Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы өлең»



жүктеу 21.88 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі21.88 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы өлең»


Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік. Қ. Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, поэзиясының ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.
2. Дамытушылық. Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыру;
3. Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту


Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, көрнекілік, талдау, жеке оқушымен жұмыс
Көрнекілігі: электронды оқулық, слайд
Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы.


1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ана махаббаты» эссе жазу.
3. Өткен тақырыпты пысықтау.

«Зерек оқушы»


1. «Ананың анасы» әңгімесі шығармасының идеясы?
2. Саятшы Ораздың қасиеттері қандай еді?
3. «Есіл бойында» шығармасы қай шығармадан алынған?
4. Аңыз дегеніміз не?
5. М. Әуезовтың өмір сүрген жылдары?
6. Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлерін ата.
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау.

1. Жаңа сабақ.


Бейнетаспадан ақын Қасым Аманжолов туралы өмірдерек көрсету.
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қызыларай деген жерде дүниеге келген. Жасынан жоқшылықты, жетімдікті көріп өседі. Семей мал дәрігерлік техникумын бітірген. 1931 жылы Ленинградқа барып Орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. 1931 - 41 ж «Лениншіл жас», Орал обл. «Екпінді құрылыс» редакцияларында Орал облыстық театрында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылға дейін әскер қатарында болды. Әскерден оралған соң, біраз жылдар «Әдебиет және өнер» журналының бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Тұңғыш өлеңі Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Тұңғыш жинағы «Өмір сыры» 1938 жылы жарық көрді. Осыдан былай қарай ақын қаламынан халық өмірі, өзі өмір кешкен заманы түйдек - түйдек жыр жолдарына өріліп отырады. Ақынның көркемдік сапасы аса биік туындыларының қатарына «Ақын», «Бірінші май», «Жолдас маршал», «Жалғыз жалау», «Дүниеге жар», «орамал» тәрізді өлеңдері жатады. Оның «Ақын өлімі туралы аңыз», «Құпия қыз», «Бикеш», «Жамбыл тойында», «Боран», «Біздің дастан» тәрізді үлкен эпикалық поэмалары бар.

Оның әнін өзі шығарған «Дариға сол қыз», «Туған жер», «Өзім туралы» шығармалары халықтың сүйікті әніне айналған.


А. С. Пушкиннің «Полтава», Низамидің «Ләйлі - Мәжнүн», Лермонтовтың «Маскарад» поэмаларын аударған.
Қасым поэзиясы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге үндейді.

Мәтінмен жұмыс.


Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқыту. Мәнерлеп оқу дағдысына мән беру.
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген ойымен Қасымның өлеңіндегі қай жол үндеседі?
Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген М. Мақатаев өлеңі қай жолдармен үндеседі?

1. Ақын өзінің бойындағы адами қасиеттерін қай жолдар арқылы сипаттайды?


2. Ақынның өлең туралы ойы қандай?
3. Өлеңнің ой қазығын беретін шумақты тап.
4. Өлең бір - бірімен жалғасқан неше бөліктен тұрады? Әр бөлікке ат қой.
5. Өлеңдегі лирикалық қаһарман кім?
Өлең құрылысына талдату.
Өлеңге сатылай комплексті талдау жүргізу.

6. Білімді бекіту.


Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр.
(Т. Ахтанов)
Модульдік технологияның «Қар лақтыру» әдісі бойынша оқушыларға бір - біріне сұрақ қойғызу.
Қасымға ассоциация жасаңдар.

7. Үй тапсырмасы.


Өлеңді жаттау.
1. Бағалау.
Рефлексия кезеңі.
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ұнаса, өз лебіздеріңді көңіл күйді білдіретін суреттермен (смайликтермен) көрсетіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет