Маңғыстау облысында балаларды таяқпен тәртіпке салмақ болған мұғалім жұмысынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Оқиға 15 қаңтарда Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған. Қазір жас ұстаздың балаларды не үшін жазалағаны анықталуда.

Әлеуметтік желіге таралған видеодан қолына таяқ ұстаған педагогтың оқушылардың қолынан ұрып жүргенін байқауға болады. Бастауыш сыныптың ұлдары алақандарын тосып тұр. Мұғалім әрқайсысының жанына барып, таяқпен ұрып жүр. Бейнежазбадан бір оқушының бұрышта тұрғаны көрінеді. Облыстық білім басқармасы мұғалімге тиісті жаза қолданғанын айтады.

  • Асхат Аймағамбетов трансвеститтер клубына барғаны үшін жұмыстан шыққан мұғалімдерге жақтасты

“Ол – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Ұстазға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы тағайындалды. Педагог 17 қаңтарда жұмыстан босатылды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қызылордалық мұғалімдер Түркиядағы трансвеститтер клубында демалғаны үшін жұмыстан шығып қалғаны айтылды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.