Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар. Қысқарған сөздер



жүктеу 58.61 Kb.
Дата20.01.2019
өлшемі58.61 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар.

Қысқарған сөздер.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың қазақ тілін зерттеген ғалымдар туралы білімдерін қорытындылай отырып, құрмалас сөйлем туралы білімдерін, түсініктерін бекіту.

Дамытушылық: грамматикалық сөздік қорын дамыту, өз бетінше орындауға үйрету, берілген тапсырмаларды жүйелі орындауды қадағалау.

Тәрбиелік: Қазақ тілін құрметтеп, сүюге, ғылым жолына түсуге талпыныс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың өту формалары: Жекелей, жалпы сынып бойынша.
Сабақтың әдістері: ынталандыру ( білімге ,жағдай тудыру, сендіру, талап қою), іздену, оқу танымдық әрекеттерді ұйымдастыру ( сөз өрнегі, өздігінен оқушыларды жұмыс істету)

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте «Құрмалас сөйлем» Қазақ тілін зерттеген ғалымдардың суреттері, еңбектері.

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу, балаларды түгендеу.

  • Үй жұмысын тексеру, бағалау.






Ғалымның ата – жөні

Өмір сүрген жылдары

Шығармашылық еңбектері

1

Василии Васильевич Радлов

Белгілі түрколог, шығысты зерттеуші ғалым



1837 - 1918

Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері ( 11 томдық )

Түрік тілінің сөздігі ( 4 томдық )

Сібір, Алтай, Қырым,Түркістан халықтарының әдеби мұраларын жинаған.


2

Василий Владимирович

Бартольд


Академик, шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. Белгілі тарихшы.

1869 - 1930

Шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі. « Жетісу тарихының шежіресі » еңбегін жазған. Орталық Азия мен орта Азия тарихын зерттеген.

3

Нығмет Тінәліұлы Сауранбаев

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі түколог, филалогия ғылымының докторы, профессор



1910 - 1958

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі. Жоғарғы оқу орындарында сабақ берді. Оқулықтар жазды. Олар «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың ролі», «Қазақ тілінің жасалуы», «Қазіргі қазақ тілінде диалектілер», «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы».

4

Ғұбайдолла Айдаров

Ғалым, филология ғылымының докторы



1921 ж туған

250-ден астам еңбегі бар. Олар түркі жазба ескерткіштеріне арналған. Жоғары оқу орында сабақ береді. Оқулықтар жазды. 10 монография мен оқулық көне түркі ескерткіштерінің тілінің қазіргі қазақ тіліне жақындығын зерттеп, дәлелдеген.




  • Тәрбиеліден – тәлім, ғалымнан – ғибрат

Аникина Анна – В.В. Радлов туралы мағлұмат

Сапиев Мұрат – В.В. Бартольд туралы мағлұмат

Безянова Анастасия – Н.Т. Сауранбаев туралы мағлұмат

Мұхамбетов Ерлан - Ғ. Айдаров туралы мағлұмат




  • Кестемен жұмыс

- Құрмалас сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз ?

- Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше түрі бар ?


Құрмалас сөйлем

/ | \


салалас сабақтас аралас


  • Мәтінмен жұмыс ( ой – қозғау, оқушылардың пікірін тыңдау )

Жер бетіне сары ала жапырақтарын төгіп, қоңыр күзде келіп жетті. Тамыздан кейін сыңғырлаған қоңырауын соғып, балаларды оқу-білімге шақырып, қыркүйек есікті қақты. Қыркүйек – бұл молшылықтың айы, береке бастауы. Бұл айда жаз бойы тыныштық құшағында тербеліп жатқан дала гүрілдеген мотор даусынан оянып, еңбек әуеніне бөленеді. Қыркүйекте дала төсін ән тербейді. Ол астық әні.

  • Сөздікпен жұмыс (берілген сөздерден сөз тікестерін құрастыру)

Зерттеуші – исследователь

Негізін салушы – основоположник

Көрнекті өкілі – видный представитель

Мұра – наследие

Жетекшілік етті – руководил

Ғылыми – зерттеу – научное исследование

Саяси - әлеуметтік – социально – политическое

Зерттеуші ғалым, шығыстану ғылымы, түркі тілінің негізін салушы, Түркологияның көрнекті өкілі, үлкен мұра қалдырды, жұмысына жетекшілік етті, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді, саяси - әлеуметтік мәселелер.



  • Сөйлемге синтаксистік талдау жасау

1884 Ресей Ғылым академиясына мүшелікке сайланды да, түркі тілдерінің аса көрнекті маманы, білімпазы атанды.

Бартольд – ірі ғалым, ол шығыс халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеген.

1932 жылдан бастап ол жоғарғы оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми – зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

Ғалым Ғ. Айдаров 250 – ден астам еңбектерін жазып, оны түркі жазба ескерткіштеріне арнаған.




  • Фонетикалық талдау: түркі, ғалым, сабақ, еңбек.

Түрік 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.

Т – дауыссыз, қатаң

Ү – дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік

Р – дауыссыз, үнді

І – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік

К – дауыссыз, қатаң


Ғалым – 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.

Ғ – дауыссыз, ұяң

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік

М – дауыссыз, үнді


Сабақ - 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.

С – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

Б – дауыссыз, ұяң

А - дауысты, жуан, ашық, езулік

Қ – дауыссыз қатаң


Еңбек - 5ә, 5д, 2б, а.б, б.б.

Е – дауысты, жіңішке,ашық, езулік

Ң – дауыссыз, үнді

Б - дауыссыз, ұяң

Е - дауысты, жіңішке,ашық, езулік

К - дауыссыз, қатаң



Тест сұрақтарына жауап беру

  1. Сызбаны толықтырындар

Құрмалас сөйлем

/ | \


? ? ?


  1. Н. Сауранбаев нешінші жастан бастап жоғарғы оқу орындарында сабақ берген ?

А) 1938 Ә) 1932 Б) 1928


  1. « Қазақ тілінің жасалуы туралы » дейтін еңбектің авторы кім ?

А) В.В. Бартольд Ә) Ғ. Айдаров Б) Н. Сауранбаев
4. Сөйлемді дұрыс құраңдар

1 2 3 4


Бар, еңбегі 250 – ден астам Ғ. Айдаровтың


  1. В.В. Радлов нешінші жылы туған ?

А) 1837 Ә) 1840 Б) 1910


  1. Он бір томдық « Түркі тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері » еңбегінің авторы.

А) В.В. Бартольд Ә) Н. Сауранбаев Б) В.В. Радлов
7. В.В. Бартольд қай жердің тарихын зерттеген ?

А) Алтай Ә) Орталық Азия мен Орта Азия Б) Қырым




  1. Н. Т. Сауранбаев кім ?

А) Шығысты зерттеуші ғалым

Ә) Әйгілі тарихшы академик

Б) Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор


  1. 250 – ден астам ғылыми – зерттеу еңбек жазған ғалым ?

А) Ғ. Айдаров Ә) Н.Т. Сауранбаев Б) В.В. Радлов


  1. Мақал – мәтелдің жалғасын тап

Ғылым - …, білім - …,


    • Қорыту сәті ( мұғалімнің сөзі )

Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, ажарлауға, әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді. Осы жолда ол өзінің ойын, күшін, қуатын сары етеді де, өмірді өз тағынан құлатпайды. Дүниеде нені арман етсең де, іздемей қолыңа түспейді. Керегіңді іздеу жолында жалықпа да тарықпа. Сондықтан да балалар келешекте азамат, азаматша болып, өмірдегі қоғамда өз орныңды табуға талпын. Жетістіктерге жет, жас ұрпақ.

    • Бағалау

    • Үйге тапсырма: « Қазақ тілін зерттеген ғалымдар » ой толғау жазу.

Батыс Қазакстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный 1 ОЖББМ

Қазак тілі мен әдебиеті орыс мектебінде мұғалімі

Муканова Гулсайра Нурмахамбетовна

9б сыныбы



http://depositfiles.com/files/d0zzqvg3e

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет