Сабаќтыѕ таќырыбы: Ауыз ќуысында астыѕ ќорытылуы



жүктеу 65.69 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі65.69 Kb.
түріСабақ

Сулеймбекова Дурия Урнекбаевна

Жамбыл облысы,Талас ауданы,Қаратау қаласы,

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі




Сабақтың тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуы.

Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі,осы физиологиялық

процестегі ферменттердің ролі,тістің құрылысы мен тіл бөлімдері-

нің құрылысы мен қызметтері,ауыз қуысын күту ережелерін

түсіндіру.



Сабақтың тәрбиелілігі: Санитарлық-гигиеналық тәрбие беру,салауатты өмір салтын

қалыптастыру.



Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың талдау,синтез,салыстыру,қорытындылау,

ойлау қабілеттерін дамыту.



Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,сұхбат,танымдық зерттеу,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық суретті кестелері,активстудио флипчарт-

тары, тірек-сызбалар,крахмалданған дәке,иод ерітіндісі.


Сабақтың барысы:

1. Сыныпты ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау:

А) * Орнын тап *. Мүшелер жүйесін құрайтын мүшелердің орнын табу.

1. Эндокриндік мүшелер жүйесіне – тимус, эпифиз.

2. Жүйке мүшелер жүйесіне – жұлын,ми.

3. Сезім мүшелер жүйесіне – саусақ ұшы,тіл.

4. Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне – қаңқа,бұлшық ет.

5. Қан айналым мүшелер жүйесіне –жүрек,қан тамырлары.

6. Тыныс алу мүшелер жүйесіне – кеңсірік,көмей.
Ә) Ас қорыту дегеніміз не?

Б) Адам ағзасына қандай қоректік заттар қажет? Флипчарт -1,9-бет.

--- Электрондық оқулық арқылы тексеру. «Ас қорыту мүшелері».



В) Термин сөздер төркіні: Азық –түлік аты,ондағы қоректік заттар,термин сөздер.

1. Ферменттер 2. Авитаминоз 3. Гипервитаминоз.

4. Аппендикс 5. Аппендицит 6. Сфинктер.

Г) Ас қорыту мүшелер жүйесін құрайтын мүшелерді ата? Флипчарт 1,10-бет.

--- Муляжбен жұмыс.

--- Электрондық оқулықтан тексеру.

Д) Сандар сыры: Жартылай перде мен бағыттаушы стрелка арқылы.

Көмірсуларға деген тәуліктік қажетсіну – 400 – 500 г

Асқазанның сиымдылығы – 2-3 литр

Адамда ас қорыту жолының ұзындығы – 8-10 метр

Жұтқыншақтың ұзындығы – 11-13 см.

Аппендикстің ұзындығы – 8-15 см

Өңештің ұзындығы – 25 см

Аш ішектің ұзындығы - 5-7 метр

Бауырдың салмағы – 1500 г

Перде арқылы.

Ғ) Үй тапсырмасын қорыту: «иә»,«жоқ» конкурсы арқылы.

1. Ірімшік, сүт,май,ет – қоректік заттар - «жоқ»

2. Қоректік заттар организмде құрылыстық және энергетикалық қызмет атқарады. «иә»

3. Жұтқыншақ ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады. «иә»

4. Ас қорыту жүйесі ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездерінен тұрады. «иә»

5. Ас қорыту жолында өңештен кейін аш ішек орналасқан. «жоқ»

6. Ауыз қуысында тағам механикалық өңдеуге,зиянсыздануға және сілекей арқылы

шылануға ұшырайды. «иә»

7. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар. «жоқ»

8. Жұтқыншақта ас қорыту жолы тыныс алу жолымен бірігеді. «иә»


Жаңа сабақ : «Астың ауыз қуысында қорытылуы».
Ауыз қуысында тіс,тіл, 3 жұп сілекей бездері бар.Тіс тамақты ұсақтайды,тіл дәмі,сапасын

сезеді,айырады,сілекей тамақты шылайды.



  1. Тістің құрылысы...А) пішіні мен қызметіне қарай: күрек тіс,ит тіс. Кіші және үлкен азу тіс деп бөлінеді.

Ә) Тістің жалпы саны -32,жоғағы жақта – 16,төменгі жақта – 16,күрек тіс-8,ит тіс-4, кіші азу тіс-8,үлкен азу тіс-12.

Б) Тіс қаптамасы, мойыны,түбірі.

В) Эмаль,дентин,тістің ішкі қуысы-пульпа,қан тамыры.

Г) Сүт тістер-6 айдан бастап,тұрақты тістер-6-7 жастан бастап, ақыл тістер-20

жастан.
2.Тіл -дәм сезу мүшесі: Электрондық оқулық ,8-сынып, Модельдер – тілдің құрылысы.

Тілдің ұшы –тәттіні, арты-ащыны,бүйір жағындағы рецепторлар-қышқыл мен тұздыны

айырады.

3.Үш жұп сілекей бездері:шықшыт,тіл асты,жақ асты бездері.Бездерден таза сілекейді орыс ғалымы И.П.Павлов бөліп алды. Ол үшін итке фистула(жыланкөз) қою әдісі арқылы

операция жасап бөлінген сілекейді пробиркаға жинап алды.Осылай сілекей құрамы анықталды.


Перде арқылы (квадратный прожектор)
Сілекей құрамында:

Зертханалық жұмыс № 11

Тақырыбы: Cілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.

Мақсаты: Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.

Құрал-жабдықтар:крахмалданған құрғақ дәке,йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы,басына мақта оралған сіріңке.

Жұмыстың барысы:

Не байқадың?

Қорытынды


1.Крахмалданған дәкеге белгі салу үшін

сіріңкенің ұшына мақта орап,сілекеймен

шылаймыз да дәке ортасына белгі сала-

мыз.



Ауыз қуысына үш жұп сілекей безі бар.Олар шықшыт,жақасты,тіл асты бездері.Сілекей бездері сыртқы секреция бездеріне жатады,себебі олардың өзегі болады,өзек арқылы сілекей ауыз қуысына бөлінеді.Сілекей құрамында 90-92 су,сілекейді жабысқақ ететін муцин мен бактерияларды жоятын лизоцим нәруыздары мен амилаза және мальтаза ферменттері болады.


  1. Дәкені бүктеп алақанымызда 2-3 минут ұстап тұрамыз.

Себебі белгілі бір температурада ферменттердің белсенділігі артады.

Алақанның жылуы реакцияның жүруін жылдамдатады.




  1. Алақанда ұстаған дәкені йод ерітіндісіне саламыз,сол кезде дәке көгереді,ал белгі боялмай қалады.




Себебі сілекей құрамындағы амилаза ферменті күрделі көмірсу крахмалды ыдыратып жібереді.


Жалпы қорытынды:


Оқушы ізденісі:

1.Тіс аурулары:

А) Кариес – микроорганизмдердің әсерінен дентиннің бұзылуы.

Ә) Пульпит – микробтардың енуінен тіс ортасының қабынуы.

Б) Периодонтит – тіс түбірінің зақымданып қабынуы.

В) Парадонт – тіс айналасындағы ұлпалардың қабынуы.


  • 2. * Сау тіс *дәрігерінің кеңестері,барлығы 10 кеңес.

  • Жаңа термин сөздер:

  • 1. Эмаль –тіс сыртындағы өте тығыз қабат.

  • 2. Дентин – тістің тығыз заты.

  • 3. Пульпа – тістің борпылдақ ұлпаға толы қуысы.

  • 4. Фистула – жыланкөз

  • 5. Муцин – сілекей құрамындағы нәруыз,сілекейді шылайды.

  • 6. Лизоцим – нәруыз,бактерияларды жояды.

  • 7. Амилаза – фермент,крахмалды ыдыратады.

  • 8. Мальтаза – фермент,дисахаридтерді ыдыратады.

  • 9. Кариес,пульпит,периодонтит,парадонт – тіс аурулары.



6. Семантикалық карта арқылы сабақты қорыту

Тіс-

тер


Бір

Түб.


Екі

түб.


Үш

Түб.


Тілдің

қызметі



Тәтті

Ащы

Тұзды

Қыш-қыл

Сілекей

құрамы


Нәр-

уыз


Фер-

мент


Күрек

+







Ұшы

+










Муцин

+




Кіші

азу





+




Түбі




+







Амилаза



+

Ит тіс

+






















Лизоцим

+




Үлкен

азу(ж)








+

Алд.

2 жаны








+



Мальтаза




+

Кіші азу(т)




+




Арт.

2 жаны










+











7.Білімді бағалау

8.Үйге тапсырма.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет