Көкшетау тұрғыны ауыр халдегі аурухананың суреттерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/sinegor.kz

Көкшетаудағы аурухананың суреттері әлеуметтік желіде пайда болды. Сурет авторының айтуынша, ол гинекология бөлімінде ем қабылдаған. Автор медицина қызметкерлеріне шағымы жоқ екенін, бірақ аурухана жағдайының көңіл көншітпейтінін айтады.

"Беретін көрпелерін көрпе деуге де келмейді, мен аязды кезде жаттым, жүкті әйелдер жылыну үшін киініп ұйықтап жүрді. Екінші суретте дәретхананың терезесі, шеттерін шүберектермен жауып, скотчпен жабыстырып тастаған, аурухананы жөндеуге ақша бөлінбей ме?". – дейді сурет авторы. 

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаның астына Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі пікір білдерген. Ауруханының мәліметінше, ғимарат 1972 жылы салынған, төрт қабатты аурухана соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өтіпті. 

"2001-2002 жылдары екі қабатты ғимаратты қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, үшінші қабат қосылды. 2018 жылы көрсетілген үш қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сараптаманың жобалық-сметалық құжаттары бар", – делінген жауапта.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда аязды күнде ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің далада үсіп шалып, көз жұмғаны туралы жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.