Сабақтың тақырыбы: Қазақ күрес. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері Мақсаты: Ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу



жүктеу 28.28 Kb.
Дата22.10.2017
өлшемі28.28 Kb.
түріСабақ

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Қазақ күрес. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері

Мақсаты: Ұлттық күрес әдістеріне оқушыларды баулу.

Ұлттық ойындарға оқушылардың

сүйіспеншілігін ояту, үйрету.

1. Білімділік: Күресу, жығу әдісін үйрету.

2. Тәрбиелік: Қарсыласын сыйлау, адамгершілік қасиетін

тәрбиелеу.



3. Дамытушылық: Күрес тәсілдерін дамыту, жетілдіру.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар күрес тәсілі ережесін үйренеді, ұлттық

спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттырады.



Уақыты: 45 минут

Сабақтың типі: Оқу үйрену сабағы

Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау

С/ методикалық жабдықталуы: Ысқырық, күрес киімі, төсеніш (маты, матырас)

Сабақтың жобасы:

I. Дайындық бөлімі

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Жүру, жүгіру жаттығулары

3. Арнайы жаттығулар орындау.


II. Негізгі бөлім

  1. Техникалық қауіпсіздендіру жаттығулары.

  2. Қазақ күресінің әдіс-тәсілдері.

3. Қайталау жаттығулары.
III. Қорытынды бөлімі

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:




С/б

Сабақтың мазмұны

уақыт

Ұ.Ә.Н.

1

2

3

4



I.

1. Сапқа тұрғызу. Рапорт. Сәлемдесу. Сабақтың мақсат міндетімен таныстыру.

2. Жүру: аяқ ұшымен және өкшесімен, аяқтың сыртқы және ішкі қырымен , аяқтың өкшесінен ұшына көтеріліп

жүру.

15


Оқушылардың спорт формасына, психологиялық атмосферасына көңіл бөлу.
Жаттығулардың дұрыс орындалуына көңіл бөлу.




Жүгіру:

жеңіл жүгіру, тізені көтеріп жүгіру,өкшені санға тигізіп жүгіру,аяқты қайшылай жүгіру,тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру,аяқты артқа тастап бір аяқта секіру,аяқты екі жаққа серпе лақтыра жүгіру,бұрыштан бұрышқа тез жүгіру, бірін-бірі арқалап жүгіру, жай жүру.


3. Әртүрлі жаттығулар.

Мойын,иық,бел,тізе,өкше,буындарын қыздыру.

Балуандардың арнайы жаттығулары:көпірге тұру,көпірден айналып түсу,алға,артқа домалау,құлау әдістері.





Сабақ барысында қателерді ескертіп түзетіп отыру.

ІІ.

Негізгі бөлім:

а)Әдісті қолданушы қарсыласының оң жеңінен ұстап, оң қолмен белбеуден ұстап,жамбас әдісін қолданып құлату

б)Жеңнен омыраудан ұстап иықтан асыра тастау.

в)Желкеден жеңнен ұстап қырқа әдісін қолданып құлату.

г)Жеңнен,жағадан ұстап шалу әдісін қолданып құлату

д)Жаға,жеңнен ұстап іштен шалып құлату әдісін қолдану

Жұптасып осы көрсетілген әдіс-тәсілдерді күресіп жүрген кезде қолданып көрсетуге машықтану


25


Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау.

Жаттығу кезінде жығу техникаларының дұрыс орындалуын бақылау.



ІІІ.

1. Оқушыларды бағалау.

2. Үйге тарсырма.

5

Оқушылардың жетістіктерін, кемшіліктерін ескере отырып бағалау.
Алға, артқа домалау, көпірге тұру.

Каталог: uploads -> doc -> 0cf0
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0cf0 -> Сабақтың тақырыбы : «Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет