Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы толғаулары «Еділ бол да, Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз» Мақсаты



жүктеу 50.49 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі50.49 Kb.
түріСабақ

ШҚО Тарбағатай ауданы « Тана мырза орта мектебі» КММ


Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Енсебаева Жулдуз Шакоровна


қазақ әдебиеті 9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы толғаулары «Еділ бол да, Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз»

Мақсаты: жырау өмірінен мәлімет бере отырып, «Еділ бол да, Жайық бол», «көлде жүрген қоңыр қаз» толғауларын талдау, жыраудың толғаудағы даналық ойлары

1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаулардың тақырыбы мен  идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.

2. Шығармашылық ізденіске бағыттау

3. Мәңгілік ел – біздің ел,толғау туралы білімдерін дамыту



Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, жұппен жұмыс.

Технологиясыдамыта оқыту

Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, аудио

Пәнаралық байланыстарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру «шаттық шеңбері» тренингі

ІІ Үй жұмысы

«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті көрсең кем деме» толғауларын жатқа айтады.


  1. Толғау қандай сипаттағы шығарма?

  2. Жыраудың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай?

ІІІ Жаңа сабақ

 Қызығушылықты ояту

 Таза, мінсіз, асыл сөз, 


Ой түбінде жатады.

Таза, мінсіз, асыл тас, 


Су түбінде жатады. 

Су түбінде жатады.


Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толқытса шығады

1. Асан қайғының қандай толғауларын білесіздер?

Жоспар

I Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы

II Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы)Өмір сүрген кезеңі

III Жыраудың толғаудағы даналық ойлары

Оқушылар әзірлеп келгендерін оқып, пікір қорғайды. (постер әдісі)

ХІV- ХV ғғ: Арал өңірінің Сырдария жағасы Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. (шамамен 1330 – 1450 жж.)

Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен. Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібектің ақылшысы болған.



Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, гибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол».
2)  Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»
3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»
4) толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

Ғалымдар бағасы:

Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов)                                                                                                       «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы»(Әлкей Марғұлан).                                                      

«Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы» (Мұхтар Әуезов).

 ІV Бекіту Толғауларды оқу, талдау «Еділ бол да, Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз»



Мәтінмен жұмыс

Еділ бол да, Жайық бол


Еділ бол да, Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа.

Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа.

Ердің құны болса да,

Алдыңа келіп қалған соң,

Қол қусырып барған соң,

Аса кеш те қоя бер,

Бұрынғыны қуыспа.

Ақың болса біреуде,

Айыбын тап та ала бер,

Ерегесіп ұрыспа.

Сенікі жөн болса да,

Атың шықпас дұрысқа.

Мінезі жаман адамға

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен

Жалған айтып суыспа.

Өлетұғын тай үшін,

Көшетұғын сай үшін,

Желке терің құрысып,

Әркімменен ұрыспа.

Ашу – дұспан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің

Түбі терең қуысқа!..

Фразеологизм: желке терісі құрысу – араздасу

Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора)

Көлде жүрген қоңыр қаз...»  Толғауда табиғат дүниесі мен адам тіршілігі бірімен-бірі ұштаса суреттеліп, жаратылыста қадірсіз ештеңе жоқтығы, тек әр нәрсенің қадір-қасиетіне жете білу қажеттігі бейнелей жеткізіледі. Жырау:

Көлде жүрген қоңыр қаз

Қыр қадірін не білсін!

Қырда жүрген дуадақ

Су қадірін не білсін! –

деп параллель алған.Адам баласы үшін атамекеннен қасиетті қоныс болмайтынын айтты.

Асан қайғының күйі «Желмая» Айгүл Үлкенбаеваның орындауында тыңдалады.

Сұрақтар мен тапсырмалар: Аса қайғы толғауларындағы даналық ойлар


Толғаулары

Даналық ойлар

Толғаудан түйген ойларым

«Еділ бол да, Жайық бол»


Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа. Жолдасыңа жау тисе,

Жаныңды аяп тұрыспа .

Ақың болса біреуде,

Айыбын тап та ала бер





V Қорытынды: Асан Сәбитұлы толғаулары қазақ әдебиетіміздің алтын қорында таза мінсіз асыл сөзімен сақталады. Мәңгілік асыл мұра-Мәңгілік елде қасиетті.

VI Бағалау

VII Үйге тапсырма



«Көлде жүрген қоңыр қаз»,«Еділ бол да, Жайық бол» толғауларын жаттау.

 


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет