Сабақтың тақырыбы: «Қазантаста»



жүктеу 51.82 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі51.82 Kb.
түріСабақ

Пән : Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Қазантаста»

Сынып: 4

Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі әдеби кейіпкердің бейнесі туралы тарихи мағлұматтар беру арқылы оқушылардың білуге қызығушылығын арттыру.

1.Шаттық шеңбері.

Қонақтармен әр түрлі мемлекеттердің амандасу түрлерін көрсетейік.

Қазақтар қол алысады.

Италияда-құшақтасады

Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады

Зимбабада-арқасымен

Македонияда-шынтақпен

Никарагуада-иықпен

Австралияда-шапалақпен

Жақсы. Енді топқа бөлінеміз. Кәусар бұлақ, Жарық жұлдыздар, Асыл арналар, Мәуелі бақ

Балалар, топта жақсы қарым-қатынас болу үшін бізге не керек? -Ереже

Алтын ережеге назар аударамыз. Топтағы барлық баланың еңбегі,барлығын топпен бірлесіп жазасыңдар, сендер бір жанұясыңдар, бірің-білмегенді –бірің үйретіп, түсіндіріп айтып, тату , дос болыңдар.

Енді әр топ өз міндеттеріңді анықтап алыңдар. Бағалау парағын белгілейсіңдер. Қай топ дайын топ басшылары белгіні көрсетеді.

Жақсы, енді KWL- кестесіне назар аударамыз.

Know Want to know Learned

Не білемін Не білгім келеді Не білдік

Әр топ өз топтарының аты туралы не біледі? ) қысқаша жазу.

Білгім келеді-бүгінгі сабақта қызықтыратын сұрақтар жазу.

Енді балалар сендердің араларында мәуелі бақ деген топ , не үшін мен осы топтың атын солай қойдым деп ойлайсыңдар?



«Дұрыс» немесе «Қате» тұжырымдамасы атты ойын ойнамыз. Иә не жоқ деп жауап бересіңдер

Әр топқа 10 сұрақ беріледі.

1.Толағай жолбарысты таяқ құрлы көрмей дөңгелетті. Иә

2.Толағайдың әкесінің аты-Санжар-2 жоқ

3. «Бәбісек», атша көкек –бұл торғай . жоқ

4. Қобыландының қарындасының аты-Қарлығаш Иә

5. Қобыландының аты-Тарлан жоқ

6.Ер Тарғынның аты-Тайбурыл Жоқ

7. Басқан жері сықырлап келіп қалды. Авторы : Ы.Алтынсарин. жоқ

8.Бәйке мен Бикенің қорғаған қаласы- Гүрқала иә

9.Қонтайшы-жоңғар билеушісі Иә

10. Қалмақтар қиратқан қаланың орны –Егізқара жоқ

Критерий арқылы бағалау. Тексеру , топтар алмасады.

0 қате- «5»

1-2 қате- «4»

3-4 қате-«3»

5 қате-«2»

Жақсы. Топ басшылары бағалау қағазын толтыруды ұмытпаймыз.

Енді қалған топтың аттарына назар аударайық.

Үй тапсырмасы: Қазағым менің. Әр топтан оқушы оқиды. Бағалау. Қазақ халқына тән қасиеттер. «Бөлініп қалған қазақты

Кімдер де кімдер шаппаған?» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

Өлең шумағын мағынасына қарай толықтырып жаз.

Туған ...-тағдырым,

... кетсем, сағындым.

Сен... жүректе

Таусылмайтын ән-... .

Туған жер туралы мақал-мәтелдер жаттап келу.

Бағалау. «Бағдаршам» арқылы

Презентация

-Суреттегі тасқа жазылған жазулар, таңбалы тастар сендерді қызықтыра ма? Ал олар қалай сөйлейтіні туралы қызық аңыз оқығыларың келе ме? Олай болса «Қазантаста» мәтіні не туралы болуы мүмкін? Слайд көрсету



  1. «Осы тас мүсін» деп басталатын сөйлемге дейін оқып, мазмұнын білу.

  2. «.... осылай жатып өлемін» сөйлеммен аяқтау.

  3. «Сол жатқаннан тырп етпейді.

Әр оқушы сол мәтіннің бөлігінің авторы деп есептеледі. 1-оқушы шығып, мазмұнынын әңгімелейді.Қалған оқушылар оған сұрақтарын қояды.«Авторға» сұрақтар қою.

-Мәтіндегі басты кейіпкер кім?

-Осы мәтінге ұқсас әңгіме оқыдыңдар ма?



«Шығармалар» кестесі.

Бағалау: Скан арқылы бағалау

Сонымен кестеге назар аударамыз. Бүгін сабақта не білдік?

«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы

орта білім беретін мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Кайсанова Санияш Наурызбаевна

Пән: сауат ашу

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: « Ж дыбысы мен әрпі»

Оқу мақсаты: 1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау

1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шеңберге тұру. Балалар біз «Табиғатқа саяхат» деген бөлімді өтіп жатырмыз.Қазір саяхатқа шығу үшін өзімізгі ыңғайлы әрі ғажап көрінетіндей не кисем екен? Қанеки қолымызды созып, шкафтың есігін ашып, ішінде жатқан киімдерді қарап шығайық.Киіп алдық.Айнаға қарайық. Өте әдемі.Енді бас киімді таңдап алайық.Жоғары сөрелерді қарайық.Таба алмай жатырмыз. Шакфтың үстін қарап шығайық.Мүмкін шкафтың артына түсіп кеткен шығар.Қанеки бәріміз шкафты сәл қозғалтайық. Ура, қалпақ табылды, Енді саяхатқа шығуға болады. Ол үшін балалар топқа бөліну керекпіз. Әйтпесе бір көлікке бәріміз сыймаймыз.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? Жақсы, қыста табиғатта не болады? Қар ,боран ,аяз ,қырау . Топ басшысын сайлап алайық. Жақсы енді қайда баратынымызды білу үшін бейнеүзікке назар аударайық.

Орманға барамыз. Орманға бару үшін дайындығымызды көріп алайық. Ол үшін қаншалықты дауысты дауыссыз дыбыстарды ажырата алады екенбіз , алдарында сигналды карточкалар жатыр. Мен дыбыстарды көрсетіп тұрамын, кім қате айтады, ойыннан шығады. Өте жақсы. Әр топтан қанша оқушы қалды, санап, бағалаймыз.

Жақсы енді орманға тақап қалдық, алдымыздан тиін шығып тұр. Тиіннің жаңғақтары шашылып қапты, көмектесейік пе, алдарында конверт жатыр, сонда сөздер берілген. Қазір сол сөздерді буынға бөліп оқимыз. 1 топ бастап оқиды. Бағдаршам арқылы бағалаймыз.

Міне орманға да келіп жеттік.Қандай таза ауа! Кане бәріміз демалайықшы. Қардың астындағы қоянды қараңдаршы. Тамағын тауып жей алмай жүр. Қоян нені жақсы көреді? Қоянға көмектесу үшін топпен жұмыс жасаймыз. Конвертті ашыңдар. Мәтіндермен танысқан болатынбыз. Сол мәтіндерді еске түсіріп, мазмұндаймыз.

Смайликтер арқылы бағалаймыз.

Біраз шаршадық па, орман іші суықтау екен, көз алдымызға жазды елестетіп жылынып алайық па?



Сергіту сәті.

Ары қарай орманның ішіне барайықшы, құстарды қараңдаршы қандай сезімдесіңдер? Балалар құстарға қалай қамқорлық жасауға болады? Ол біздің қолымыздан келмей ме?

Қанеки жемсалғыш жасап, жем берейікші.

Енді балалар орман ішінде аққала жасап біраз ойнайық. Аққала жасау үшін мынадай тапсырма-

Екі екіден жұп боламыз. Жұдырық ойыны. Қалыптастырушы бағалау.

Қонжықтың саяхаты

Қонжық орманды аралап келе жатып, ағаштың басындағы араның ұясын көрді. Оның бал жегісі келді. Қонжық ағашқа өрмелеп шығып, ұяға қолын салды. Ұядан шыққан аралар оны шаға бастағанда, қонжық жерге құлап түсті. Ол қорыққанынан қаша жөнелді.

Әр топтан оқушылар келіп аққала құрастырады.

Сабақты бекіту. «Қарлы кесек» ойыны

«Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы

орта білім беретін мектеп» КММ

бастауыш сынып мұғалімі



Кайсанова Санияш Наурызбаевна

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет