Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсідік доңғалағы 2012» байқауы



жүктеу 72.38 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі72.38 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсідік доңғалағы- 2016» байқауы

Сабақтың мақсаттары:

  1. Оқушылар арасында жол жүру ережесін насихаттауға, белсене қатысуға және жол ережесін бұзуға ескерту жасау;

  2. Оқушыларға ЖЖЕ меңгерте отырып, ҚЖЕ сабағына деген қызығушылығын арттыру;

  3. Оқушыларды шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, алатаяқ, медициналық құралдар.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе

Сайысқа қатысатын барлық отрядтар сапқа тұрғызылып, сәлемдеседі.

ЖҚИ программасы:

1. Сапқа тұру

2. ЖЖЕ белгілері

3. Қауіпсіз дөңгелек

4. Жас жол реттеуші

5. Жас санитар

6. Үгіт бригада сайысы


Жас қыран

(марш)

Гимназия мектебі – жас қыран.

Инспектор болатын жас ұлан!

Жас қыран, жас қыран,

Жеңімпазы ауданның біз боламыз!

Ұстаздарынм талантты нық басқан,

Атағымыз айбынды қыр асқан!

Жас қыран, жас қыран,

Өлеңімді арнаймын жыр – дастан!
Астанадай жарқырап болсын,

Сапарымыз әрқашан оң болсын!

Жас қыран, жас қыран,

Көк туымдай желбіреп, бақ қонсын жол!


Ұран
Самғап ұшқан алысқа

Біз ертеңгі қырандар.

Қорған болар еліне

Жасасын жас ұландар!



ІІ. Негізгі бөлім.

Сайысқа отряд толығымен қатысады. Оқушылар маршпен ән айтып сахнаға шығады.




  1. Сәлемдесу әні

Көше толы қауіпке,

Жүріпсің сен көлікпен.

Сақтап жүрсең ереже,

Қалмайсың сен пәлеге!


Бағдаршамға көзің сал,

Абыржымай сабыр тап,

Үлкен кіші балаға

Бас көз болып, көңіл сал!


Жас ұландар сарбазым,

Құлақ салып тыңдадым.

Сақтап жүрсең ереже,

Қалмайсың сен пәлеге!

Шармен «40 жыл» деген жазу жазып, шарды аспанға ұшырады.


  1. Командир:

Арманаға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұралатын жас ұланбыз!


Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Ойынымыз басталсын сәлемменен!



Жас инспектор:

Әркім мұны біледі,

Туған күн міне келеді,

40 жылдық мерей той

Елімізге енеді.

Әрбір бала елімде

Жас инспектор болса егер,

Болмас еді жолдарда

Тәртіпсіздік біз көрер!
Жүргізуші:


  1. Армысыздар. Сіздер «Жас инспектор» телеарнасынан жаңалықтар тыңдап отырсыздар.

  2. Жас инспекторлар қозғалысы – 1973 ж 6 наурыздан бастап құрылды. Жас инспекторлар қозғалысы өзінің өзектілігін жоғалтпай бүгінгі күні бүкіл әлемде 300 000 жас инспектрлар - оқушылар есепке алынған.

  3. Хабарымызды жалғастырамыз

  4. Жас жол инспекторлар қозғалысына 10 жыл. Алғашқы жол белгілері пайда болды.

Хормен:

Дұрыс тоқтай қалғанда,

Қызыл жарық жанғанда.

Сары түсті жарықпен,

Жолды болжа, қамдан да.

Жасыл жанса – алға бас,

«Бұл қалай?» деп таңданба.

Қарияға көмек бер,

Кешеуілдеп қалғанда.

3.Жол белгілері: топпен би

Тайғақ жол
Жаяу жүргінш


Қауіпті бұрылыстар

Тыйым белгісі

.
Велосипед


Магистраль жолы

Ескерту белгі

Анықтама белгісі


Көрсеткіш белгісі

Хормен:

Қалың адам сабылған,

Көлікке жол табылған.

Қала – қазан қайнаған,

Құлақ тұнар дабырдан.

Бірақ одан жасқанып,

Кезіміз жоқ, жаңылған.

Отряд біздің Күршімде,

Үздік болып табылған.

Жүргізуші: Жас жол инспекторлар қозғалысына 20 жыл. Бағдаршам-.

Би «Бағдаршам»


  1. Бағдаршам:

Хормен:

Бас көшеде қырағы,

Үш көзі дәу тұрады.

Ұшса кезек үш көзің,

Айтты деп бір үш сөзін.

Қызыл:

Тоқта, сақтан, жол ашық,

Жүрме жолға таласып

Қызыл көзін ашқанда!



Сары:

Сабыр сақта,

Баспа алға,

Сары көзін ашқанда.



Жасыл:

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре берші, жасқанба!
Жүргізуші:


  1. Хабарымызды жалғастырамыз. Жас жол инспекторлар қозғалысына 30 жыл. Жол үстінде автокөлік қозғалыстары белсене артып, жол жүру қозғалысының ережелерін сақтамауда.

  2. Бүгінгі күнде Өскемен қаласында өтетін «Қауіпсіз дөңгелек»

атты кокурсына Күршім командасы аттануда.

  1. Көрініс «Күршім командасы жарысқа аттануда»



  1. Команда оқушылары жарысқа аттану үшін көлікке отырады.

  2. Машинаны жолға дайындайды.(сүртеді,тексереді)

  3. Бензин құйдыңба, техосмотрдан өттіңбе, права барма, аптечка барма?

  4. Ал, балалар, аттанайық, барлықтарын жол жүруге дайынсыңдар ма?

  5. Иа, дайынбыз. Көлікті от алдырайық.

  6. Көлік танбайды.

  7. Не болды? Көмектесіңдер!Қандай қауіпсіздік ережесін сақтамадық?

  8. Бізде аптечка жок екен

  9. Аптечканыда алдық

  10. Ал, жүрейік!

  11. Көлік тағы да тамбайды

  12. Не болды? Ережені кім бұзды?

  13. Қауіпсіздік белдігін тақпаппыз ғой (ремендерін тағып алады)

  14. Ал кетейік! Машинді тамыз! Жол ашық!

. Жүргізуші:

Жас жол инспекторлар қозғалысына 40 жыл.

Бүгінгі таңда әртүрлі жол апаттарынан құтқарып қалатын қазіргі заманға сай ЖОЛДОС көмекке асығады. Көрініс «Тратуардағы оқиға»


  1. Көрініс «Жолдос көмекке асығады»

Бір бала көше бойымен бағдаршамға қарамай жол ережесін бұзып, велосипед теуіп келе жатады. Сол кезде тратуарда бір апа немересімен серуендеп жүреді. Велосипедші бала өз жолымен жүрмей тратуар жолына түсіп, апанын коляскасын қағып кете жаздайды. Сол уақытта дер кезінде Жолдос көмекке келіп үлгереді. Баланы құтқарып алады.

Жолдостың сөзі:
Егерде сен жолға шықсаң досым менің
Ережені сақта жауапкершілікті сезін
Қиын жағдай егер келер болса саған
Дұрыс шешім тауып, болдырмайды қауіп.
Кез келген сауал қиын емес маған
Жолдос жолда әркез дос болар саған.

Жолдос көмекке асығады:
Сәлем достар! Сенің атың Жолдос. Жолдағы дос деген мағынаны білдіреді. Еліміздегі жолдағы қозғалыс өте қарқынды, сол себепті жолдағы адамдар қауіпсіздік ережені сақтауы абзал. Жол үстінде әртүрлі кауіпті жағдайлар болады. Мен дер кезінде келіп қауіпті жағдайдын алын алуға тырысып болысамын.
Анасының сөзі:
Көзіне қара, қарағым

Жазығы емес баланың

Төңкердің ғой арбасын

Тәй – т»й басқан баланың


Жолың әне шетінде

Көп сөйлеп сен көпірме

Қарамайтын белгіге

Ұятың жоқ бетінде


Сақшыға айтсам көресің

Айып ақша бересің

Зулап жүріп бір күні

Асып сасып өлесің.


Велосипедшінің сөзі:
Бәрін өзім білемін

Қалаған жерден жүремін

Қаш жолымнан адамдар

Мыжып өтіп күлемін.

Зулап өту сөз емес

Бойымда бар ерегес.

Рахмет саған Жолдос!!!!!!!!!
Сақтық тұрсын баcыңда

Еш укақытта асықпа, сен

Бәйге алмайсын, сен

Жігерінді жасытпа

Жыламасын аналар,

Абайлаңдар, балалар!

Жас ұлан өсе бер,

Сақ болыңдар көшеде!



Жүргізуші:

40 жылдық мерейтой аталынды бұл күнде,

Бар өнерді сарапқа салып едік Сіз, Біз де!

Кездессек келесі күндер өтсін шаттықпен,

Қуаныш пен шат күлкі айырылмасын әр жүзден!

Авторы:



  1. Көріністің авторы: Ғ.Қабақова,



Үгіт тобының жетекшісі: Ғ. Қабақова

Күршім ауылы

3 Күршім гимназиясы







2016

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет