Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»



жүктеу 43.95 Kb.
Дата01.09.2018
өлшемі43.95 Kb.
түріСабақ


Сабақтың  тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы» әлеуметтік теңсіздік
Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтың қараш-қараш оқиғасы арқылы балаларды отансүйгіштікке, әділетілікке, әділдікке баулу.

Сабақтың түрі: іздену сабағы, аралас сабақ

Сабақтың түрі: Аукцион - сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Әуезовтың портреті, бүктемелер, кітаптар, интерактивті тақта.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу;

2.Түгендеу.

II. Сыныпты топқа бөлу.

(Оқушылардың көңілін көтеру әрі сергіту ретінде оқушыларға кәмпит таратып, сол кәмпит түрі бойынша топтастыру).

I - "Алатау" тобы;

II - "Арман" тобы;

III - "Достық" тобы;

IV - "Астана" тобы;

V - "Отырар" тобы.

III. Аукцион – сабақтың ережесін түсіндіру.

Мен ең төменгі баға 5 ұпай деймін. Әр топ қалауынша ұпайды көтере береді. Ең жоғарғы ұпайды атаған топқа сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ұпайды еншілейді. Сұрақтың жауабы қате болса, сол атаған ұпайлары бойынша минусқа кіреді. Өзге топтарға сауалға жауап беруге мүмкіндік беріледі. Оларға да аталған шарт қойылады.

Сұрақтары:

1.Тектіғұлдың өліміне  не себеп?

Жауабы: Оны дауылда, ығып кеткен қойға жалаңаш – жалпы тез шықпадың деп Сәлмен сабайды. Тектіғұл "Азынап тұрған қара суық дауыл мынау! Берген киімің жалғыз ескі шекпен болса, оның қолтығы, жоны жыртық. Жауын мен дауылға не кием? Тымғұрса бір өң киім бер!" – деп сұрағанға жазықты бопты. Сәлмен ақырып: "Қой күзеті – сенікі, қойдың жарымы ығып кетсе, сен ақы – пұлыңды тілеп, әбігер саласың!" – дейді де, боқтықтың астына алады. Тек қана жылы киім сұраған жайын ұғындырып айтам деген Тектіғұлды сыбап боқтай береді. Тектіғұл соған ызаланып, "Он жылғы еңбегім бір жылы киімге татымаса, малыңның құлағын... Мені қырып ал, өлер жайым жоқ!" – дейді. Соған долданған Сәлмен бай Тектіғұлды бес жігітке алып соққызып, өкпеге тепкілеп, бауыр – сыртын дүрелеп жазалайды. Қара түнде, қаскөй дауылға лыпасыз саламын деп, далаға айдап жібереді.Әрі өкпеден өткен тепкі – соққы жарасы бір ықсып, жалаңаш етке сары суық – ол қадалып, сол түннен кейін Тектіғұл дертті болды. Ақыры, дерті алып тынды.

2.Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?

Жауабы: "Қанатым едің, арыстандай арысым едің, не жазығың бар еді? Сен не көрмедің? Мен тірі қалғанша, бірге неге өлмедім", - деп, өксіп - өксіп кеп жылап, Бақтығұл қалды. Көз жасы інісінің қырқына жеткенше тыйылмады. Інісінің қазасы Бақтығұлдың қабырғасын қайыстырып кетті.

3.Бақтығұл  қандай жан?

Жауабы: Бақтығұл - өз тағдырының құлы емес, қожасы болуға ұмтылған, еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Ол жоқшылық пен жамандықтың екі жақты қыспағына мейлінше түсіп, адамдық намысы үшін, әділетсіздікке, зорлық пен қулыққа қарсы күрескен рухты азамат.

4.Жарасбай қандай жан?

Жауабы: Жарасбай – құр ғана болыс емес. Юолыстықпен ғана бедел, салмақ тапқан кісі емес. Әрі бай, ерте күннен ұлыққа беделді, саудасы да бар; "ер, мықты" деп, көпке аты жайлған азамат. Мұны айтса, қолынан жақсы – жаман бірдей келеді, келгенде де молынан келеді. Маңайдағы болыс, қажы, бай, мырза дейтіндердің бәрінен де мұның атағы басымырақ. Алайда, Жарасбай - қара басының қамы үшін, өзіне адал берілген Бақтығұлға сатқындық жасаған озбыр адам.

5.Бақтығұл өзінің қателескенін  қашан түсінді?

Жауабы: Бақтығұлға Жарасбай кесік салған кезде, күмәнданып қалады. Артынан ауыл аралап жүріп, сұрастыра келе, Жарасбайдың арам ойын аңдайды. Сөйтіп, Жарасбайға сеніп, үлкен қателікке ұрынғанын түсінеді.

6.Бақтығұлдың кек алуына  не себеп болды?

Жауабы: Өзін арқа тұтып, пана көріп келген Жарасбайдың қара басының қамы үшін Бақтығұлға жала жауып, оны ұры атандырып, сатып кеткеніне ыза болғандықтан Бақтығұл Жарасбайдан кек алады.

 7. Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?



Жауабы: Алғашқыда Сәлменнен алған көк биені өзінің қалжасы деп біліп ұрлаған еді. Ал, кейінгі ұрлықтарын ол, Жарасбайдың бұйрығымен орындады. Бастапқыда бас тартқанымен, Жарасбайдың айтуымен, көнеді. Дегенмен, ұрлық жасау Бақтығұлдың өз еркі емес.

8. Бақтығұлдың бойында ұрлықшыға тән қасиет бар ма?

Жауабы: Бақтығұлдың бойында ұрыға тән қасиет бар. Себебі, ол әр мал ұрлаған сайын аса сақтықпен, еш әрекетін байқатпастан әкеліп отырды.

9. Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?

Бар, адал еңбек.

10. Ұрланған мал кімнің қорасын толтырды?

Жауабы: Бақтығұл алып келген малының бәрін де Жарасбай, Сәрсен, Қоқыш, Қайранбай – төртеуінің қолына өткізетін.

11. Шығармадағы бала Сейіттің прототипі кім?

Жауабы: Тұрар Рысқұлов.

12. Билер Бақтығұлға қандай жаза кесті?

Жауабы: Бес қараға бес жуан қара кесік айтты да, артынан үш жыл абақты кесті.

13. Бақтығұл өзін іздеп, қуып келген дұшпандарынан қалай құтылды?

Жауабы: Талғардың тасқынына қойып кетті.

14. Бақтығұлдың қанша баласы бар?

Жауабы: Үш баласы бар. Үлкені Сейіт – он жаста. Қалғанының үлкені – бес жасар Жұматай. Ең кішісі – екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз – Бәтима.

15. Бақтығұл Жарасбайдың бәйбішесіне қандай сый тарту етті?

Жауабы: Арқар.

16. Бақтығұл Жарасбай өзіне ең алғаш жала жапқанда неліктен өзін ақтап алмады?

Жауабы: Жұртқа әдейі көз қылып, Бақтығұлға жаманатын аударғанымен, артынша ақтап алар деп сенді.

17. Бақтығұл Жарасбайды қай кезде атты?

Жауабы: Тоқалы Қалышты ұзатып алып келе жатқанында.

18. Бақтығұл Жарасбайды мерт қылған соң қандай көңіл – күйде болды?

Жауабы: Денесі талай заманнан тұқыртып басып жүрген дерт пен ызадан бір сәттің ішінде құлантаза сауығып, айыққандай болды. Сергіп, көтеріліп ойнақшығандай, жолшыбай кез келген өзін танымайтын бір жалғыз аттыға: "Мен бүгін бір бұғы атып келемін", - деп, мұрт астынан нығыз жымиып өте берді...

19. Хикаяттағы Бақтығұлдың шынайы өмірдегі прототипі кім?

Жауабы: Тұрар Рысқұловтың әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы.

20. Шығармадағы Жарасбайдың прототипі кім?

Жауабы: Саймасай Үшкеміров.

IV. Қорытынды. Бағалау.

V. Үйге тапсырма: “Шындық пен шырғалаң” тақырыбына шығарма жазу.

 

 



 

 

 
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> «Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабаќ жоспарыныѕ картасы
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты
raznoe -> Сабақ мақсаты : Оқушылардың рухани- адамгершілік туралы түсініктерін кеңейте отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет