Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі



жүктеу 96.29 Kb.
Дата27.12.2017
өлшемі96.29 Kb.
түріСабақ

Күні:

Пәні: Биология



Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі.

Білімділік  мақсаты: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін маңызын, құрамын, қызметін,

құрылысын түсіндіру.



Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін көрсетіп, адам

өміріндегі маңызы туралы білу.Оқушылардың білімді  өздігінен меңгеру,

кітаппен жұмыс істеу  өз беттерімен талдау қабілетін дамыту

Тәрбиелік мақсаты:   Оқушыларды өзара түсіністікке,  сыйластыққа, ұжымшылдыққа,

салауатты өмір салтын  қалыптастыруға санитарлық гигиеналық



                                      талаптарды орындауға тәрбиелеу.   

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек-сызба, кестелер, түрлі-түсті суреттер.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпта таныстыру

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек-сызба белгілері,топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сәйкестігін тап:

Р/с

Сәйкестендіру тапсырмалары

Жауаптары

1.

Организмдегі құрылыс материалы

1. 60-65 %

2.

Адам денесіндегі судың орташа мөлшері

2. Тағам

3.

Ас қорыту мүшесі.... басталады.

3. Көмірсулар

4.

Көмірсуларды глюкозаға дейін ыдырататын заттар?

4. Ферменттер

5.

Нәруыз текті заттар. Химиялық реакцияны тездетеді.

5. 80-90 гр

6.

Күнделікті өмірде көмірсуға тәуліктік қажетсіну мөлшері?

6. Ауыздан

7.

Адам рационының құрамына кіретін өсімдік және жануартекті өнімдер?

7. Нәруыздар

8.

Ересек адамда... тіс болады.

8. 400-500 гр

9.

Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат

9. Амилазалар

10.

Күнделікті өмірде суға тәуліктік қажетсіну мөлшері?

10. 28-326

11.

Организмдегі негізгі энергия көзі.

11. су

12.

Нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?

12. 1,5-2,5 л

13.

Майлардың тәуліктік мөлшері қандай?

13. липазалар

14.

Майларды глицерин мен май қышқылына дейін ыдырататын ферменттер?

14. 100 гр

Жауабы: 1-7, 2-1,3-6, 4-9, 5-4, 6-8, 7-2, 8-10, 9-11, 10-12, 11-3, 12-14, 13-5, 14-13

Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Көмірсуларды глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер?

  2. Адам организмінде дене салмағының 60-65 % не құрайды?

3. Нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су мен витаминдер қандай заттар?

4. Нәруыздарды амин қышқылдарына дейін ыдырататын фермент?

5. Нәруыз текті заттар? Химиялық реакцияны тездетеді.

6. Организмнің негізгі құрылыс материалы?

7. Ағзадағы дәрумен жетіспеушілік калай аталады?

8. Организмдегі негізгі энергия көзі?





ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

- тірек-сызба кестелері арқылы

- өзіндік жұмыс талдау сұрақтарын талқылау

- тапсырмаларды орындау  



Асқорыту мүшелеріне  ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын (асқазан) ашішек жатады. 

Ауыз қуысы ұрт, қатты және жұмсақ таңдай тіл.

 Ұрттың сыртын бұлшық етпен ерін жауып тұрады. Ішкі жағында қызыл иекпен тістер орналасқан. Ауыз қуысының алдыңғы жағында жақсүйек тістер, артқы жағында аңқа мен көмкерілген. Қатты таңдай ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдай артқы бөлімі жіңішкеріп ұзарып бөбешікпен аяқталады.

Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан.Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады.

Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді  дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді.  Сонымен бірге  тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.



Жұтқыншақ  түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11-13см.

Өңеш ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпитилимен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын-оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).

Асқазан іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағыс аш ішектен басталады.Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан.

Ішкі қабаты ішкі қабаты қиғаш ортаңғысы сақина тәрізді сыртқысы ұзынан орналасқан.Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ  бездер бар. Бұл бездерден  қарын сөлі бөлінеді.Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.

Аш ішек ұзындығы 5-6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.Аш ішектің  асқазаннан басталған жері 25-30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан  өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.

Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет талшықтары оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.



Тоқ ішек ұзындығы 1,5-2м ашіктен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендикс) деп аталады. Тоқ ішектің  сыртында май қабаты қалың  болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңірледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витамендерді синтездейді. Зиянды микроптардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамассыз етеді.Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі-дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек. 

ІҮ. Сабақты бекіту

Оқушыларға топ бойынша тапсырмалар беріледі.

І-топ: Ауыз қуысының құрылысы мен атқаратын қызметі.

ІІ-топ: Асқазанның құрылысы мен қызметі

ІІІ-топ: Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы мен атқаратын қызметі.

ІҮ-топ: Тоқ ішек пен ашішектің құрылысы мен атқаратын қызметі.

Оқушылар жазған кластерлерін тақтаға шығып қорғайды.

Мұғалім тарапынан айтылатын қосымша мәліметтер:

І-топ: Жұтқыншақта тыныс алу мен асқорыту жүйелері қиылысады. Сол себепті тамақ жегенде сөйлемеу керек.

ІІ-топ: Асқазанның бірыңғай салалы бұлшықеттері сақиналы, қиғаш және ұзынша қабаттардан тұрады. Сақиналы бұлшықеттер асқазанның ұлтабарға жалғасатын жерінде сфинктер түзеді. Асқазанда нәруыздар ыдырайды. Асқазандағы бездер үш түрлі жасушалардан түзілген. Асқазан бездері: негізгі бездер-асқазан сөлінің ферменттерін (заттарды ыдыратады) бөледі, қоршайтын бездер - тұз қышқылын(микробтарды өлтіріп, асты жұмсартады), қосымша бездер – сілемей (механикалық және химиялық зақымданудан сақтайды) бөледі.

ІІІ-топ: Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ішкі секрециялық қызметтерді атқарады. Бауыр – асқорыту жолының ең үлкен безі. Адамның зертханасы деп аталады. Қызметі: өт бөлу. Өт майлы тағамдардың жылдам қорытылуына жағдай жасайды. Көмірсулар бауырда гликоген- жануар крахмалына айналады.

ІҮ-топ: Тоқ ішек: соқырішек, жиекішек және тікішекке бөлінеді. Соқырішекте құрт тәрізді ұзын өсінді-аппендикс болады. Тоқ ішек қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлшерде сөл бөліп шығаратын бездері болады. Тоқ ішекте су сіңіріліп, нәжістің тығыздалуы жүреді. Ашішекте - астың сіңірілуі жүреді. Ұлтабар, ашішек және мықынішек болып бөлінеді. Аш ішектің сілемейлі қабығында сөл бөлетін бездер және бүрлер болады. Бүрлер-бір қабатты эпителий қабатынан, қан тамырлары мен лимфа тамырларынан тұрады.

Термин сөздер:

Пепсин - асқазан сөлінің ферменті, нәруыз молекулаларын аминқышқылдарына ыдыратады.

Аппендикс - соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі

Аппендицит – аппендикстің қабыну процесі

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс)

Логикалық сұрақтар:


  1. Ас тағамдары әр түрлі болу керек? Себебін айт

Жауабы: үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа деген тәбеті тартпайды

  1. Жасөспірім балаларда асқазан аурулары неден пайда болады деп ойлайсыз?

Жауабы: Себебі, әр түрлі газдалған сусындар мен тез дайындалатын тағамдарды пайдаланудан.

Биологиялық диктант

1.Ас қорыту..................басталады.

2. ............. ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.

3. ..............ұзындығы шамамен 25 см болып келеді.

4.Қарынның пішіні .............. немесе қапшық тәрізді.

5. Адам ағзасындағы ең ұзын ішек ................ .

6.Ас қорыту жолында аш ішектен кейін .................. орналасады.

7.Тоқ ішектің тұйықталған бөлігі ............ деп аталады.

8.Ең үлкен ас қорыту безі- ............... .

9.Бауыр көптеген улы заттарды ...................... .

10.Асқазанның астыңғы жағында орналасқан без .............

Сәйкестендіру тесті:


  1. Бауыр а) қорытылмаған заттар өтеді.

2. Соқырішек ә) астың сіңуі өтеді

3. Ұлтабар б) ең үлкен без



  1. Аш ішек в) құрт тәрізді өсінді

5. Тоқ ішек г) жұтқыншақтан кейін орналасқан мүше

6. Өңеш д) аш ішектің жуан бөлімі

Жауабы: 1-б, 2-в, 3- д, 4-ә, 5-а, 6-г

Мылқау сурет-есте сақтау қабілеттерін жақсарту үшін.



Қорытындылау:

Ас қорыту дегеніміз - тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым, организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі



Үйге тапсырма:

§ 43, 165 беттегі кестені толтыру

І топ - “Асқорыту жүйесі” тақырыбына ертегі жазу

ІІ топ - сөзжұмбақ құрастыру

ІІІ топ – мақал – мәтел жазу

ІҮ топ - жұмбақтар жазу



Бағалау:

Рефлексия: Бүгінгі сабаққа көзқарасыңыз

Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!



Қосымша тапсырмалар:

  1. Сызықтық диктант
    1. Тоқ ішек қарыннан (асқазаннан) кейін орналасқан
    2. Аш ішектің ұзындығы 5 - 6 м
    3. Асқазанның сыйымдылығы – 3л
    4. Ұлтабар – аш ішектің бастапқы бөлігі
    5. Бауырдан панкреатин сөлі бөлінеді
    6. Өңеш асқазанға ашылатын мүше
    7. Ауыз қуысында сілекей бездері болмайды
    8. Қарында ас 3 - 10 сағат аралығында қорытылады
    Жауабы: 1 -, 2+, 3+, 4+, 5+, 6+, 7 -, 8+.

2. Тест
1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар
2. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз?
А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан; ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек; б) тоқ ішек, өңеш, асқазан.
3. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады?
А) жұтқыншақ; ә) ауыз қуысында; б) өңеште.
4. Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:
А) 3 - 5м; ә) 8 - 10м; б) 15 - 18 м.
Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар.
5. Тоқ ішектің бөлімдері:
А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;
Ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;
Б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.
6. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:
А) аш ішекте; ә) тоқ ішекте; б) асқазанда.
7. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:
А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан
8. Аш ішектің бөлімдері:
А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек.
9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;
ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
10. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілекейлі қабығында; б) тілде.
Жауабы: 1. Ә 2. Б 3. А 4. Б 5. Б 6. Ә 7. Ә 8. Ә 9. Ә 10. Б

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет