Сабақтың тақырыбы: Ата Заңым –айбыным



жүктеу 41.94 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі41.94 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Ата Заңым –айбыным

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың құқық туралы түсініктерін қалыптастыру.Құқықтық

білімдерін жетілдіру.Сөйлеу мәдениетін , адамгершілік қасиеттерін

дамыту. Заңды құрметтеуге, қоғамдық ережелерді орындауға тәрбиелеу

Көрнекілігі: ҚР-ның Конституциясы ,суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу.


  1. топ: «Құқық»

  2. топ: «Азамат»

  3. топ. «Мирас»

Бірінші тапсырма: Әр топ өздерінің ұранын, төс белгісін ойлап табады.

Осы тапсырма бойынша әр топ өздерінің төсбелгісін және ұранын белгілеп, көпшілікке таныстырады.

1-топ. «Құқық тобы».

Топтың ұраны: «Тура биде туған жоқ».

2-топ. «Азамат» тобы.

Топтың ұраны: «Әке өнері – балаға мұра»

Мұғалім: Екінші тапсырма бойынша әр топқа жеті-жетіден викториналық сұрақтар қойылады. Сондықтан екінші тапсырмамыз «Ғажайып жетілік» деп аталады.

«Құқық» тобына:



  1. Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы қай уақытта қабылданды?

(2002 жыл 8 тамыз)

2. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат)

3. Орта мектеп бітіргендігі туралы құжат? (Аттестат)

4. Бір ата баласы ішіндегі дауды кім шешетін болған? (Аксакалдар алқасы)

5. Үкіметті кім басқарады? (Премьер-министр)

6. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» Заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» деп аталатын Заң жүйесін енгізген хан? (Тауке хан)

7. Би алдына есесін қуып келген жақты кім дейді? (Даугер)

«Азамат» тобына:



  1. «Бала құқықтары туралы» Конвенция қай уакытта қабылданды? (1989 жыл 20 қараша)

  2. Адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы? (Тіл)

  3. Заң қабылдайтын орын? (Парламент)

  4. Рулы елі арасындағы дау-шарға кім төрелік жасаған? (Ру биі)

  5. Дүниеге келген сәбиге қандай құжат беріледі? (Туу туралы куәлік)

  6. Уставты кім жазды? (Реформатор, демократ, қоғам қайраткері Барлыбек Сырттанов. Ол тұңғыш «Қазақ елінің Уставын» жазды)

  7. Ертеде дауды шешу барысында бей алдына өзінің айғағын ұсынатын адамды кім деген? (Бет айғақ)

«Мирас» тобына:

  1. «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы» қай уақытта қабылданды? (1948 жыл 10 желтоқсан)

  2. Елтаңбадағы бейнеленген құс? (Қыран)

  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимінінің әнін жазған композитор? (Ш. Қалдаяқов)

  4. Ірі-ірі жиналыстарда, мәслихат-жиындарда ұлыс елдің намысын кім қорғаған? (Ұлыс биі)

  5. Парламент неше палатадан тұрады? Олар қалай аталады? (Екі палатадан, сенат және мәжіліс)

  6. Қазақстан Республикасында шығарылған Заңдар қай уақыттан бастап күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан бастап)

  7. Ханның ақылшы адамдарын кім дейді? (Нақ)

3-тапсырма

Мұғалім: ҚР-ның Конституциясы-барлық Заңдардың негізгі қайнар көзі. Елімізде қабылданған басқа заңдар, заңнамалар, нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Бұл туралы Конституцияның 4.2 бабында «Конституцияның ең жоғарғы Заңдылық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады» деп атап көрсетілген.

Келесі тапсырмамыз Конституцияға байланысты болмақ


    • Әр топқа белгілі бір баптың мазмұны жазылған карточка беріледі, сол берілген баптың мазмұнына сәйкес топтастыру стратегиясы бойынша сызба сызып көрсетіндер.

«Құқық» тобына:

(ҚР-демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтры мен бостандықтары. 1-бап)

«Азамат» тобына:

(ҚР-ның азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. 28-бап)

«Мирас» тобына:

(Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі және басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. 6-бап)

4-тапсырма.

Мұғалім: Семантикалық картаны толтыру.

5-тапсырма.

Үш топқа «Заң» сөзіне бес жолдық стратегиясы бойынша өлең құрастыру тапсырылады:



  1. Зат есім сөз-біреу;

  2. Сын есім сөз-екеу;

  3. Етістік сөз-үшеу;

  4. Аяқталған бір сөйлем;

  5. Тұжырым.

Қорытынды.

Қазіргі заман талабы, қоғамдағы өзгерістер оқушыларымыөға құқық саласынан білім беріп, Конституциямыз туралы, Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуді жы\әне Конституция мен еліміздің басқа да Заңдарын құрметтеуге тәрбиелеуді қажет етеді. Сол арқылы біз еліміздің Ата Заңының беделінің өсуіне, қоғам дамуының алға жылжуына септігімізді тигіземіз.


Ата Заңым (Кеңесжан Шалқар)
Ата Заңым, қанатын қаққан алдан, Ата Заңым, мықтысың халқым барда,

Тараулардан, бабынан бақ тараған. Басу парыз қадамды шалқып алға.

Әр бөлімнің сөзі мен сөйлемдері, Алтыннан да ардақты Заңым менің

Болашақтың күні үшін сақ қаралған. Алданбайды жалтырақ жалтылдарға.


Дауылда да заңыммен баса аламын, Ел-жұртымның болашақ бақыты үшін,

Асқаралы асудан аса аламын. Еркіндіктен туылған жаса, Заңым!

Құрметті оқушылар! Қазақстанның болашағы-сендер. Мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі сендердің қолдарыңда. Сондықтан бүгінгі өткізілген «Ата Заңым айбыным» тақырыбындағы тәрбие сағатында көрсеткен білімдеріңді одан әрі шыңдап, ел игілігі үшін пайдалана білуге тырысыңдар.
Ата Заң
Ата Заңым

Алтын Заңым – ардағым,

Аялаған адамзаттың арманын,

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
Алтын Заңда –

Күш – қуатым жалыным,

Сен қорғайсың, бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаны күн,

Ертеңіне еселеген сенімін,

Тірегі сен Тәуелсіздік төрінің.


Ата Заңмен

Мақтануға ерікті

Азаматы Қазақстан елінің,

Алтын Заңым – Отанымның құшағы,

Ерлігімнің, елдігімнің нышаны.

Өз елінде алшаң басып ұл – қызы,

Бозторғай да емін- еркін ұшады.
Алтын Заңым –

Тәуелсіз таң, нұрлы үміт,

Ортақ бізге қоғамдағы игілік.

Ақиқаттың аппақ жолын аттаймын,



Алтын Заңым, сені ғана ту қылып.

Тәрбие сағатының соңында эксперт-мұғалімдер топтардың жауаптарын талдап, бағасын береді.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет