Сабақтың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы»



жүктеу 31.36 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі31.36 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы»

Сабақтың мақсаты: Денсаулықтың негізі- дұрыс тамақтану екенін түсіндіру.

Ырым-тыйымдармен таныстыру, ұлттық тағамдарды

насихаттау. Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу, ұлттық сана

сезімдерін ояту.



Көрнекілігі: Нақыл сөздер, плакат, ұлттық тағамдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.

Тамақтанудың 10 ережесін сұрау.

1-оқушы:

Қыдырып келдің бе?

Болдың ба сыныпта.

Тамақтың алдында

Қол жууды ұмытпа!

2-оқушы:

Кештетпей уақыттан,

Төрт рет тамақтан.

Жалқаулықты қуатын,

Артады қуатың.

Осындай ереже,

Түрлентер өмірді.

Тәрбие беріп ол,

Көтерер көңілді.

3-оқушы:

Ояндың, жуындың,

Жыйдың ба төсекті?

Ойнап, дем аласың,

Мектепке барасың...

Уақыт тап бәріне

Кешікпе сабақтан.

Ең басты ереже-

Жақсылап тамақтан!

4-оқушы:

Сүт пенен ірімшік,

Қаймақ бар, айран бар.

Бұлармен дос болмай,

Аласың қайдан нәр?

Сиырға алғыс айт,

Ол саған осындай,

Сан түрлі ас берген

Ең жақын досыңдай.

5-оқушы:

Табиғат сыйлаған,

Жеміс пен көкөніс.

Бойына жинаған

Дәруін алып өс.

Ақыл мен көркімді,

«Толтырды»,-дегейсің.

Қарсы алып әр күнді,

Сүйсініп жегейсің!

6-оқушы:

Ата-Ана құрметті,

Жек көрер кім етті?!

Мен өсіп келемін,

Балық пен тауық бер,

Күніне бір мәрте,

Бұларды тауып бер!

7-оқушы:

Ботқаны дайындар,

Әр түрлі жармадан.

Диқандар дән егіп,

Еңбегін арнаған.

Нан-тағам әл берер,

Қуаттың қайнары.

Ер жетіп өсуге,

Бұл тағам пайдалы!

8-оқушы:

Көп сусын ішесің,

Күн ысып, жаз болса.

Пайдасы жоқ оның,

Ішінде газ болса.

Шырын мен таза су,

Асыңды қортады.

«Химия» қосылса,

Асқазан «қорқады».

9-оқушы:

Тоқаш пен тәтті нан,

Кәмпитке құмарлық.

Бұл өзі жақсы емес,

Ағзаға ұнарлық.

Қант пен тұз көп жесең,

Біліп қой түсініп.

Томпиып шығасың,

Тоқаштай ісініп.

10-оқушы:

Гамбургер, чизбургер,

Қуырған картобың...

Бұларға жуымас,

Ойлаған ертеңін.

«Фаст фуд»,-дер оларды,

«Дәмді» деп,-жеме сен!

Ештеңең кетпейді,

Ешқашан жемесең!


ІІІ. Негізгі бөлім.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану екен.

-Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Ас-адамның арқауы» деп аталады.



1-топ-«Алтын дән». Ұраны: Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі-нан.

2-топ-«Береке». Ұраны: Ас жүрген жер-береке.

3-топ- «Дастарқан». Ұраны: Дастарқан дәмі-киелі.
І кезең.

1-топ. Ұннан жасалған тағамдарды айтып қорғап шығады.

2-топ. Еттен жасалған тағамдарды қорғайды.

3-топ. Сүттен жасалған тағамдарды қорғап шығады.



ІІ кезең.

Әр топ дастарқан басындағы дәстүрлерге тоқталады. Мысалы: дастарқан басындағы адамдар жасына қарай отырады. Тамақтанып болғаннан кейін, дастарқан басындағы ең үлкен құрметті адам асқа бата береді.



ІІІ кезең.

Дастарқан басында айтылатын ырым-тыйым сөздер айтады.



ІV кезең.

Көрініс арқылы ситуация көрсету, оны шешу жолын айтқызу.



V кезең.

Ас ішу тәртібі.



VІ кезең.

«Жарнама» көрсету, әр топ өздеріне берілген тағамдардың біреуіне жарнама жасайды.



VІІ кезең.

1-топ: Жұмбақтар айтады.

2-топ: Өлеңдер оқиды.

3-топ: Көрініс қояды.



ІV. Қорытындылау.

Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ұлттық тағамдармен танысып, ырым-тыйымдарды да білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің-ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет