Алматы облысында қозғалған қылмыстық іс аясында Макао казиносында тінту жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: tishinkafood.ru

Алматы облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, казинода ойыншыға жеке басын анықтаусыз, заңдағы ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген.

  • "Ойынға тәуелділіктен бір көзім көрмей қалды": Құмар ойынның құрбаны болған қазақстандықтар өмір мен денсаулықтың қадірі жайлы айтты
  • "Қарыз сұрайтын таныс қалмады": Актер Еркебұлан Тоқтар құмар ойыннан шыға алмай жүргендерге кеңес берді

"17 қаңтарға қараған түні департаменттің жедел-тергеу тобы тінту жүргізді. Нәтижесінде 2225,5 млн теңге, 15 мыңнан аса еуро (7 млн 374 мың 568 теңге, 1 еуро – 491,64 теңге), 719 мың рубль (3 млн 668 мың 67 теңге, 1 рубль – 5,10 теңге), 34 мың юань (2 млн 159 мың 636 теңге, 1 юань – 63,52 теңге) және 38,5 мың доллар (17 млн 397 мың 33 теңге, 1 доллар – 451,87 теңге) ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелі блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнетіркегіштер табылып, тәркіленді", — делінген хабарламада.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда "1Win" онлайн-казино ұйымдастырушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.  Тергеу жалғасуда, онлайн-казино сайты бұғатталып, төрт ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.