түсіндіру,өлең құрылысын сөз мағынасына қарай талдату, «нұр» сөзінің мағынасын ашып,оқушыларға ой қозғату;

ә)тәрбиелік:Қадыр Мырза Әлидің афоризм сөздерін сабақ барысында мысал ретінде келтіріп,оқушыларға өмірлік ұстанымындай қабылдату;

б)дамытушылық:Оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға,танымдық көзқарасы мен пікірін қалыптастыруға,көркем сөзбен кестелеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,түсіндіру,мәнерлеп оқу,әңгімелесу,баяндау,еліктіру

Пәнаралық байланыс: сурет, қазақ тілі

Пайдаланатын әдебиеттер:

1) С.Мақпырұлы,Г.Құрманбай,А.Қыраубайқызы

«Қазақ әдебиеті» Алматы «Мектеп» 2004 жыл

2) Қадыр Мырза Әли «Таңдамалы жинақтар» 1том Алматы 2006 жыл

3) Қадыр Мырза Әли «Алмас жерде қалмас» Алматы 2006 жыл

4) Қазақ әдебиетінің тарихы 4том Алматы 2005

5) Қадыр Мырза Әли «Мәңгі майдан» 1991жыл

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) «Көңіл ашар»

Шарты: Күннің, бұлт басқан жаңбырлы аспанның бейнесі слайд арқылы көрсетіледі. Сурет мінезімен сәйкес келген оқушылар қолдарын көтереді. Қадыр Мырза Әлидің афоризм сөздерін үлгі ретінде алып, оқушылардың көңіл-күйіне ықпал етемін.

Күн: «Жымия білген адамның жаны сұлу».
Бұлтты Өкпең бар ма? – Ұмыт!

жаңбырлы Артта өкініш,алда үміт.

аспан:
ә) Сергіту сәті.

Оқушылардың көңіл-күйін анықтағаннан кейін Қадір Мырза Әлидің жаңылтпаштарын жаңылмай айтып беруін сұраймын.


Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім

Неше кіші ішік піштім.

* * *


Шімішкі шақсаң шақ,

Шапшаң шақ

Шөбіңді шапсаң шап,

Шапшаң шап


2.Үй тапсырмасы

Өткен сабақта Қадыр Мырза Әлидің өмірі, шығармашылығы, өлеңдерімен хронологиялық кесте арқылы таныстық. Балалар, енді өткен сыныптарда өкен Қадыр Мырза Әлидің өлеңдерін еске түсіріп көрейікші.


Іші толған әріпке,

Мынау әйбат «Әліппе».

Ежелеп біз оқимыз,

Алып келіп мектепке.

* * *

Мынау менің сегенім:



Ол кластың анасы.

Өзінің де,

Өзгенің

Баласы – оның баласы.


– Иә, балалар естеріңе әп сәтте түскен болар. Қадыр Мырза Әли қазақ әдебиеті, оның ішінде балалар әдебиетіне көп қалам тартқан. Тілі жеңіл, әрі ойға қонымды өлеңдері біздің әлі күнге дейін есімізде сақтаулы. Оның қалам алды туындыларының бірі – «Нұр» өлеңі. Үйге «Нұр» өлеңі жаттауға берілген болатын.

(Үй тапсырмасын сұрамас бұрын үш қатарға тапсырма беремін)



  1. Құрамында «нұр» сөзі бар адам есімдерін атаңдар

  2. «Нұр» сөзі кездесетін сөйлем құраңдар

  3. «Нұр» сөзі арқылы жақсы тілек білдіріңдер

(Оқушылар жауабы тыңдалып болған соң, «Нұр» өлеңін жатқа сұраймын, сөз мағынасына қарай талдатамын)
3.Жаңа сабақ.

б) «Білімдіге өріс кең»

1. «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдерін мәнерлеп оқып беремін

2. Оқушыларға оқытамын

3. Түсінген мазмұнын сұраймын

4. Сөз мағынасына қарай талдатамын

5. «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдерінде кездесетін «нұр» сөзі қандай мағынада жұмсалып тұрғанын сұраймын.


4.Жаңа сабақты бекіту.

в)«Ойлан тап»
Білерімнің куәсі,

Білмесімнің куәсі.

Іші толған қолтаңба,

Алып шығам әр таңда.

(Күнделік)
Жылжытады алға бізді,

Жылжымайды бірақ өзі.

(Класс)
Жоқ өзінде бас та,

Қас та,Мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)
5.Жаңа сабақты қорыту.



г) «Ой қозғау»
Қазақы қалжың жайында не білесіңдер?





6. Үйге тапсырма

1) «Нұр» сөзі кездесетін мақал-мәтел,нақыл сөздер жазып келу;

2) «Түн кірпігін ілмеді»,«Шалкөде жайлауы» Қалаған өлеңдеріңді жаттап келіңдер;

3) Мен даламның нұрымын тақырыбында эссе жазып келу.

4) Қазақы қалжың әңгіме тауып келу.



7.Бағалау.
Әр бөлім бойынша бағалау фишкасына ие болған оқушылар,сабаққа белсене араласқан оқушылар,үй тапсырмасы сұралған оқушылар бағаланады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет