Щучинскіде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 10 ақпанда жанармай құю бекетінде жедел жәрдем көлігіне жанармай құйып жатқан кезде болған.

"Екінші көліктің жүргізушісі көлігін тұраққа дұрыс қоймай, жол бергісі келмеді. Ал жедел жәрдем бригадасы науқасқа асығып бара жатқан", — делінген тараған ақпаратта.

Көп ұзамай Ақмола облысының полициясы шабуыл жасаған азаматтың ұсталғанын мәлімдеді.

  • "Алла разылығы үшін кешіріңіздер": Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев видеоүндеу жолдады
  • "Соттатып пайда таппаймын": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі өзін ұрған азаматты кешіретінін айтты

“Ақмола облысының полиция департаменті Щучинскідегі жанар-жағармай құю бекетінде жедел жәрдем жүргізушісіне дене жарақатын салған ер адамды анықтады. Сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді полиция.

Еске салайық, 27 қаңтарда Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін ұрған еді. Оқиғаның видеосы желіде тарап кеткен.

Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, мұрны сынған, кеуде мен беттің жұмсақ тіндеріне зақым келген. Жүргізушінің айтуынша, ер адамға жедел жәрдем көлігін тұраққа қойғаны ұнамай қалған. 

Күдікті Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланып, ол 1 ақпанда Қарағандыдан 200 шақырым жердегі қыстауда ұсталды. Ол үш жылға дейін сотталуы мүмкін. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.