Сабақтың тақырыбы: Ауа- райы Сабақтың мақсаты



жүктеу 41.96 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі41.96 Kb.
түріСабақ

Р.Нуптыгалиева

БҚО, Казталов ауданы,

Қайшақұдық ауылы,

Қайшақұдық бастауыш мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ауа- райы

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ауа- райы туралы түсініктерін кеңейту,ауаның температурасы мен жануарлар ,өсімдіктердің тіршілігінің арасында байланысты түсіндіру.

ә) Табиғатты қорғауға ,адамгершілікке тәрбиелеу.

б) Сөздік қорын ,ой-өрісін дамыту.



Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Термометр,Жыл мезгілдерінің суреттері,тірек сызба ,семантикалық карта

1- Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Үй тапсырмасын тексеру:

«Жіңішке», « Жуан » сұрақтар қою арқылыүй тапсырмасы сұралады.

-Кім көп жауап берген оқушыға сыйлық бар.

-Табиғатқа не жатады?

Күн,ау,жер,су,адам,өсімдік ,жануар

-Өлі табиғатқа не жатады?

Күн,ауа,тас,тау,құм,саз

-Тірі табиғатқа не жатады?

Адам,жануар,өсімдік

-Сезім мүшелеріне не жатады?

Құлақ ,көз,мұрын,тіл,тері

-Құлақты қалай күту керек?

Құлағыңды таза ұста,құлақ қуысын күнде жуып тұр.

Суықтан және қатты желден сақта.

-Иісті қалай ажыратасың?

Мұрын арқылы.

-Көзді қалай сақтау керек?

Кітапты жатып оқыма,көзге үшкір заттарды жақындатпа.\

-Тәтті,ащы тағамдарды ата?

-Табиғат құбылыстарына не жатады?

-Балалар өте жақсы қатыстыңдар,сендерге сыйлығым бар.

Жаңа сабақ

«Ойлан тап» ойынын ойнату.

Жұмбақтар жасыру.

Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта –ақ. ( бұршақ)

Қанттай аппақ.

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қашады. (қар)

Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ желеді.

Аузы жоқ желиді.

Аузы жоқ ұлиды. (боран)

Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.(найзағай)

-Балалар бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Ауа райы»

Бұлттылық

Ауа-райы жауын- шашын

жел

Ауа температурасы



-Батыс қазақстан бойынша ауа- райы болжамын тыңдаңыздар.

Ауа –райы болжамдарын метеоралогиялық станцияда мамандар дайындап отырады.

-Ауа температурасы «термометрмен і» өлшенеді.Термометермен таныстыру.

Бөлме ішін,даланың термометрмен, дене қызуын градусник пен өлшенеді.Термометрдің ішіне боялған сұйықтық құйылған түтікше орнатылған.Ол жоғары төмен жылжып отырып,ауаның температурасын көрсетеді.

Салқын мен жылының шекарасы термометрдің ішінде 0 градуспен белгіленген.Жылы болғанда түтікшедегі сұйық 0-ден жоғары көтеріледі.Егер салқын болса ,0- тан төмен түседі,

-Мына белгілер бойынша ауаның қалпын анықтайды.

Ашық Ала бұлтты Бұлтты жаңбыр қар

Сергіту сәті

Түн болды,

Таң атты.

Жел соқты,

Қатты ,қатты жел соқты .

Жаңбыр жауды тынышталды.

-Балалар енді сендер үнтаспадан Батыс Қазақстан бойынша ауа –райы мәліметтері мен таныс болыңыздар.

-Енді Аққурай ауылының ауа- райын анықтап дәптерлерімізге шартты белгілермен салып алайық.Балалар біздер сендермен ойын ойнаймыз.

«Ия» «Жоқ» ойыны.

-Мен сендерге бірнеше сөздер айтамын ,аталған сөздер табиғат құбылысына жататын болса «ия» жатпаса «жоқ» деп жауап бересіңдер.

Жел, алма,аяз, дәптер,сиыр, қар ,қалам,жаңбыр,терек,бұршақ , кітап,найзағай.

«Сен білесің бе » айдары.

-Бұрын ауа-райын бақылау орталығы болмаған .Ата бабаларымыз халықтық болжамдар айтқан.

-Қарға тұмсығын қанатының астына жасырса -Күн суытады.

-Мысық қабырғаны тырнаса ,ауа райы бұзылады,бұғып жатса аяз болады.

-Жұлдыз жиі болса,қыста суық ,жазда ашық ауа райы орнайды.

-Аспанда жұлдыз аз болса,ауа райы бұлыңғыр болады.



Сабақты бекіту

Семантикалық картамен жұмыс жүргізіледі.Мына табиға құбылыстыры қай жыл мезгілінде болады. Соған + белгісін қойып шығыңдар.



Атауы


Жаз

Күз

Қыс

Көктем

Жаңбыр

Қар


Бұршақ

Жел


Құйын

найзағай















Сабақты қорыту.

-Ауа райы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Термометрмен нені өлшейді?

-Градусникпен нені өлшейді?

-Табиғат құбылыстарына не жатады?

-Ауа райын анықтау анықтау шартты белгілерін ата?



«Бес жолды» өлең құрастыру

Не? Ауа райы

Қандай? Ашық

Не істейді? Жарқырайды ,жауады,соғады.

Түйін Жақсы ауа райы адамдарды қуантады.

Үйге тапсырма

Ұнаған жыл мезгілдерінің суретін салу.



-Оқушыларды бағалау,сыйлықтар беру.
Каталог: 2018
2018 -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
2018 -> Тақырып 1 Қортынды қаржылық есеп аудитінің ақпараттық жүйесі, мақсаты және тәсілдері
2018 -> Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет