Сабақтың тақырыбы: Ақпарат Сабақтың мақсаты



жүктеу 0.73 Mb.
бет5/5
Дата21.04.2019
өлшемі0.73 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  2. тапсырмаларды орындау

  3. сабақты бекіту

  4. үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1. Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

2. Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер

Инженерлік калькулятордың түрін көрейік. Жоғарыда айтылғандай, инженерлік калькуляторды «шақыру» үшін :

Пуск –Все программы- Стандартные-Калькулятор –Вид Инженерный командаларын орындаңдар.

Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ оның батырмалары көбірек, олардың кейбіреулері 2-3 міндет атқарады. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізу, тригонометриялық функцияларды, логарифмді, дәреже табуды орындау үшін қолдануға болады.

Егер бұл калькуляторда жұмыс істеп отырып, оның кейбір функциялары қалай орындалатынын ұмытып қалсаңдар, онда анықтамалық жүйені пайдаланыңдар. Мысалы, батырмалардың міндеттерін анықтау үшін, динамикалық менюді пайдалануға болады.

Ол үшін, әдеттегідей, өздеріңе қажет тышқанның оң жақ батырмасын шертіңдер. Сонда кішкене жақтау үшін «Что это такое?» жазуы шығады. Бұл жазуда тышқанның сол жақ батырмасын шертсеңдер, осы батырма жөнінде ақпарат пайда болады.

Инженерлік калькулятор төрт санау жүйесінде жұмыс істейді: ондық, сегіздік, екілік және оналтылық..
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Инженерлік калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

2. Инженерлік калькулятордың қандай ерекшеліктері бар?


Үйге тапсырма: Инженерлік калькулятормен жұмыс жасау ерекшеліктері

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Дыбысты жазу мен ойнату программалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

• Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

• Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

• Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

• Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

• Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

• Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

Мультемедиа – бұл компьютердің аппаратық жзабдықтамасы және бір уақытта мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнежазбаны, музыканы жәнеанимацияларды қолданатын бағдарламалар. Бұл пайдаланушымен қары-қатынас қызық және сазды болуына мүмкіндік береді. Мульти-көп, ал меиа – баспа мәтіндерді, дыбыс және теледидар бейнелерін қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты. Көптеген компьютерлік ойындар мультимедиа негізінде құрылған. Компьютерде мультимедианы қолдау үшін қосымша ақпарат құралдары, кем дегенде дыбыстық карта мен мен СД-РОМ құрылғысы болу керек.



ЛАЗЕРЛІК ОЙНАТҚЫШ БАҒДАРЛАМАСЫ

Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы CD-ROM-ды пайдаланып музыкалық компакт-дискіні ойнатуға мүмкіндік береді. Музыкалық компакт-дискіні іске қосып қойып, басқа қолданбаларды жұмыс істей беруге болады.

Іске қосу: Пуск-Программы-Стандартные-Мультимедия-Лазерный проигрыватель.

Windows’98-де компакт дискіні ойнату өте оңай, тіпті ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ. Ол үші музыкалық дискіні компакт-дискіден оқу құрылғысынаорналастыру жеткілікті.

Лазерлік ойнатқыштың арнайы батырмалары бар, олардың көмегімен бір әннен екінші тәнге көшуге, ойнатуды тоқтатуға, уақытша үзуге, сондай-ақ компакт-дискіні алып қоюға да болады.


  1. Ойнату

  2. Үзіліс

  3. Тоқта

  4. Алдыңғы жазба

  5. Келесі жазба

  6. Артқы айналдыру

  7. Алдыңғы айналдыру

  8. Шығарып алу

ДЫБЫС ҚАТТЫЛЫҒЫН РЕТТЕУ

Лазерлік ойнатқыш, Әмбебеп ойнатқыш, Фонограф бағдарламаларымен жұмыс істеген кезде басқаларға кедергі келтірмеу үшін дауыстың қаттылығын реттеу керек. Дауыстың қаттылығын реттеуге болады:

1. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио ) түрінде бейнеленген белгішені бір рет шерткен пайда болатын дауыстың қаттылығын реттеуші пайдалану;

2. Тапсырмалар тақтасындағы громкоговоритель ( дауыстап сөйлегіш радио) белгішесіндегі тышқаттың батырмасын екі рет шерткен кезде пайда болатын Лазерлік ойнатқыш үшін дауыс деңгейін баптауға және ойнату кезінде әмбебеп ойнатқыш пен Фонографты да баптауға мүмкіндік беретін Громкость терезесін пайдалану.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

  • Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

  • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

  • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

  • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

  • Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

  • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма: Дыбыс жазу мен ойнату программалары.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Фонограф программасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

• Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

• Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?

• Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?

• Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?

• Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?

• Калькулятордың қандай түрлері бар?

Жаңа түсініктер:

Фонограф программасы

Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табыатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.

Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.

Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:

1.Бас жағына өту

2.аяқ жағына өту

3.ойнату

4.тоқтату

5.жазу

Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.



Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу

Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.



Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

  • Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

  • Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

  • Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

  • Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

  • Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Үйге тапсырма: Фонограф программасы.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

компакт-дискідегі программаларды орнату мен іске қосуды үйрету;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.

Компакт –дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.

Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады (автозапуск), яғни сендер дискіні CD-ROM –ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді. Сендердегі тура осындай дискі делік. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install батырмасын таңдау керек немесе егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасында шертіңдер. Орысша нұсқасында бұл батырмалардың кез келгенін орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмаса, онда ОК және Cancel екі батырмасы, орысша нұсқасында ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.

Бірақ ойын Setup.exe. немесе Install.exe арқылы орнатылатын жағдайда автоматты түрде іске қосылмауы да мүмкін, онда дискіден бұл файлдың бірін сендердің өздеріңе іздеуге тура келеді.

Ол үшін:


    1. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.

    2. Д: дискінің белгішесін екі рет шертіңдер.

    3. Пайда болған қапшықтың терезесінде 7.8- суретте келтірілген файлдарды іздеңдер.

Егер бұл файлдардың екеуі де бар болса, онда Install-ды таңдау керек.

    1. Қондырғыны іске қосу үшін табылған файлды екі рет шертіңдер.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар: Yes, No, Agree, No, Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б. лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree, Да, Согласен деп жауап беріңдер.

Содан соң орнату барысында тек ОК (Жарайды), Next (келесі) немесе Далее (Әрі қарай) батырмасын басу керек.



Үйге тапсырма: Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Оқушыларды бағалау.
Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Сыныптың компьютерлік желісі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылады «Электрондық хабар», «Компьютерлік желі»

ұғымдарымен таныстыру, жергілікті желі туралы түсінік беру;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:комьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

4.Тапсырмаларды орындау

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

* Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?

* Сыртқы жад құрылғыларының қайсысы музыка ойнату үшін қолданылады?

* Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?

* Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?

* Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?

* Дыбыстық файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?

* Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?

Жаңа түсініктер:

Ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан компьютерлердің даму тарихында оларды арнайы кабельдердің және басқару программаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болады. Компьютерді осылай бірімен бірі байланыстыруды компьютерлік желі деп атайды.

Компьютерлік желі – бұл әр түрлі ресурстарды, мысалы программаларды, құжаттарды және құрылғыларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.

Бір-бірімен жақын аралықта (бір немесе бірнеше көршілес ғимараттарда) орналасқан компьютерлер тобын жергілікті желі деп атайды.

Компьютерлеріндегі дискілер мен қапшықтарға қатынау.

Қапшыққа немесе дискіге қатынау үшін, келесі:



  • қапшықтың белгішесін бөліп алу (белгілеу)

  • белгіленген обьектінің контексті менюінен Доступ командасын таңдау.

  • Ауыстырып қосқышты Общий ресурс жағдайына қою;

  • Егер желі атын өзгерту керек болса, онда оны Сетевое имя өрісіне және Заметки өрісіне енгізу.

  • Қажетті қатынау құқын орнату;




  • сәйкес парольді енгізу;




  • ОК-ді басу. Қадамдарын орындау керек.



Желілік принтермен жұмыс жасау.

Егер компьютерге принтер қосылмаса, онда жергілікті желінің оған қатынауға болатын кез келген принтерінде басуға болады.

Желілік принтерге қосылу үшін:


  1. Принтеры қапшығын ашу керек (Пуск-Настройка-Принтеры)

  2. Принтерді орнату шеберін (Мастер установки принтера) іске қосу үшін, тышқанның батырмасын Установка принтера белгішесінде екі рет шерту керек.

  3. Шебердің нұсқауын орындау керек. (Далее (Әрі қарай) батырмасы арқылы келесі қадамға өтуге болады.

Желілік принтерге қатынау орнатылғаннан кейін Принтеры қапшығында желілік принтердің белгішесі пайда болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:


  • Компьютерлік желі дегеніміз не?

  • Желінің қандай түрлері бар?

  • Жергілікті желінің артықшылығы қандай?

  • Желілер топологиясы дегеніміз не?


Үйге тапсырма: Сыныптың компьютерлік желісі.

Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Жалпы желі ұғымы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және

олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру, Internet

Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;



Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

Компьютерлік желі дегеніміз не?

Желінің қандай түрлері бар?

Жергілікті желінің артықшылығы қандай?

Желілер топологиясы дегеніміз не?

Протокол дегеніміз не?

Хабар дегеніміз не?

Жаңа түсініктер:

Жалпы желі – бүкіл әлемдегі компьютерлерді байланыстырады және ол Интернет деп аталады.

Бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлерде қаншама ақпараттар сақталған десеңші? Интернеттен әлемнің барлық тілінде жазылған кез-келген ақпаратты табуға болады. Мұражайларды, кітапханаларды қарауға, қашықтан оқытуға, қажетті тауарды сатып алуға, виртуальды турларға қатысуға болады және т.б.

Интернеттегі беттерді қарауға арналған шолулар немесе сілтеушілер деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Олардың ішінде бүкіл әлемде көп қолданылатыны-Internet Explorer.

Интернеттегі бетті қарау үшін оның адресін енгізу қажет. Бір беттен екінші бетке өту сілтеме (гиперссылка) арқылы орындалады. Мәтін, сурет, фотосурет сілтеме бола алады.

Сілтеме бар екенін қалай білуге болады? Тышқанның меңзерін мәтінге, суретке немесе фотосуретке әкелген кезде сілтеме бар жерде, тышқанның бағыттауышы бас бармақ созылған саусақты қолдың суретіне ауысады. Сілтеме бойынша бір беттен басқа бетке өту үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.



  1. Сілтемеге келіп тышқанның сол батырмасын басамыз.

  2. Беттің жүктелуін тосамыз.

  3. Жүктелу кезінде оң жақ жоғарғы бұрыштағы глобус айналып тұрады, ал төменгі жағында жүктеу индикаторы пайда болады.

Бет жүктелгеннен кейін өзінізді қызықтыратын ақпаратты оқып, көшіріп, сақтап, қағазға басып шығара аласыз.

Электрондық байланыс ақпаратты тарату үрдісін жылдамдатты. Телефон, пейджер, ұялы телефондар және компьютерлердің пайда болуы ақпаратты тарату үрдісін тездетті.

Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпаратты жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электронды поштаның стандартты поштаның бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.

Кіретіндер (Входящие). Бұл бумаға барлық қабылданған хабарлар орналасады.

Шығаратындар (Исходящие). Жазылған және жіберілген хаттар осы бумаларда орналасады.

Өшірілгенднр (Удаленные). Кез-келген бумадан шірілген хаттар осы бумаға келіп орналасады.

Жіберілгендер (Отправленные). Шығатындар бумасын жіберілгендердің көшірмесі осы бумаға келіп орналасады.

Шимай дәптерлер (Черновики). Егер жазылған хат әлі жіберуге дайын болмаса да оны жабуға болады, және ол Шимай дәптерлер (Черновики)бумасында сақталады. Келіп түскен хаттармен не істеуге болады. Келген хабарды бірінші белгілеп одан кеиін әртүрлі әрекетті орындауға болады.

Принтер арқылы қағазға басып шығару. Файл – Печать – ОК командасын орындау арқылы.



Жауап беру.Хат жолдаушыға және осы хатты алғандардың әрқайсысына жауап жазуға, хабарды басқа қабылдаушыға жіберуге болады.

Сақтау (Сохранить как). Таңдаған хабарды сақтауға болады, ол үшін Файл – Сохранить как командасын орындаймыз.

Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файылдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файылдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мүмкін. Егер қабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті көрсетіледі.

Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл –Сохранить вложения немесе Файл сохранить вложения – Ве командаларын орындаймыз сол кезде бекітілгенфайлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.

Жаңа хат немесе жіберу үшін оны жіберетін мекен-жайдың адресін білу керек. Адрес былай жазылады: schoo112@os7 kz

Сабақты бекіту сұрақтары:


  • Компьютерлік желінің қандай түрлері бар? Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз.

  • Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады?

  • Сілтеме дегеніміз не?

  • Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?

  • Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады?

  • Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?

Үйге тапсырма: Жалпы желі ұғымы. Электрондық пошта


Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақтың тақырыбы: Электрондық поштадан шығу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың интернет желісінен ақпарат алу,электрондық

поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру,

хаттарды қабылдау және жіберу дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту


Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компъютер, инт.тақта, электронды оқулық,

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Сабақты бекіту

4. Үйге тапсырма беру

Өткен материалды қайталау сұрақтары

1. Компъютерлік желінің қандай түрлері бар. Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз?

2. Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады ?

3. Сілтеме гипперссылка дегеніміз не Бір беттен басқа бетке қалай ауысамыз?

4. Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?

5. Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады№ Қандай бағдарламалар көмегімен.

6. Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?

Жаңа түсініктер:

Электрондық поштамен жұмысты аяқтау үшін Файл-Закрыть командасын орындаңдар немесе терезені жабу батырмасында тышқанды шертіңдер.

Дүние жүзінің ең алыс нүктесіне электрондық пошта арқылы жіберілген хабар бірнеше сағат ішінде жетеді. Абонент өз қалауы бойынша электрондық пошта арқылы өз адресаттарымен бір күнде бірнеше рет хабарласуына болады, себебі электрондық пошта сервері тәулік бойы жұмыс істейді.

Сабақты бекіту. Оқушылардың тапсырмаларды толық орындауын тексеріп,

қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін бағалау.



  1. Жергілікті желіден басқа қандай желілерді білесіңдер?

  2. Интернет желісі қалай пайда болды?

  3. Интернет желісінде не істеуге болады?

  4. Электрондық пошта дегеніміз не?

  5. Электрондық поштаны қалай іске қосады?

  6. Хабар жіберу үшін не істеу керек?

Үйге тапсырма: Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу. Электрондық поштадан шығу.
Пән аты: Информатика

Класы: 7

Сабақ тақырыбы: Қорытынды сынақ жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету:

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту:


Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Тесте берілген сұрақтарға жауап беру.

4. Тест сұрақтарын талдау.

5. Үйге тапсырма беру.



Тест сұрақтары:

1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал...

А) Компьютер Ә) Модем Б) Калькулятор В) Машина.

2. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды.

А) 1823, МИНСК Ә) 1946, ЭНИАК Б) 1951. ІВМ В) 1949, ЭНИАК

3. Қай сөйлем дұрыс.

А) Пернетақта- енгізу құрылғысы В) Принтер- енгізу құрылғысы

Ә) Пернетақта- шығару құрылғысы Б) Монитор- енгізу құрылғысы

4. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы-

А) Сканер Ә) Плоттер Б) Прцессор В) СД-РОМ

5. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы-

А) Принтер Ә) Дискжетек Б) Процессор В) СД-РОМ

6. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз...

А) Монитор, принтер Ә) Монитор, тышқан

Б) Процессор, принтер В) Принтер, сканер.

7. Бағдарламау жасақтамалары қандай топтарға бөлінеді.

А) Жүйелік, қолданбалы,бағдарламау жүесі.

Ә) Жүйелік, әмбебап, қолданбалы

Б) Қолданбалы, бағдарламау тілдері, операциялық жүйелер

8. Комьютердің ішкі жадысының неше түрі бар?

А)Тұрақты, уақытша жадтайтын құрылғы

Ә)жедел, тұрақты жадтайтын құрылғы

Б)жедел, оперативті сақтайтын құрылғы

9. Дискілердің қандай түрлері бар?

А) иілгіш, қатты, жұмсақ Ә) иілгіш, қатты, компакт

Б) қатты, иілгіш,терте

10. Экранның төртбұрыштың қоршаулы аумағы...

А) Терезе Ә) Шартбелгі Б) Жұмыс үстелі В) Бума

11. Жұмыс столында жаңа бума құру әрекеті қалай

орындалады?

А) Қосымша меню-Создать-папку Ә) Қосымша меню Открыть-папку

Б)Негізгі меню-Создать- Папку

12. Кез келген команданы жылдам орындау үшін қолданылатын терезе бөлігі..

А) жұмыс алаңы Ә) тақырыптық қатар

Б) меню қатары В) құралдар тақтасы

13. WordPad мәтіндік редакторында файлдың типі қандай болады?

А).doc ә).bmp б).txt в).exe

14. Paint графиктік редакторында файлдың типі қандай болады?

А).doc ә).bmp б).txt в).exe

15. Paint графиктік редакторында үзінділерді еңкейту мен созу командалары қалай орындалады?

А) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню- Отразить/ Повернуть

Ә) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню- Отразить/Повернуть

Б) Үзіндіні белгілеу, қосымша меню- Растянуть/Наклонить

В) Үзіндіні белгілеу, негізгі меню- Растянуть/Наклонить

16. Өте кішкентай мәтіндік редактор қалай аталады?

А)Wort Pad Ә)Раіnt Б)Microsoft Word B)Блакнот

17. Компьютердің сандық ақпараттармен жұмыс істейтін қолтанбасы...

А) калькулятор Ә) Блакнот Б)Wort Pad B)Раіnt

18 . Компьютердің дыбыс жазуға арналған қолтанбасы...

А) Wort Pad Ә) Зувукозапись Б)Раіnt B) Блокнот


Үйге тапсырма: Өткен материалдарды қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет