Ресейдің Амур облысындағы кеніште тау жыныстары құлады. Үйінді астында 13 адамға дейін болуы мүмкін. Ресей төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: fishki.net

Шахтада қалған адамдарды іздеу үшін сол жерге тау-кен құтқарушылары жіберілді.

Ресей федерациясының төтенше жағдайлар министрлігі тау жыныстарының құлауы Зейс муниципалды округінде жерасты жұмыстары учаскесінде болғанын нақтылады.

Кәсіпорын хабарлауынша, қазір желдету жолымен құтқарушылар тобы жіберілді, олар байланысты қалпына келтіріп жатыр. Сондай-ақ көлікке арналған орынды механикамен тазарту жүргізіледі.

"Шахтаның құлау фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру жүргізіледі", – деп хабарлады тергеу комитеті.

Бұған дейін Павлодар облысындағы "Майқайың-алтын" АҚ жерасты шахтасының аумағында топырақтың опырылуы салдарынан Майқайың ауылындағы тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрғанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.