Сабақтың тақырыбы А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба»



жүктеу 59.47 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі59.47 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлім: Әлемдегі ірі кітапханалар

Мектеп: КММ №4 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Баялина З.Т.

Күні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну.

5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану


Сабақтың мақсаттары


Барлығы:көркем шығарманың мазмұнын түсінеді, таныс сөздерді қолдана отырып, сұраққа жауап береді.

Көбі:таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Кейбірі: Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша жұмыстарда орынды қолданады

Бағалау критерийлері


Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Шағын диалогке қатысады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Нафрәтлі-жеркенішті

Ғибрәтлі-үлгілі

Мизан-таразы

Кәпір- мұсылман емес, діннен шыққан

Ғұламаһи-ғалым, ғұлама



Құндылықтарды дарыту

Ғылымға, өнерге деген сүйіспеншілігін дамыту




Пәнаралық байланыс

тарих

АКТ қолдану дағдылары

аудио құралдар

Бастапқы білім

«Ірі кітапханалар» туралы біледі

Сабақ барысы

Ресурстар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Сәттілік тілегі» Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Түстер арқылы топқа бөлу.

«Музыкалық қобдиша»

Абай Құнанбаев деген кім?

Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

Білім мен ғылым дегеніміз не?



Түрлі-түсті стикерлер, қобдиша

Сабақтың ортасы
30-35 минут



(С). Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін мұқият тыңдап , бағдарсызық арқылы ақпараттарды өлең мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық

бол,

Бес нәрсеге асық бол,



Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалымболмайнемене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бірғалымдыкөрсеңіз.

Ондайболмаққайдадеп,

Айтпағылымсүйсеңіз,

Сізгеғылымкімберер,

Жанбайжатыпсөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпенерсеңіз.


Бес асыл іс




Пайдасыз нәрселерден аулақ

бол

Жамандық көрсең нәфрәтлі




Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Жақсылық көрсең ғибрәтлі





Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым

Бес дұшпан




Пайдалы нәрседен үлгі

-өнеге ал

Білім алушы :

Дескриптор:

-мәтін бойынша ақпаратты сәйкестендіреді.

-шығарманың мазмұнын түсінеді;

Кері байланыс
(Т). «Дара диаграмма» арқылы жақсы адам қандай болу керектігін сипаттайды


Сергіту сәті

Күніміз жарық болсын,

Аспанымыз ашық болсын

Ғылым қуып әрдайым

Іздегенін білім болсын!

(Т) Тыңдалған мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді теріп жазу.

(Қ). Мұғалім ең көп терілген етістіктер бойынша бағалайды

(ЖЖ) Жұбыңызға өлең бойынша 5 сұрақ дайындау. Оқушылар өзара шағын диалогке түседі.

  1. Ақын жастарды неге шақырады?

  2. Қандай нәрселерден қашық бол дейді?

  3. Абайдың бес асыл іс деп отырғаны нелер?

  4. Нағыз адам болу үшін қандай болу керек?

  5. Оқыған өлеңіміз неше шумақтан тұрады?

Дескриптор: Білім алушы

-Сұрақты қоя алады;

-Сұраққа лайықты жауап береді;

-Шағын диалогқа қатысады.

оқулық, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер, фломастерлер





Сабақтың соңы

5 минут


;Рефлексия

Қосу

Алу

Қызықты










«Қ» бағанына – «қосу» - сабақта ұнағанның барлығы жазылады, жағымды эмоция тудырған немесе оқушының пікірі бойынша оған қандай да бір мақсатқа жету үшін пайдалы болған ақпарат және жұмыс нысандары. «А» бағанына – «алу» – сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырғыш көрінген, жақтырмаған, түсініксіз болған немесе оқушының пікірі бойынша оған қажетсіз, пайдасыз болып көрінген ақпарат жазылады. «Қыз» бағанына – «қызықты» – оқушылар сабақта солар туралы білген барлық қызықты фактілерді, осы проблема бойынша тағы нені білгісі келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарын жазады.




Үй тапсырмасы

Өлеңнің үзіндісін жаттау

Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет